Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау

Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау туралы қазақша реферат

    Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен алмастыруда. Акив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалақ елдерде осыны қолданады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

Жоғары өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез еклген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 1-ші бөлімінің ²Қорлар² бабы және баланс активтерінің 2 бөліміндегі ²Ұзақ мерзімді инвестициялар² бабы.

Бірақ бұл кезде ²Алдағы кезең шығындары² бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айнаодыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, онда жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарында аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

Қиын өткізілетін активтер- баланс активінвң 2-ші бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 2-ші бөлім жиынының ²Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар² бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады- кассадаға, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның ²Өтімділігін², яғни активтің бірінш кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынған бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

Неғұрлым тезірек төлеуге тиісті міндеттемелер- бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлер мен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қысқа мерзімді міндеттемелер- қысқа мерзімді несиелер мен заемдер және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді заемдер мен несиелер.

Тұрақты міндеттемелер- пассивтің 3-ші бөлімінің ²Меншікті капитал² баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің ²Алдағы кезең шығындары² бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1> П1

А2> П2         

А3> П3

А4< П4

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін тұғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік ²Баланстау² сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімдлігінің абсолютті өтімділіктен аздық-кқпті айырмашылық болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігін анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қықа мерзімді міндетемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Өтімділік деп- ²Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі²,- деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірнше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді.

Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек. Кесте-13

Активтердің өтімділігі бойынша топтастыру

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің  

Активтер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

IӨтімділігі өте жоғары активтер

>Ақша қаражаттары

28343

75820

47477

Барлығы

28343

75820

47477

I IТез өтетін активтер

>Дебиторлық қарыз

13886833

863282

-13023551

Барлығы

13886833

863282

-13023551

I I IБаяу өтетін активтер

> Қорлар

294342

256332

-38010

Барлығы

294342

256332

-38010

IYҚиын өтетін активтер

> Материалдық емес активтер

119

132

13

> Негізгі құралдар

4322400

4374837

52437

Барлығы

4322400

4374837

52437

 «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерін өтімділігі бойынша топтастыру өтімділігі жоғары активтер жыл басында 15354975 мың теңге,2006 жылы 5768425 мың теңгеге ие болады.Ал тез өтетін активтер 2005 жылы 12266814 мың теңге,2006 жылы 10036846 мың теңге.Баяу өтетін активтер жыл басынды 2000 мың теңге,жыл аяғында 4781 мың теңгені көрсетті.Қиын активтер 2005 жылы 325461 мың теңге ал есепті жылы 325461 мың теңге көлемде өзінің үлесін қосты.Осымен келесі топтастыру міндеттемелері мен капиталды топтастыру болып табылады.Бұл топтастыру келесі 14-кеседе көрінеді.

14-кесте

Міндеттемелер мен капиталының төлемді өтеу мерзімі дәрежесі бойынша тотастыру

«Оңтүстік Жарық Транзит»

Міндеттемелер және Меншікті капитал

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

I Жедел міндеттемелер

v Кредиторлық қарыз

594648

519747

-748551

v Есептелген қарыз

13377000

13377000

Барлығы

13971648

519711

-13451851

I IҚысқа мерзімді міндеттемелер

> Ағымдағы міндеттемелер

 

98849

753711

654842

IYТұрақты міндеттемелер

>Жарғылық капитал

97

341617

3411520

>Бөлінбеген табыс

-34089

-309133

-332222

>Төленбеген капитал

341520

3411520

>Қосыша төленген Капитал

4036911

4025377

-11534

Барлығы

4355439

4057861

3622422

 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің міндеттемелері мен капиталдарын өтімділігі бойынша топтастыру кезінде 1-ші топ жедел міндеттемелер жыл басында 30563725 мың теңге,2006 жылы 13585491 мың теңге ие болып өткен жылмен салыстырғанда 16978234 мың теңгеге азйтылған. ІІ-топ есепті жыл ғана 144806 мың теңгеге ие болды.ІІІ топ міндеттемелері жоқ.IY-топ тұрақты міндеттемелері жыл басында 120128 мың теңге,2006 жылы 4810432 мың теңгеге ие болып,өткен жылмен салыстырғанда 4690304 мың теңгеге жоғарылаған.Осы көрсеткіштің жоғарылауына бөлінбеген табыстың әсерінен болады

Баланс өтімділінің теңсіздігі

І   А  > І   М

ІІ  А  > ІІ  М

ІІІ  А  > ІІІ  М

IY  А  <  IY  М

Кесте-14

Төлем күнтізбесі

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің

Активтер

2005 жыл

2006 жыл

Міндеттемелер және Меншікті капитал

2005 жыл

2006 жыл

І

28343

75820

І

13971648

519747

ІІ

13886833

863282

ІІ

98849

753711

ІІІ

294342

256332

ІІІ

 

 

IY

4322400

4374837

IY

4355439

4057861

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтері мен міндеттемелерін өтімділігі бойынша төлем күнтізбесісіне салсақ әр топтары бойынша анық көре аламыз.Мысалы,І топ басында 28343 мың теңге,І топ міндеттемелері 13971648 мың теңгеге ие болғанын көріп отырамыз бұл кесте теңсіздіктің қай топта сәйкес келмегендігін көруге көп мүмкіндік береді.

«Оңтүстік Жарық Транзит»ЖШС-нің жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтері мен міндеттемелерінің өтімділігі бойынша топтастыру кезінде баланс өтімділігінің теңсіздігі бойынша сәйкестендірілген кезде баланс өтімділік теңсіздігінің І топ активтер сомасы І топ міндеттемелер.

Жоғарыда көрсеткен теңдеудің біреуі орындалмаса баланс өтімділігі жоқ болып табылады. Осымен баланс өтімділігі жоқ деуге болады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және онымен тығыз байланысты болады. Төлем қабілеттілігін ұзақ мерзімді қарыздарын уақтылы келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды. Және де төлем қабілеттілік дегеніміз өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі деп түсіндіріледі.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенционалды құрал болып табылады. Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориалық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағытталса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдар құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеу ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты

міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Аралық өтеу коэффициенті-ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебіненемес, сонымен қатар өткізілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0,5-тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеу тиіс.

Жалпы өтімділік коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негіздеомеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.