«АЛАС LTD» ЖШС-нің техника-экономикалық сипаттамасы туралы қазақша реферат
««WASABI»» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (осыдан әрі «серіктестік») өз қызметін 27.12.1994 ж. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі), «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырындағы № 2255 Заңымен, 22.04.1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акітлеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы № 230 Заңымен және осы жарғы бойынша жүзеге асырады.
«АЛАС LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшылардың жылдық орташа саны 50 адамнан көп емес және жалпы активтердің бағасы 60000-еселік шамасынан жоғары емес шағын кәсіпшілік субъектісі болып табылады.
Серіктестіктің құрылтайшысы (осыдан әрі қатысушысы) болып саналады:
Қазақстан Республикасының азаматы Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы
Жеке куәлік: № 013341708
Берілген орны: Қазақстан Республикасының ІІМ
Берілген күні: 31.10.2002-26.08.2047
Туған жылы: 26.08.1957
Туған жері: Атырау обл.
Тіркелген: Алматы қ., Левский к., 28 үй, 1п.
Серіктестіктің аталуы:
Қазақ тілінде: «АЛАС LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью «АЛАС LTD».
Серіктестіктің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 0500096, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абай даң., 529 А, 528 В, 520 офистер
Серіктестіктің жұмыс істеу мерзімі шектелмейді.
Серіктестік пен қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынас адалдық, заңдылық, қатысушылардың теңдігін тану, қатысушының заңды құқықтарын және мүдделерін қадағалау, серіктестік қатысушысының міндеттерін атқаруы, ерікті түрде еркін білдіру жариялылық, өзін-өзі басқару ұстанымдарында құралды.
Серіктестіктің заңды статусы
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқылығын алады.
Серіктестікте өз аты жазылған мөрі, дербес балансы, банкңде есеп шоты мен басқа да шоттары және аты-жөні жазылған бланкілері бар. Серіктестік өзінің қызметін мақсатына жету үшін өз атынан келісім шарттар жасауға, оның ішінде кредит шарттар, қаржылық лизинг және банктардың қатысуымен басқа да шарттар мүліктілік және жеке мүліктік емес алуға, міндеттерін орындауға, сотта талапкер мен жауапкер болуына құқылы.
Серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.
Заңды тұлғалар мынадай жағдайларда:
— Жарғылық капиталының мөлшері азайтылған;
— Атауы өзгергенде;
— Қатысушылардың құрамы өзгергенде қайтадан тіркеуден өткізіледі;
— Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер серіктестік қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады.
— Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте серіктестік бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.
Серіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шет елдерде филиалдар және өкілдіктер ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға хақылы. Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы және олардың мекен-жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.
Серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және де өз қатысушының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестікке қатысушысы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өзінің қосқан салымының құны шегінде тәуекел етеді.
Оның қызметі жөніндегі құжаттар, серіктестіктің ақпарат беруі
Серіктестіктің кез келген қатысушының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушысына мүдделерін қозғайтын төмендегі ақпаратты беруге міндетті:
1. серіктестіктің жалпы жиналысында қабылданған шешімдердің, серіктестіктің атқарушы органының, тексеру комиссиясының қабылдаған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
2. серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одн да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
3. жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы;
4. серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;
5. серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
6. нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
7. серіктестіктегі және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
8. серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
9. аудиторлық есеп(ол бар болса);
10. серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
Серіктестікке қатысушыларға серіктестік қызметі жөніндегі ақпаратты тапсыру серіктестікке қатысушыдан жазбаша арыз келіп түскен мезеттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады.
Серіктестіктен үлес сатып алушылар серіктестік қызметі жөніндегі ақпаратты тапсыру серіктестіктен үлес сатып алушылар жазбаша арыз келіп түскен мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады.
Серіктестіктің қызметіне қатысты құжаттардың тізімі «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-2 бабымен анықталған. Серіктестіктің қызметіне қатысты құжаттар серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жерде бүкіл қызметінде серіктестікте сақталады.
Серіктестік серіктестіктің кез келген қатысушысының талабы бойынша көрсетілген құжаттардың көшірмесін нақты жарғығы сай көрсетуге міндетті.
Қатысушының құқығы мен міндеттері
Қатысушы:
1. Қолданылатын заңдарымен және жарғыда көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысу;
2. Серіктестік қызметінен табыс алуға;
3. Серіктестіктің қызметі туралы, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға жазбаша немесе ауызша түрдегі бірінші талабы бойынша ақпарат алуға;
4. Серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
5. Қолданылатын заңдарымен көзделген тәртіппен өз үлесін иеліктен айрып беруі арқылы серіктестікке қатысуға;
6. Қолданыстағы заңға сәйкес Жарғыда көрсетілген олардың құқықтарын бұзған сепіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
Қатысушы қолданылатын заңдары және серіктестіктің осы жарғысында көрсетілген басқа да құқықтарға ие.
Серіктестікке қатысушы:
1. Серіктестіктің жарғысының талаптарын орындауға;
2. Қолданылатын заңдармен көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
3. Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
4. Нақты жарғының 1 бабының 1.2. тармағында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Серіктестікке қатысушысы серіктестіктің жарғысымен және қолданылатын заңдарымен көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс шығару болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүргізеді:
— Баспа қызметі;
— Полиграфия қызметі;
— Қазақ тілді баспалардың кешенді қызметін дамыту;
— Баспа өнімдерінің саудасы;
— Жарнамалық ақпараттық қызмет;
— Жарнама өнімдерінің саудасы;
— Маркетинг;
— өндірістік коммерциялық, сауда делдалдық және сауда саттық қызмет;
— Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін.
Жарғылық капитал тіркелу мерзіміне дейін серіктестіктің қатысушысымен толық төленген болатын.
Серіктестіктің жарғылық капиталды ұлғайтуы бұны толық төлегеннен кейін рұқсат етіледі және:
1) қатысушы қосымша салымдар қосқан жағдайда;
2) жарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен, оның ішінде өзінің сақтық капиталының есебінен ұлғайту;
3) бұған қалған барлық қатысушылар келіскен жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар салуы;
4) серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау жағдайларда іске асырылады.
Ал осы берілген компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің ең негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізейік. Ол үшін мен осы жұмысымда төмеңгі формулаларды пайдаландым:
Өнімді өткізуден түскен табыс
Қор қайтарымдылығы = ;
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
Өнімді өткізуден түскен табыс
Еңбек өнімділігі = ;
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
Таза табыс
Активтердің рентабельділігі = х 100;
Активтердің орташа шамасы
Өнімді өткізуден түскен табыс
Активтердің айналымдылығы = .
Активтердің орташа шамасы
Кесте – 1 «WASABI» ЖШС-нің 2010 жылдың қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл аяғы |
Ауытқуы |
1 | Өнімді, қызметті сатудан түскен табыс, теңге |
14813451.00 |
15745694.59 |
+932243 |
2 | Өнімнің өзіндік құны, теңге |
12882784.00 |
4178571.44 |
-8704213 |
3 | Жалпы пайда, теңге |
1930667.00 |
11567123.15 |
+9636456 |
4 | Кезең шығындары, теңге |
1127185.00 |
12145250 |
+11018065 |
5 | Таза пайда, теңге |
562437.00 |
-578127.07 |
+1140564 |
6 | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, теңге |
355584,00 |
249355,00 |
-106229 |
7 | Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам |
45 |
48 |
+3 |
8 | Активтердің орташа жылдық шамасы, теңге |
4927076,00
|
4773594,5 |
-153481,5 |
9 | Қор қайтарымдылығы |
41,7 |
63,1 |
+21,4 |
10 | Еңбек өнімділігі, теңге |
329187,8 |
328035,3 |
-1152,5 |
11 | Активтердің рентабельділігі, % |
11,4 |
-12,1 |
+23,5 |
12 | Активтердің айналымдылығы, рет |
3,0 |
3,3 |
+0,3 |
Ескерту: ««WASABI»» ЖШС-нің қаржылық есептілік мәліметтері |
Шаруашылық қаржылық қызметтің көрсеткіштері негізгі фактор болып саналады, сапалы жұмысшыларды және ұйымның бөлімшелерінің сапалы қызметтерін сипаттайды, сондықтан да талдауға ерекше қарау керек.
Кестеден көрініп отырғандай, бұл берілген кәсіпорында барлық көрсеткіштер шамасының өзгергендігін байқап отырмыз. Атап айтқанда өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылмен салыстырғанда 932243 теңгеге жоғары. Бұл өсу жалпы пайданың 9636456 теңгеге ұлғаюына әкеп соқты. Ал таза пайда өткен жылы 562437 теңгені құраса, есепті жылы ұйым пайданың орнына 578127.07 теңгеге зиян шегіп отыр. Бұл жағдай теріс бағаланады. Кезең шығындары да өткен жылмен салыстырғанда 11018065 теңгеге өскен.
Қор қайталымдылығы өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі құралдарының бір теңгесіне келетін өнім көлемін көрсетеді. Ол жыл бойы өндірілген өнім көлемінің негізгі құралдарының жылдық орташа құнына қатынасы ретінде анықталады. Бұл жағдайда негізгі құралдардың құнына ұйым меншігіндегі және жалға алынған негізгі құралдарының құны есептелінеді де, резервте тұрған және басқаларға жалға берілген негізгі құралдарының құні есептелінбейді.
Кәсіпорынның қор қайтарымдылығы 21,4-ке немесе 51,3 %-ке артқан. Ол ««WASABI»» ЖШС-гі компаниясы өзінің негізгі құралдарын тиімді пайдаланатынын көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіштің артуына өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі әсер етіп отыр. Жұмысшылардың тізімдегі саны өткен жылы 45 адамды құраса, есепті жылда бұл көрсеткіш 48 адамды құрады. Мұнда жұмысшылар санының 3 адамға немесе 6,6 %-ке артық болуы кәсіпорын қызметінің кеңеюімен байланысты. Сол себеппен бір жұмысшының еңбек өнімділігінің азаюы байқалуда. Бұл талдауда қарасақ, активтердің айналымдылығы өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 3,3 ретті құрап 0,3 ретке көбейіп отыр. Оған әсер етуші фактор — өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі және активтердің орташа шамасының 2010 жылға қарағанда 153481,5 теңгеге төмендеуі.
Қорытындылай келгенде, бұл ««WASABI»» ЖШС-гі қаржылық жағдайы тұрақсыз, өйткені кәсіпорынның рентабельділік деңгейі төмендеп таза пайда алу мүмкіншілігіне ие болмай отыр. Сондықтан ұйым басшылығы келесі жылы дамыту бағдарламаларын қайта қарап белгілі бір шараларды, қолдану қажет деп есептеймін. Мысалы кәсіпорын жалпы және әкімшілік шығындарын басқаруға назар аударған жөн болар.