Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады.Әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда.Ғылыми – техникалық революцияның дамуы әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтануын талап етті, сәйкесінше банктер өз операцияларын кредиттік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу жүзеге асады; банктік жүйенің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады; банктік емес кредиттік мекемелердің динамизмі байқалады.Банктердің жекелеген типтері, банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы немесе кедергілердің жойылуы – соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.
Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан кредиттерді беру, құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүлікті басқару және басқа көптеген банктік және “банк маңындағы” қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.Кредиттік мекемелер қызметінің көп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді.
Кредиттік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі.Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың кенеюі арқылы.Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кенестік бизнеске және тағы баса енуге тырысады.Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс сауаларына қатыса отырып, кредиттік мекемелердің басқа топтармен тікелей тайталасқа шығады.
Екіншісі – банктік емес мекемелердің банктік нарықтарға енуі арқылы.Банктік емес мекемелер қазіргі танда банктермен инвестициялық салада, ақпараттық-кенестік қызметтерді көрсетуде, сонымен бірге банктік салада – депозиттік-ссудалық операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.
Соңғы жылдары банктік және басқа арнайыланған қаржы – кредит мекемелер халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен
компаниялардың жинақтар үшін күрес өткір сипат алды.
Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша пайыздың мөлшерлемесін көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады.Оларға пайыздық мөлшерлемесінің максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру салымдарын салушыларға төлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған кредиттік мекемелерде шектеулер болмады.Әрине, бұл жағдайда соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды.Банктер ақша нарығы сертификаттарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша пайыздар коньюнктураның жағдайына байланысты белгіленді.Сонымен қатар, АҚШ-та 1980 жылы депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналымның қадағалау жөніндегі заң салымдар бойынша пайыздарды төлеудің барлық шектеулерін алып тастады.
Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануының сақталуымен сәйкес келеді.Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерінде бірдей емес және ерекше дамиды.Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы жөнінде сөз болады.Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарылауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды, олар “ нарықтық нишаларды”, яғни әмбебап немесе ірі банктердің көнілін тарта алмаған қызметтердің бұл түрлерін іздестіруге тырысады.Қайта мамандануға қатысты тенденцияны банктік бизнестегі бәсекеде қолдайды.
Кредиттеу обьектілерін ірілендіру жүзеге асып жатыр.Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият көңіл аудара бастады, өйткені активтердің сапасын дәл және дер кезінде бағалау-банктердің
өркенденуінің кепілі.
Банк жетекшілері өз активтерінің сапасын, жаңа кредиттерді ұсыну, кредиттеу технологиясын, қарыз алушының кредит шарттарын сақтауын қадағалайды.