Александр Македонскийдің таққа келуі.
Коринф конгресі Шығысты эллиндендіру (грек ықпалына бағындыру) тарихының, жаңа кезеңі болды. Осы кезден бастап ұйымдастырылмаған отарлау тасқыны Македония патшасы бастаған ұйымдасқан басқыншылык қозғалысына айналды. Шығыстың байлығы үшін қозғалыста бірінші орынды Македония мен Грецияның соғыс және сауда элементтері алды.
Шығыс туралы, шығыстын тәртібі, діні және байлығы туралы толып жатқан әңгімелер, ертегілер және поэтикалық фантазиялар жасалды.
Александр Македонский Македония орталығы Пелледе б.з.д. 356 ж. шілде айының аяғында дүниеге келген. Оның әкесі Филипп ІІ ежелгі македон патшасы Каранның тұқымы, шығу тегін мифтік батыр Гераклмен байланыстырса, шешесі Олимпиада Эпир патшасының қызы, эллиндік миф батыры Ахиллмен шығу тегін байланыстырады.
Македония тағына отырмай жатып Александр жөнінде не айтуға болатын еді? деген сауалға түрлі мағұлматтарды кездестіруге болады. Солардың кейбіріне тоқала кетсек- Мәселен:
Александр 13 жасқа дейін Леонид, Лисимах, Филиска, Менехма т.б.ұстаздардан тәрбие өнеге алды.
13 жасында оған Аристотель ұстаздық етеді. Аристотель грек колониясы, Фракия жағалуындағы Стагир қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Никомах Македония патшасы Аминтанның сарай емшісі еді. 367жылы Аристотель Афинаға барып Платонға шәкірт болады. Ал, 343жылы оны Македонияның патшасы Филип баласы Александрдың тәрбиешісі етеіп тағайындайды. Ал, Александрдың өзі патша болып тақққа отырғаннан кейін, Аристотель Стагирге қайтып келеді де, 335жылы Афиныға барып бір жола тұрақтап қалады.
Александрға этика, саясат ғылымдары бойынша дәріс беріп, оны болашақ гректердің қолбасшысы рухында тәрбиелеу мақсаты тұрды. Аристотель мектебінен ол үлкен білімді азамат болып тәрбиеленіп «Илиада» мен «Одиссеяны» әрдайым ықыласпен оқитын болатын.
Алексанрдың өзі Плутархтың айтуы бойынша Аристотельді әкесіндей құрметтеген. Александр 10 жас шамасында өзінің бейнесін тек Апполлеске ғана салуға рұқсат еткен. Ал Александр мүсінін Лисип бейнелеген еді./4/
Б.з.д. 340ж Филип ІІ Пиринфке қарсы жорыққа кетіп бара жатып, мемлекеттік билікті 16 жасқа толған Александр Македонскиге тапсырады. Қысқа уақыттағы басқару кезінде Александр Пэони тауының солтүстігіндегі халықтары мэдтардың көтерілісіне тап болып, көтерілісшілерді аяусыз жазалап қаланы Александрополь деп атап, сонда орнығады. Филипптің б.з.д. 339ж Фивы мен Афинаға жорығында Александр аттты әскерді басқарып негізгі соқыны берген болатын. Осы жорықтағы жеңіс Александр өмірінде өте үлкен маңыз алады. Оның қолбасшылық қабілеті айқындалып, көп ұзамай Александр мен әкесі Филип арасындағы келіспеушіліктер туындайды. Филип ІІ әйелі Олимпиада мен ажырасып Атталдың туысы Клеопатраға үйленеді. Үйлену Аттал македондықтардан құдайдан Филипп ІІ мен Клеопатрадан патша билігіне заңды мұрагердің туылуын сұрауды өтінеді. Бұны естіген Александр «мені заңсыз мұрагер деп санап тұрмысың» деп, Атталға қарсы сөз айтады. Осыдан соң шешесін туған жері Эпирге орналастырып өзі Иллирге жасырынды. Иллир Македония патшалығының әлсіреуіне мүдделі болатын. Ал Эпир әскери-саяси потенцалы жағынан мықты болғандықтан, Филипп ІІ әйелі м ен Александрмен татуласуды жөн көрді.Осы кезде Кари билеушісі Пиксодар Филипп ІІ-нің Филлиниден туған ұлы Филипп Арридейге қызы Аданы қалыңдықа бермекші болды. Бұл дегеніміз тақ мұрагеріне үлкен қаіп болатын, сондықтан Александр Пиксодарға қызыңды «маған бер» деп ұсыныс жасайды, алайда бұл ұсынысқа әкесі Филипп ІІ қатты қарсылық тудырып, Александрға бұл қыз сенің теңің емес деп үгіттеп, үйленуге тиым салды.
Жорыққа әзірлік Филиптің кенеттен өлуіне байланысты біраз бөгеліп қалды. Филипп өз қызын ұзату тойында өлтірілді. Филиптің өлуі тек оның тастаған әйелі (Александрдың шешесі) Олимпиаданың, кек алуы ғана болып қоймай, саяси уақиғаға да байланысты болды. Бұл Филиптің абсолюттік саясатына наразы Македония аристократтарының жасаған астыртын әрекеті еді. Бұл астыртын әрекетке парсылардың да қатынасқандығы, Парсыға қарсы дайындалып жатқан жорықтық ұйымдастырушысы мен бастаушысын өлтіруге Парсының патшасы адам жібергендігі туралы лақап та шындыққа жатады.
Патшаның кенеттен өлуі бүкіл грек дүниесіне қатты әсер етті. Македония билігіндегі облыстарда толқу басталып, олар бірінен кейін бірі бөлініп шыға бастады. Көтерілісшілер жағына әскерлердің бір бөлігі өтіп кетті. Дегенмен Филипп гетайрларының үлкен бөлігі-Антипатр, Парменион т. б. Филипп пен Олимпиаданың баласы Александрды патша етіп жариялады (336 ж.)/5/
Александр бұл кезде жиырма жаста еді. Оның жаратылысына біткен ерекше қабілеттілігінің арқасында, ол Аристотельдің басшылығымен толық білім алды. Александрдың сүйген жазушысы Гомер, ал сүйген батыры Ахилл болды. Александр Ахилды тек қадірлеп қана қоймай, өз істерінде оған еліктеп бақты, басқа мәселелер жөнінде Александр өз төңірегіндегі патша сарайындағылардың көзқарастары мен әдеттерін қолдады. Александрдың жеке басының қасиеттері жөнінде қазіргі заманғы және сол сияқты ертедегі тарихнамаларда әртүрлі пікірлер бар. Оның кейбіреулері Филипп ұлының қасиеттерін асыра керсетуге бейім болса, ал енді кейбіреулері оларды кемітіп көрсетеді. Қалай дегенмен, Александрдың ақылды, жігерлі және қойған мақсатын орындайтын адам болғаны даусыз. «Бұл адамның ақылы кәдуелгі адамның ақылынан артық, бұл жөнінде дау жоқ»,-дейді Полибий.
II Филипп Македонскийдің өлімі және Александрдың патша болып жариялануы Б.ә. дейінгі 336-шы жылдың күзіне белгіленген Персиямен соғыстың басталуы кейінге қалдырылған. Б.э.дейінгі 336-шы жылы Македонияның ескі Еги астанасында өз қызының тұрмысқа шығу тойында II Филипп өлтірілді. Өлтірген адамды ұстап алды, азаптады, бірақ одан ешбір мәлімет ала алмады: ол ештеңе айтпай өлді. Филипптің өлтіру себебі жайлы түрлі-түрлі лақап тарап жатты. Кейбіреуі өлтіруші Филипптің әйелі Олимпиаданың әмірімен әрекет жасады десті, себебі бұл кезде Атталдың жиеніне үйлену үшін әйелінен айырылысқан болатын. Басқалар ФилипптІң тұсында өз ықпалынан айырылған және өзінің билігін қалпына келтіргісі келген Македон аристократиясының тапсыруы бойынша Филипп өлтірісті десті. Үшінші біреулер — ол парсылардың жүргізген өсегі бойынша өлтірілді деді, өйткені Персия соғысты кейінге қалдыруға мүдцелі болды. Филипптің баласы Александр үшінші лақапты қабылдады, соны шын көрді. Персиямен соғысуға өз әкесінің өлтірілгені үшін кек алуды да қоса сылтау етті.6
Филипп өлтірілгеннен кейін әбігер -абыржу басталды, таққа отыруға дәмеленушілер белгілі болды. әскерлер Александрды қолдада. Көп кешікпей оның шешіесі Олимпиада да келеді. Әкесіне адал қызмет еткен қолбасылардың бәрін өзіне қаратқан Александр әскерлер жиналысында Македонияның патшасы болып жарияланды.
Филиптің өлуіне байланысты Грецияда македониялықтарға қарсылық күшейді. Афиныда Демократиялық партия бас көтерді. Салтанат киімін киіп басына венок тағып, құдайға құрбандық шалған Демосфеннің ықпалы қайта артты. Бірақ оппозиция қарсылық ұйымдастырып үлгіргенше Александр Грецияға келіп, Фессалиямен қайта одақ жасады, өзін парсылармен соғысушы әскерлердің қол басшысы етіп бекітуді амфиктиондарға ұсынды Коринфте Филипп жасаған шартты қалпына келтірді.
Одан соң Македонияға қарсы көтерілген фракиялыктарды басуға Македония мемлекетінің, солтүстігіне аттанды. Ол кеткен Македония өктемдігіне қарсылардық маңызы қайта артты. Парсы дипломатиясы алтынды аямай, оларға қаражат беріп қолдады. Александр өліпті деген хабар көтерілістің тездеуіне себеп болды. Фивы көтерілді, кейбір Пелопоннес қалалары көтеріліс жасады; Афиныда соғысқа әзірлік жүріп жатты.
Грецияда болып жатқан уақиғаларды естісімен Александр көтерілісті басып үлгіріп, қайта оралып, ойламаған жерден, қисапсыз жылдамдылықпен он төрт күнде Фивыға келіп жетті. Қала кенеттен жасалған шабуылмен алынып, қиратылды. Александр тек қана храмдарға және Пиндар ақынның үйіне тимеді. Демосфенді және антимакедония партиясының басқа да көрнекті адамдарын ұстап беру афинылықтардан талап етілді. Бірақ Афиныдағы Александрды жақтаушылардың ара түсуі, оның бұл талапты өзгертуіне әкеліп соқты.
Эгей теңізінде үстем болып отырған Парсы флотының Греция мен Македония жағаларын қоршап алуынан қауіптенген Александр 335 ж. күзінде және 335/34 ж. қысында кенеттен Парсы патшасына шабуыл жасауды ұйғарып, Парсыға жорыққа аттануға асығыс түрде әзірлене бастады.
Александр жорыққа аттанарда өзінің барлық иелігін, табыстарын, құлдарын және малдарын достарына бөліп берді. Серіктерінің біреуі енді не қалды деп сұрағанда Александр: «Үміт»,— деді.
Алыс жорыкқа аттануды мақсат еткен көсемді еліктеген Пердикка және басқа гетайрлар да көсемнің өнегесіне еріп, өздерінін, мал-мүлкін жұртқа үлестірді.
Александр армиясының негізі македониялықтардың ауыр және жеңіл жаяу әскерлері болды. Жаяу әскерлерді македониялықтар мен фессалиялықтардың атты әскерлері қолдады. Бұл негізгі әскер құрамына грек қалаларының әскерлері мен Македония қарамағындағы одристар, иллириялықтар, трибалдар және басқа тайпалардың жасақтары қосылды. Александр жорығының бас кезінде флот елеулі роль атқармады.
Соғыс ашу кезі өте қолайлы болып белгіленген еді. Бұл кезде Парсыны инициативасы кем, қабілеті шамалы Дарий III Кодоман (336—330 жылдар) биледі. Ахеменидтер державасы ол кезде ауыр ішкі кризиске ұшырауда және күйреу қарсаңында еді. 7
Жерорта теңізі саудасына қатысушы және грек қалаларымен байланысты батыс облыстар — Кіші Азия, Финикия және Египет Парсыға тәуелді болудан құтылу үшін гректер жағына шығып кетуге әзір еді. Олар македониялықтарды Парсының езгісінен құтқарушы деп таныды. Тіпті, эллиндендірілген Финикияның өзі де Парсы патшасына тәуелді болып қала беруге қарсылық ете бастады. Керісінше, шығыс облыстарында патша өкіметі едәуір берік және орнықты жағдайда болды, мұның өзі соғыс кезінде өте айқын көрінді. Парсы армиясының соғыс дәрежесі және техникамен жабдықталуы жақсы емес еді. Бұлардың бәрінен де ескілктің исі аңқып тұрды.
Парсы шаруаларынан құрылған солдаттар ынтасыз соғысты, соғыс майданынан қашты, соғыс тәртібі мүлде нашар болды. Әрбір сатрап өздерінің білгенінше, бет-бетімен қимыл жасады. Парсы армиясының күштірегі грек Мемнонбасқарған грек жалдамалылары болды.
Керісінше, Македония армиясы соғысқа мұқият даярланған болатын және Парсымен соғысуға әзір еді. Жалғыз ғана соғыс ашуға сылтау жетпеді, кешікпей ол да табылды. Сылтау ретінде тағылған айып грек-парсысоғысы кезінде парсылар гректердің әулие үйлерін қорлағаны және Александрдың әкесі Филипп II-ні «өлтіруге қатынасқаны үшін парсылардан кек алу керек деп жарияланды. Парсы патшасының. өктемдігінен азап шеккен халықтарға бостандық беріледі деп уәде берілді.