Ең біріншіден бұл компоненттердің логикалық қаралуын мынадай дәйектермен белгілейміз: субъекттер өздерінің маңыздылығына қарамай, олар белгілі бір шамада объекттерден туындайды. Шынымен де, әлеуметтік жұмыс объектілері белгілі бір қоғамда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен объективті түрде туныдайды және қалыптасады: субъектілер объективті жағдайлар әсерінен туындағанымен де, олар саяси және басқа да әлеуметтік институттармен қалыптасады, яғни қондырма болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста объект пен субъектті түсіну үшін маңызды үш кезеңді белгілейміз: олардың айырмашылығы; органикалық өзара әрекеті, байланысы; олардың орын ауыстыруына мүмкінділігі.
Объектіні субъектіге, оның тәжірибелік және танымдылық қызметіне қарсы тұрады деп түсіндіруге болады. Ол жай ғана объективті шындықтарға ұқсас болып қана қоймайды – сонымен қатар субъектпен өзара әрекет ететін бөлігі болып табылады.
Кең мағынада әлеуметтік жұмыс объектісі болып барлық адамдар табылады. Бұл барлық халық топтары мен қабаттарының өміртіршілігінің белгілі бір шамада қоғам дамуының деңгейінің әлеуметтік сала жағдайының, әлеуметтік саясат мазмұны және оның жүзеге асу мүмкіндігінің алдын ала анықталу бағыныштылығымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар кез келген Адам, кез келген уақытта, өзінің өмір сүру кезеңінде өзінің қажеттіліктері мен мүдделерінің толықтай қанағаттануын қажет ететіндігін ескеру керек.
Сонымен қоса әрбір тіршілік саласында олар теңдей қанағаттанбауы мүмкін: бай Адам стрестік жағдайымен байланыссыз тыныш ахуалда, денсаулығын сақтауды және нығайтуды қажет етеді; ал дені сау Адам өзінің түрлі идеяларын іске асыруға мүмкіндігі жоқ кедей болуы мүмкін; кез келген жанұяда ата-аналар арасында немесе бала мен ата-ана арасында келіспеушіліктер болады (бұндай әрекет әсіресе қоғамның кризистік жағдайында байқалады),- яғни, әрбір Адам қандай жағдай болмасын қолдауды, көмекті, қорғауды қажет етеді.
Халық әртүрлі негізде құрылған және одан, өздерінің әлеуметтік және басқада мәселелерінің кейбіреулерін ғана шеше алатын немесе мүлдем шеше алмайтын қиын өмір жағдайындағы адамдар, топтар бөлінеді. Сондықтан, әлеуметтік жұмысты тар мағынада қарастыра отырып біз объект дегенде, дәл осы топтар, халық қабаттары, олардың жеке уәкілдері, индивидтер екенін түсінеміз.
Бұндай объекттер жеткілікті. Олардың басымдылығын есепке ала отырып жіктеп көрейік:
өмір қиындықтарын өз бетіңше жеңуге мүмкіндік бермейтін денсаулық жағдайы.
Бұл келесідей халық топтары: мүгедектер, радияциялық әсерге шалдыққан адамдар, мүгедек-балалары бар отбасылар, психологиялық қиындықтағы, психологиялық стрестегі, суицидті іс-әрекетке бейім балалар мен ересек адамдар;
жедел (экстрималды) әлеуметтік жағдайдағы қызмет және еңбек.
Бұл топқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткендер, соғыс кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің аналары және жұбайлары жатады;
адамдардың егде, зейнеткерлік жасы, белгілі бір жағдайларға байланысты қиын тұрмыс жағдайындағылар, — олар жалғыз басты қарт адамдар, және зейнеткерлерден құралған отбасылар (жасына, мүгедектігіне және басқада негіздерге байланысты).
девианттық мінез-құлықтың әр түрлі формада көрінуі
Бұл санатқа девианттық мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдер; зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар; денсаулығы мен дамуына қауіп төнетін жағдайға душар болғандар; арнайы оқыту және түзеу мекемелерінде бас бостндығынан айыру орындарында болған адамдар; алкаголь ішімдіктерін, наша қолданатын отбасы мүшелері жатады;
әр түрлі санаттағы отбасылардың бейберекет қиын жағдайы
Бұл халық тобына бала асырап алушы отбасыларды және асыраушысынан айырылған балаларды; төмен деңгейлі табысы бар отбасыларды; жас отбасыларды; ата-аналары кәмелетке толмаған отбасыларды; ажырасушы отбасыларды; ата-анасы үнемі конфликтті қарым-қатынаста болатын отбасыларды жатқызуға болады;
балалардың ерекше жағдайы (жетімдік, кезбелік және т.б.)
Бұл негізде келесі топтарға бөлінеді: бала үйлері мен мектеп- интернаттарының түлектері (олардың материалдық тәуелсіздікке дейін); жетім қалған немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар; бақылаусыз қалған балалар мен жасөспірімдер;
кезбелік, баспанасыздық
Бұл топқа тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар, тіркелген қашқындар, амалсыздан жер аударушылар;
босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі жағдай
Бұл жүкті және емізулі, сонымен қатар бала күтуіне байланысты демалыстағы әйелдер тобы;
саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және соңынан ақталған адамдардың құқықтық (сонымен қатар әлеуметтік) жағдайы
Ұсынылған топ бөліктері тек қана жалғыз бұл емес. Көрсетілген топтарды нақты түрде дифференциалдауға категорияларға бөлуге болады.
Бөгде адамдардың көмегін қажетететін адамдар әлеуметтік жұмыс объектісі болады.Олар: қарттар; зейнеткерлер; мүгедектер; ауыр хальдегілер; балалар; қиын өмірлік жағдайға душар болған адамдар; жағымсыз ортаға тап болған жасөспірімдер, маскүнемдер, нашақорлар, жыл сайын өзін-өзі өлтіретіндер, жұмыссыздар, жезөкшелер және т.б.
Мұндай адамдар тобы Қазақстанда ондаған миллионға жуық. Бұл ондаған миллион адамдардың әрқайсысы- қайталанбас ақылға, психикаға, күрделі өмірбаянға ие жеке тұлғалар. Бұлардың барлығы әлеуметтік қызметкерден адамның жан дүниесін теркең түсіне білуді, жанашырлық танытуды, жан-жақты болуды, үлкен шыдамдылықпен ынталылықты талап етеді.
Әлеуметтік жұмыстың бірден-бір маңызды және басты объектілерінің бірі– отбасы, жалғыз басты аналар отбасы, мүгедек балалары бар отбасылары. Сол сияқты ата-аналары мүгедек отбасылар. Әдетте, қиын материалдық жағдайда әсіресе кішкентай балалары бар (3 жасқа дейінгі) отбасылар. Осы отбасыларына қосымша мемлекет қамқорлығында босқындар мен көшуге мәжбүр болған отбасылары бар. Тағы бір көмек қажет ететін отбасы категориясы — ол кәмелетке толмаған балалары бар жұмыссыздар отбасы. Тағы бір отбасылар – ол маскүнемдер, нашақорлар мен тәртіп бұзушылар т.б. Әлеуметтік жұмыс осы отбасыларының проблемасын шешуге ғана емес, оларды нығайту, дамыту, отбасының ішкі потенциалын, әлеуметтік-экономикалық демографиялық жағдайын тұрақтандыру. Қаладағы қаңғыбастар мен үйсіздер бұл адамзаттың тіршілік ету аралығындағы құбылыс. Бірақ бұл құбылыс, әсіресе әлеуметтік күйзелістер кезеңінде және табиғи апаттар, атап айтсақ: соғыс, аштық, су тасқыны, жер сілкіну, дағдарыс процестері түрлі елдерде кеңінен кездеседі. Ол дамыған, сондай-ақ нашар дамыған елдерге тән. Қазіргі жағдайда көптеген елдерде қаңғыбастық пен үйсіздер проблемасын қиындататын жалпы принциптерге қоса принциптер сипаттамасы:
— тұрғын үй мен арзан тұрғын үйдің жетіспеушілігі;
— жұмыссыздыққа байланысты тұрғын үйге төлейтін қаржының жоқтығы;
— кейбір азаматтар мен көптеген отбасының табасының аздығы;
— қоғамның әлеуметтік саулығы (маскүнемдік, нашақорлылық т.б.);
— отбасындағы қарым-қатынастың іске асыруда мүмкіндіктердің нашарлығы, аз қамтылған отбасыларына, топтарға материалдық және басқа көмектер көрсетуге бағдарына, топтарға материалдық және басқа көмектер көрсетуге бағыттау.
Үйсіздер тобын түрмеден шыққандар толдыруда, ата-аналарынан қашқан балалар, мүгедектер, нашақорлар, маскүнемдер, босқындар, басқа елдерден қайтқан әскери қызметкерлер. Үйсіздердің көпшілігі жалғыз басты ер адамдар. Үйсіздердің түрлі проблемаларын шешуде арнайы мекемелерде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер үлкен рөл атқарады., мысалы: баспаналар, әлеуметтік сауықтару орталығы, балалар үйлері және т.б. Мысалы үшін, Қазақстан Республикасы үкіметінің №408 2000 жылы 16 наурыздағы қаулысы. Белгілі тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімделу орталығын құру, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің №99 2000 жылдың 25 сәуіріндегі «Әлеуметтік бейімделу орталықтарының жұмыс ережесін бекіту» туралы.
Субъект – бұл тәжірибелік қызметті, біліктілікті,танымды жеткізуші, объектке бағытталған белсенділіктің қайнар көзі.
Мұқтаж адамдарға көрсетілетін барлық қызмет түрлерін әлеуметтік жұмыс субъектісіорындайды. Әлеуметтік жұмысты жүргізетін және оны басқаратын барлық адамдар және ұйымдар субъект болып табылады. Ол — әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын мемлекет. Ол- қайырымдылық ұйымдары, қызыл крест пен қызыл жарты ай қоғамы сияқты ұйымдар. Ол- әлеуметтік жұмыскерлер Ассоциациясы, офицерлер Одағы және т.б. ұйымдар.
Әлеуметтік жұмыс зерттеушілері. Ғылыми жұмысшылар әлеуметтік жұмыс жағдайын сараптайды, әртүрлі әдістерді қолдана отырып ғылыми бағдарламаларды қайта өңдейді, бар және пайда болған тенденцияларды (беталыстар) бекітеді; әлеуметтік жұмыс мәселесі жайлы статьяларды жариялайды, ғылыми есептер, кітаптар шығарады.
Алайда әлеуметтік жұмыстың басты субъектісі, әрине ұйымдар емес, әлеуметтік жұмыспен кәсіби түрденемесеқоғамдық бастаулардаайналысатынадамдар болып табылады.
Кәсіби қызметкерлер айтарлықтай көп емес. Бүкіл әлем бойынша есептегенде кәсіби қызметкерлер саны 500 мыңға жуық адам. Бұлар «әлеуметтік қызметкерлер» маманы екенін куәландыратын дипломы бар адамдар. Соңғы жылдағы жүргізілген іс- шаралар нәтижесінде Қазақстанда бірнеше ондаған мың әлеуметтік қызметкер дайындалған.
Әлеуметтік жұмыс субъектісі болып келесілер табылады: 1) әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар; 2) басқаларды әлеуметтік жұмысқа үйрететін профессиялар мен, оқытушылар құралы; 3) зерттеушілер.
Жалпы мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша негізгі ауырлық дипломы жоқ, белгілі бір мән-жағдайларға байланысты әлеуметтік жұмыспен айналысып жүрген бейкәсіби (мамандандырылмаған) әлеуметтік қызметкерлерге жүктеледі.
Қазақстанда 1990-2000ж.ж. аралығында кәсіби әлеуметтік қызметкерлер саны бірнеше есеге артса қазіргі күні 5 миллион адамды құрайды. Осы жылдары дипломы бар бірнеше жүз мыңдаған әлеуметтік қызметкерлер дайындалған.
Әлеуметтік жұмыс туралы айтқанда, тағы бір жағдайды ескере кеткен жөн. Жоғарыда айтылған қызметкерлер арасында негізінен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырумен айналысатындар бар (оларды ұйымдастырушыларнемесе басқарушылар деп атауға болады) және де кейбіреулері тек қана міндетті түрде әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады. Ал оларды дағдыланушы әлеуметтік қызметкерлер деп атауға болады.
Функциялар ғылымда бір мағынада ғана трактатталмайды. Функциянытолықтай және әлеуметтік жүйенің жекелеген субъектілерін ұйымдастыруда, жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың, қоғамның мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асырудағы рөлі деп қарастырған жөн.
Әлеуметтік жұмыстың функцияларын атап өтейік және оның қысқаша мазмұнын қарастырамыз:
диагностикалықфункция- әлеуметтік қызметкердің адамдар топтарының немесе жеке адамның ерекшеліктерін, микроортаның оларға деген (немесе оған) әсерін және әлеуметтік диагноз қоюды үйрену.
болжамдылықфункциясы-қоғамдағы барлық әлеуметтік институттардың әлеуметтік жұмыс объектісіне әсерін болжамдау және бағдарламалау.
Сақтандыру – профилактикалық (алдын ала емдеу немесе әлеуметтік терапевтикалық) функция- әлеуметтік-құқықтық, юристік, психологиялық, әлеуметтік-медициналық, педагогикалық және басқада ескерту механизмдерін іске қосу және қажет ететін адамдарға негативті құбылыстармен күресуге көмектесетін әлеуметтік-терапевтикалық ұйымдар, әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық-педагогикалық, медициналық,заңдық және басқа да көмек түрлері; отбасының, әйелдердің, жасөспірімдердің, балалардың және жастардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Яғни, сақтандыру-профилактикалық қызметі тек қана аз қамтылған және жеңілген адамдарға барлық мүмкін көмектер мен қорғауды көрсетіп қана қоймайды және сонымен қатар олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарына негативті әсер ететін жағдайлардан мүмкіндігінше алдын-ала сақтандырады;
Құқық қорғау функциясы- елдегі және белгілі бір себептерге байланысты басқа елдің бөлігінде қалған халықты қорғауға, оларға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған барлық заңдар кешені мен құқықтық нормаларды қолдану;
Әлеуметтік педагогикалық функция- адамдардың әртүрлі қызметке деген (мәдени-бос уақыттың, спорт, сауықтыру және техникалық сонымен қатар көркем өнер шығармашылығы және туризм) қажеттіліктерімен қызығушылықтарымен арттыру және солармен жұмыс жасауға әртүрлі мекемелерді, ұйымдарды, қоғамдық, шығармашылық және басқада топтарды, мамандарды, тренерлерді, мәдени-бос уақыт өткізу қызметін ұйымдастырушыларды тарту немесе шақыру;
Әлеуметтік-психологиялық функция- тұлғааралық қарым-қатынастарын реттеу және кеңес беру түрлері, барлық мұқтаж адамдарға әлеуметтік реабилитация мен әлеуметтік бейімделу орындарында көмек көрсету;
Әлеуметтік-медициналық функция- ауруды алдын ала емдеу шараларын ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізін үйренуге көмек, тамақтану мәдениеті, санитарлық-гигиеналық нормалар, отбасын жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру, репродуктивті және сексуалды мінез-құқыққа жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру, жастарды отбасы өміріне дайындауға жәрдем жасау, еңбек терапиясын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға болысу;
Әлеуметтік-тұрмыстық функциясы- әртүрлі халық категорияларына (мүгедектерге, қарт адамдарға, жас отбасыларға және т.б.), қажетті көмек көрсетуде, олардың баспана жағдайларын жақсартуда, жақсы тұрмыс ұйымдастыруда болысу (себепші болу);
Коммуникативті функция– көмек пен қолдауды қажет ететіндермен байланыс бекіту, ақпараттармен алмасу ұйымын, әлеуметтік қызметке көптеген қоғамдық институттарды енгізуге ат салдысу;
Жарнамалық-насихаттау функциясы- әлеуметтік қызметтерді жарнамалау, адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі идеяларды насихаттау ұйымдары;
Өнегелік–адамгершілікфункциясы– (барлық басқа қызметтердің белгілі бір қасиеттерін өзіндік топтау) – адамға, топтарға және қоғамға лайықты қалыптасуына жағдай жасау әлеуметтік жұмысқа жоғары адамгершіліктік мақсаттар қою;
Ұйымдастырушылық функциясы– кәсіпорындарда және мекемелерде, сондай-ақ мекен-жайына байланысты әлеуметтік қызметті ұйымдастыруға болысу, олардың жұмысына жұртшылықты тарту, тұрғындарға әлеуметтік қызметтік қызмет және түрлі көмек көрсетуге әлеуметтік жұмыс қызметін бағыттау, алғашқы кезекте әлсіз қорғалған қабаттарға және топтарға, жеке тұлғаларға көмектесу.
Әлеуметтік жұмыс функциясы оның құрылымы мен деңгейін анықтайды.
Әлеуметтік жұмыс құрылымы – бұл адамдардың сұранысы және маңызды қызығушылығын қанағаттандыруды қажетсінуді анықтаудан тұратын компоненттер.
Құрылым дегенде объектінің негізгі қасиеттерін сақтауды қамтамасыз ететін тұрақты байланыстар жиынтығы түсіндірілетінін еске салған жөн. Құрылымның бұлай жалпы айтылуын өзара байланысты компоненттерден: субъект, мазмұн, басқару, объект және оларды бір бүтінге айналдыратын тәсіл, мақсат және қызметтерден тұратын нақты жүйе ретінде қарастыруға болатын әлеуметтік жұмысқа да қолдануға болады.
Аталған компоненттердің бірізділігі кездейсоқ емес: объект қызметтің мәні мен сипатын анықтайтын басты фактор болғанмен, кез келген функция субъектіден объектіге бағытталумен орындалады. Сондықтан әлеуметтік жұмысқа мінездеме беруді объектіден бастау заңды
Барлық негізгі компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Түрлі мазмұнға ие болғанымен, олар біріккен жағдайда ғана әлеуметтік жұмыс түсінігін береді.
Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыстың екі аспектісін бөліп ала аламыз: клиенттің күнделікті, жедел мәселелерін шешу, өткір әлеуметтік мәселелерді кең көлемде (жұмыссыздық, кедейшілік, түрлі әлеуметтік аурулар, девиантты мінез-құлықтың анағұрлым өткір формалары және т.б.) болжау және алдын-алу.
Әлеуметтік жұмыстың екі аспектісі мемлекеттің әлеуметтік саясатымен, негізгі бағыттарымен, қоғамның даму ориенттерімен (тұспал) байланысты.
Әлеуметтік жұмыстың келесі құрылымдық бөлігі оның адам қызметінің спецификалық түрі ретінде көрінетін жан-жақты, интегралды сипатымен анықталады. Сөз әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары туралы болып отыр: әлеуметтік диагноз, әлеуметтік терапия, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік профилактика, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік делдалдық, әлеуметтік қамқорлық және т.б.
Әлеуметтік жұмыс қызметінің универсалды, интегралды түрі ретінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі білім, Министрлігінің шешімімен. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес оның қалыптасқан мамандандыруменқұрылым түрінде берілуі мүмкін.
Сонымен бірге, әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі мамандандыру туралы сұрақ-жауап тудыруда және әлі аяғына дейін шешілмеген мәселе. Бұның дәлелі мамандыру санының 20-дан 50-ге дейін және одан да астамдығымен анықталады.
Мамандандыруды әлеуметтік жұмыстың түрлі аспектілерін, түрлерін, объектілерін және т.б. есепке ала отырып бөліп алуға болады:
универсалды, ғылымаралық сипатты ескере отырып: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік- құқықтық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жұмыс, әлеуметтік-медициналық қолдау және тұрғындарды қорғау т.б. Бұл мамандандырулар тұрғындардың әртүрлі топтарына қолдану үшін саралануы мүмкін;
жекелеген клиенттер немесе бүтін қоғаммен жұмысты есепке ала отырып (тұлғалар, отбасылар, топтар);
қоғам өміріндегі салаларды, қоғамдағы әр қилы әлеуметтік институттарды, мекен-жайын және басқаларды ескере отырып: әлеуметтік жұмыс материалды өндіріс саласында ғылым, білім беру, денсаулық сақтау саласында; ұйымдарда, мекемелерде және қызмет көрсету орындарында; қалалық және ауылдық жерлерде; әлеуметтік-этникалық ортада; қоғамның қарулы күштер құрылымдарында және т.б.;
ондағы кәсіби және кәсіби емес бастаманың басымдылығын ескере отырып. Қызметтің кәсіби түрі былай анықталады:
1)еңбектің өндірістік-технологиялық және оның функционалды мазмұнының бөлісуі; 2) оқумен тәжірибелік қызметтік қорытындысынан алынған білімнің, машықтанудың және білгірліктің жиынтығы; 3) берілген нақты саладағы жүйелі жұмыс.
Әлеуметтік жұмыс (басқа да қызмет түрлері сияқты) бірден кәсібилікке жете алмайтыны анық. Бұндай сипатқа ол ХХ ғасырда әр елде әр уақытта ие болды деп есептелініп жүр.
Әрине әлеуметтік жұмыс тәжірибелік көмек, тірек түрінде адам қоғамы пайда болғаннан-ақ оның түрлі даму кезеңінде әр қилы формада өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ол Қазақстанда да, басқа елдерде де қайырымдылық және рақымдылық сипатқа ие болып келеді.
Қазіргі таңда оның кәсіби сипаты басымырақ десек те, кәсіби емес бастаманың қажеттілігін жоққа шығармайды. Сондықтан да әлеуметтік жұмыстың мына түрлерін атап өту кездейсоқтық емес: барлық мамандар қол жеткізе алатын; әлеуметтік жұмыс аумағында квалификациясы болу талабы; түрлі аумақ бойынша квалификациясы болу талабы; оның деңгейін ескере отырып.
Әлеуметтік жұмыс деңгейін анықтаудың негізі әр түрлі болуы мүмкін.
Әлеуметтік жұмыс масштабына қарай федералды, аймақтық, жергілікті және индивидуалды деңгейде өтуі мүмкін.
Федералды деңгей ең алдымен мемлекет масштабында тұрғындарға деген әлеуметтік көмекті басқарумен, мемлекеттің заңнамалық және әлеуметтік саясатымен анықталады. Әлеуметтік жұмыс дәл осы деңгейде өзінің кең ауқымды түсінігінде көрінуі тиіс, бұл әрине оның тар көлемдегі мазмұнына да із қалдырады.
Әлеуметтік жұмыстың аймақтық деңгейі көп жағдайда ең алдымен оның федералды деңгейімен анықталады, содан туындайды. Бұл федералды актілерді таратумен қатар, олардың мемлекет субъектілерінің ерекшелітеріне бейімделуімен нақты көрінеді, бұл ауа-райы, табиғаты және басқа да жағдайлары құбылмалы Қазақстан үшін маңызды. Осыған орай әлеуметтік жұмыс аймақтық деңгейде нақты, мазмұнды сипатқа ие болады және әлеуметтік жұмыс өзінің тікелей тар мағынасында көрінеді.
Әлеуметтік жұмыстың жергілікті деңгейі нақты объектіге нақтылы бағытталуымен анықталады; әлеуметтік жұмыс ең алдымен, түрлі әлеуметтік жұмыскерлер мен және еріктілермен орындалады.
Индивидуалды деңгей – клиент мұқтаждығының негізінде, индивидуалды жұмыстағы техника мен әдісті қолдана отырып, жүргізілетін жұмыс.
Нақтылы объектілерге байланысты әлеуметтік жұмыс жеке тұлғалармен де, отбасымен де, топтармен де, бүтін халықпен де жүргізіле береді.
Қоғам өмірінің феномені ретінде әлеуметтік жұмыс (әсіресе, қазіргі жағдайда) спецификалық қызметтің тәжірибелік түрі ретінде ғана қарастырылмай, ғылым, оқу қарастырылуы тиіс. Демек, бұл жерде де біз әлеуметтік жұмыстың құрылымдық компоненттерімен жұмыс жүргіземіз.
Швед авторлары Г. Бернлер мен Л.Юнисонның пікірлерінше, әлеуметтік жұмыс индивидуалды және отбасылық (нидивидуалды психотерапия); топтық; қоғамдық (қоғаммен макродеңгейдегі жұмыс, әлеуметтік, әкімшілік және жоспарлау) деп бөлуге болады.
Әлеуметтік жұмыс универсалды қызмет түрі болып табылады, ал ғылыми білімнің саласы ретінде, ол басқа ғылымдардың толық кешенімен тікелей байланысты. Әлеуметтік жұмыс прициптерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.
1) мазмұндылық принциптері: адамгершілік, бұқаралық, заңдылық; адамдардың өмір қызметінің нақты жағдайларымен байланыс; әлеуметтік белсенділікті ынталандыру; әлеуметтік әділеттілік; альтруизм; қоғамдық, топтық және тұлғалық мүдделердің үйлесімділігі; өзін-өзі қамсыздандыру; әлеуметтік қызмет көрсету саласында адам мен азаматтың өз келісім беруі; әлеуметтік қызметті барлық адамдардың алу мүмкінділігі; әлеуметтік жұмыста құпиялық сақтау; барлық әлеуметтік қызметтің формалары мен түрлерінің қолданылуы; атаулылық; азаматтардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төнген жағдайда жәрдем көрсету басымдылығы; әлеуметтік реабилитациялық және адаптациялық жәрдем; аймақтық әлеуметтік қызметті ұйымдастыру; халыққа көмек және әлеуметтік қызметті өз еркімен көрсететін қоғамдық қызметтерге деген мемлекеттік қолдау;
2) ұйымдастырушылық принциптері: қолданылатындарды тексеру және бақылау; кадрлардың өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерінің құқықтары мен міндеттерінің бірлігі; жалпылық; кешенділік; делдалдылық; ынтымақтылық; материалдық көмек және т.б;
3) психологиялық-педагогикалық принциптер: кешенді және дифференциалды тәсіл; технологиялық компоненттілік; белсенділікті ынталандыру; мақсаттылық; сенімділік, тартымдылық, жанашырлық; үздіксіздік; жүйелілік; клиенттің жас және жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу және т.б.
Бірнеше принциптер мәнін ашып көрейік.
Адамгершілік әлеуметтік жұмыстың жүргізуші мақсатты бағдары болып табылады, ол тұлғаның мүмкіншіліктерін жан-жақты және еркін көрсетуіне жағдай жасауды, оның беделі мен құқығын қорғауды, қадірлеуді, адамның идеясының жоғарғы құндылықтары деп есептейді.
Лауазымдық нұсқаулар мен, бұйрықтар және қаулылармен реттелетін ресми қатынастарға қарағанда, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы қарым-қатынас ең бастысы жеке құндылықтарының психикалық сәйкестігімен, ортақ қызығушылықпен, тартымдылық (симпатия) және тартымсыздық (антипатия) нәтижесінде санкциялық қажеттілігінсіз туындайды және қалыптасады. Әлеуметтік жұмыстағы қарым-қатынастың бейресми сипаты психологиялық феномен ретінде көрінгенімен, әлеуметтік қызметкердің жұмысындағы міндеттемелерінен шет қалып қоймайды.
Әлеуметтік жұмыстың бұқаралылығы клиенттен психологиялық байланыс қалыптастыруды, қарым-қатынас ережелері мен нормаларын сақтауды, клиенттің жеке басына деген сыйластықты, оның жеке басының проблемаларын шешудің белсенді жолдарын іздеуге қатыстыруды және өзінің ақылын, білімін, өнегесін, тәжірибесін клиенттің қалауынсыз білдірмеуді талап етеді.
Заңдылық әлеуметтік жұмыстың мазмұндылық принциптерінің негізгілерінің бірі, ол, мемлекеттік органдардың, лауазым иелерінің, қоғамдық ұйымдардың және қарапайым азаматтардың заңдық және заңға негізделген құқықтық актілердің қатал түрде орындалуын талап етеді. Құқықтық-нормативтік акт мемлекеттік, сонымен қатар әлеуметтік саясат қамтылған форма болып табылады. Құқықтық рөлі мен міндеті, ең алдымен, саясаттың жүзеге асуына қызмет ету, бірақ құқық бұл рөлді оның барлық нормаларын қатал түрде сақтаған жағдайда ғана орындай алады. Жалпы заңдылықта болсын, жеке әлеуметтік жұмыста болсын оның бірінші және бастапқы талабы осында.
Әлеуметтік жұмыстың маңызды мазмұндылық принциптерінің бірі оның адамның нақты өміртіршілік жағдайымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл принципте әлеуметтік жұмыс теориясы мен тәжірибесінің бөлігі көрінісін табады, ал оның таратылуы (жүргізілу) халықты әлеуметтік қолдау және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда қолданылатын формалар мен әдістердің шыншылдығын және ғылыми негізделуін қамтамасыз етеді.
Өмір әрқашанда теорияларға, жан-жақты нұсқаулар мен бұйрықтарға байланысты. Үнемі өзгеріп отыратын хал-ахуал және өміртіршілік жағдайы, мәдениет дәрежесі, білімі, жынысы, жасы, еңбекке жарамдылығы және біліктілігі, денсаулығы бойынша бөлінетін адамдар, әлеуметтік топтар әр түрлілігін — әлеуметтік қызметкерлер соқтығысатын әлеуметтік мәселелер спецификасын және үздіксіз жаңашылдықтарды алдын-ала анықтайды. Міне сондықтан да әлеуметтік жұмыстың адамның өміртіршілігінің нақты бір жағдайға баға беруді, адамның тұрмыс жағдайына, хал-ахуалына әлеуметтік диагностика жасауды ұйғарады. Бұл қағида әлеуметтік жұмыс мақсаттарына жетуге үлес қосатын әлеуметтік жағдайлар ерекшеліктерін анықтауға әлеуметтік қызметтерді бағыттайды. Әлеуметтік жұмыстың маңызды ұйымдастырушылық принциптері орындалған істі бақылау-тексеру функциясы – ол әлеуметтік жұмыстың өз алдына бір жеке бөлігі емес, оның ажырамас компоненті. Басқару органдары және әлеуметтік қызметтің бақылау-тексеру іс-әрекетінің мәні, әр түрлі халық топтарын әлеуметтік қорғау шараларын мемлекетпен кепілденуін қамтамасыз етуде.
Әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық принциптерінің негізгілерінің бірі әлеуметтік қызмет кадрларының құқтары мен міндеттерінің, өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерінің бірлігі болып табылады. Әлеуметтік қызметпен олардың басқару органдарының қызметін үйрену, олардың әлеуметтік нақты қалыптасуын әрбір әлеуметтік қызмет маманының өздерінің қызметтері мен тапсырмаларын ашық көрсете алуының негізінде екенін көрсетеді.
Өмір ылғи да үлкен өкілеттіліктегі кадрлардың аз жауаптылығы әкімшілік қаталдыққа, ойланбаған шешімге жақсы жағдай мен мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге аз өкілеттіліктегі кадрлардың үлкен жауаптылығы кесімді, оперативті әрекет етуіне мүмкіндік бермейді, инициативтілікті өрістетпейді және іс жүзінде әлуметтік қызмет мамандарының жауапсыздығына әкеліп соқтырады. Міне, сондықтан да әлеуметтік қызметтегі әрбір маманға, әрбір әлеуметтік жұмыс басқарма органдары жүйесіндегі бөлімдерге қатал және мөлшерлес өкілеттілік пен жауапкершілік тағайындалған және оларға жүктелген функционалды міндеттерді дәл орындау жалпы әлеуметтік жұмыс тиімділігінің міндетті шарты болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы психологиялық-педагогикалық принципке үлкен орын берілуінің мәні, клиенке ықпал ету тәсілін, әлеуметтік жұмыс формасы мен әдісіне деген талапты білдіреді.
Бұл топтағы әлеуметтік жұмыстың негізін қалаушы принциптердің бірі кешенді әдістеме принципі болып табылады. Әлеуметтік жұмыстағы кешенділік, бір жағынан, әлеуметтік жұмыс объектісіне тұтас, жан-жақты әсерін қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан, әлеуметтік проблемаларды шешуде шектеуге, жершілдікке (текшілдікке), мекемешілдікке қарсы тосқауыл қызметін атқаруға және адамдар көңіл-күйлерінің, мұқтаждықтарының, мүдделерінің есебі мен зерттеуі ұйғарылады; сонымен қатар адамдардың тиістілігін, әлеуметтік статусын, тұрмыстық жағдайы және өмірлік тәжірибесі т.б. делдал болатын олардағы шынайы тұлғаны, мұқтаждықты және тілекті көре білу шеберлігі.
Әлеуметтік жұмыстың психологиялық-педагогикалық принциптері ішінен саралау әдістемесін ерекше бөліп алған жөн. Әлеуметтік жұмыстағы саралау әдістемесі әлеуметтік қабаттар, топтар, мамандықтардың және ерекше көзқарас тағы адамдардың және қоршаған шындықтың материалды және рухани байлықта шартты заңдылық сипатта өндірілген. Осыдан әлеуметтік жұмыста тұлғаның қызығушылық ерекшелігінің максималды және нақты есебін алудың нұсқауы шығады.
Халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған шараның сәтті іске асуы көп жағдайда әлеуметтік жұмыста әлеуметтік қызметкерлердің, әлеуметтік қызмет басқармасы органдарының технологиялық контингенттілігі принципін сақтаумен анықталады.
Психологиялық компоненттік – бұл әлеуметтік жұмысшының туындап отырған мәселенің мән-жағдайымен оны шешудегі технологиямен жете таныстығы іс жүзінде өз білімін кәсіби сауатты түрде жүзеге асыра білу, ал бұл кадрлардың жүйелі оқуын және қайта дайындығын, дәл мағлұматты, барлық басқару буындарында аналитикалық және болжамдық қызметтің, әлеуметтік жұмыс объектілерінің терең және жан-жақты білімі олардың ұйымшылдығы және іскерлігі мен ерекшелігі болуын әлеуметтік қызмет клиенттерімен жұмыс барысында қажет етеді.
Әлеуметтік-психологиялық принципінің бастыларының бірі- әлеуметтік белсенділікті ынталандыру, белгілі бір әлеуметтік маңызды мақсатқа жету үшін, адамның белсенді, қызығушылығын ояту, оның қуатын, қабілетін, өнегелілігі және жігерлігінің мүмкіндігін тарату. Десек те кез келген қызмет түрінде қайнар көзінің оятушы күші адам қызушылығы мен мұқтаждығы емес, олардың қанағаттану деңгейі болады.
Әлеуметтік жұмыстағы ынталандыру принципі оның өнегелі-идеялық және материалды формаларының сәйкестігі және бірлігі; тәсілдердің адекваттылығы және тұлғалардың ынталандыру әдісі; адамның жұмысқа, тіршілігіндегі әлеуметтік құндылықтарға объективті және әділ баға беру қатынасы деп топталынады.
Психологиялық-педагогикалық топқа әлеуметтік жұмыстағы мақсаттық принципі жатады. Әлеуметтік жұмысшының назарының орталығында тұратын клиентке ықпал етудегі мақсат оның іс-әрекетінің сипаты мен әдісін анықтайды, әлеуметтік жұмыстың формасы мен мазмұнын алдын ала анықтайды. Мақсатқа жету әлеуметтік жұмысшының қолданған күш-жігерінің тиімділігінің және іскерлігінің өлшеуіші болып табылады. Мұның барлығы – мақсаттылық принципінің әлеуметтік жұмыстағы жеке маманның болсын, барлық құрылымның болсын қызметіндегі орны мен маңыздылығының куәсі.
Мақсаттылық, әлеуметтік жұмыс принциптерін бір бүтінге біріктіре отырып, оған жұмыстың әдісі мен формасын таңдауға ғылыми сипат береді.