Әлемдегі қайта жаңаратын энергетика туралы қазақша реферат
Алдыңғы жазған рефератымыздың тақырыбы Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны болатын. Ол реферат бүгін жазған рефератпен ұқсас келеді.
Қайта жаңаратын энергия көздеріне (ҚЖЭ) мына энергия формалары кіреді: күн, геотермаль және желден, теңіздегі не мұхиттағы толқындардың ағыстарынан пайда болатын энергиялар, биомасса энергиясы, гидроэнергия, төменгі потенциальды жылу энергиясы және тағы басқа жаңаратын энергия түрлері.
Қайта жаңартылатын энергияның басты артықшылығы – олардың таусылмайтындығы және экологиялық тазалығы. Қайта жаңартылатын энергияны қолдану планетамыздың энергетикалық баланысын өзгертпейді. Осы қасиет қайта жаңартылатын энергия көздерінің шет елде қарқынды дамуына себепкер болды және жақын жылдардағы даму барысының жоғары болатындығына сенімділік көрсетеді.
Американдық инженер – электриктер қоғамының бағалауы бойынша, егер 1980 жылы қайта жаңаратын энергияны қолданудағы электр энергиясының көлемі жалпы әлемдегі энергияның 1% бөлігін құраса, 2005 жылы 5 % болды, ал 2020 жылы – 13 % және 2060 жылы – 33 % құрайды деген болжамдары бар. АҚШ энергетика министрлігінің болжамына қарағанда, бұл елде 2020 жылға дейін қайта жаңаратын энергия негізінде электроэнергия өндіру көлемі 11 % – дан 22 % – ға өсуі мүмкін. Европалық Одақ елдерінде қайта жаңаратын энергия негізінде жылу және электр энергиясының бөлігін 15 % – ға дейін ұлғайту (2013 жылы) көзделген. Мұндай жағдай Еуропа Одағы мемлекеттерінде әр түрлі деңгейде орын алған. Дания мемлекетінде қайта жаңаратын энергияны қолдану 2000 жылы 10 % бөлікті құраса, Нидерландыда қайта жаңаратын энергияны қолдану бөлігі 2000 жылы 3 % болды, ал 2020 жылға дейін 10 % – ға көтеру жоспары бар. Германияда қайта жаңаратын энерияны қолдану бөлігі 2000 жылы 5,9 % болса, оны үкімет 2012 жылы 16 % – ға жеткізбекші және де бұл энергия көздері негізінен жел, күн және биомасса энергиялары болмақ.
Қайта жаңаратын энергияның дамуына жағдай жасайтын бес негізгі себептерді айтып өтуге болады, олар мыналар:
– энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
– қоршаған ортаны сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
– қайта жаңаратын энергияның әлемдік рыногын басып алу, әсіресе
дамушы елдерде;
– меншікті энергоресурстар қорларын болашақ ұрпақ үшін сақтау;
– отынның энергетикалық емес мақсатта қолданатын шикізатын тұтынуды
көбейту.