АҚШ-ТЫҢ АУҒАНЫСТАН ЖӘНЕ ИРАКПЕН СОҒЫСТАРЫ

2001 жыл дүниені қайдағы бір «ассиметриялық соғыс» дүр сілкіндірді. Тұракты әскері жоқ эксаумактық ұйымдар мен мемлекеттік айғақтары сайма-сай елемдік деңгейдегі державалар арасындағы соғыс. «Әль-Каиданың» АҚШ-пен соғысы. Тақырыпқа кіріспестен бұрын жалпы Ирак пен Ауғаныстандағы мемлекет құрылысына тоқталған жөн. Себебі осының салдарынан АҚШ-тың бұл аймақтағы қызығушылықты ашуға мүмкіншілік туғызады.

Ежелден бастап Ирак жерінде /екі өзең аралығы немесе Месопотамия/ Аккад, Вавилония, Ассирия секілді мемлекеттер өмір сүрген. 1921 жылы Ұлыбританияға тәуелді мемлекеттер құрылды. Ирак 1932 жылға дейін Ұлыбританияның доминионы ретінде дамып келді, ал 1958 жылдан бастап өз тәуелсіздігіне иеленіп, мемлекеттік құрылысын қалыптастырған. Сол жылдан бастап елдегі британдык әскери базалары жойылды. Соның нәтижесінде жаңа үкімет өзінің дербес әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүргізе бастады.

1968 жылдары мемлекет басына Социалистік Араб Өрлеу Партиясы келді. Осы партияның бас көтеруімен Ирактың барлық мұнай өнеркәсіп саласы ұлттандырыла бастады да, сол сәттен бастап Батыс елдерінің кері көз қарасын қаратып алды. Сол мезеттен бастап Батыс елдерімен АҚШ Иракқа қарсы ұстанымдарын қатаңдатты.

1979 жылдан бастап ирак пен иран арасындағы байланыс шиелінісе түсті. Бұл шиеліністі жағдай 1980-1988 жылы Иран-Ирак соғысына себеп болды. 1990 жылы Ирак өз әскерлерін Кувейтке еңгізді де АҚШ арасындағы ара-қатынасын мүлдем бұзып алды. Ал АҚШ-қа осы сәт кажет болды. Себебі Буш үкіметінің негізгі амбициялык мақсаты ирактағы басты мұнай құбырларын өзіне қаратып алу болатын. 1991 жылы ирак соғыстан жеңіліп шыққан соң дүниежүзілік қауымдастықтың келісуімен Иракқа қарсы сауда-экономикалық санкциялар қойылды. Осы сәттен бастап Ирак еліне АҚШ тарапынан ірікті салына бастады. Біріншіден АҚШ елдегі жаңа саяси табанды қалыптастырды. Екіншіден оған саяси-экономикалық қолдау көрсетіп, Саддам Хусейінге айдап салды. 1994 жылы Ирак Ұлттық Конгресс Ұйымы Күрдістанда Саддам Хусейін үкіметіе қарсы саяси қимылдарын бастады. ИНК кейбір ала отырып, елдегі әлуметтік-экономикалық тұрықсыз жағдайды күрт нашарлатты.

Онсызда қиын жағдайға душар болған халық екі саяси блок арасында бөліске салынды. Бұл жағдай шиеленіскен соң 1988 жылы АҚШ-тағы Билл Клинтон үкіметі Иракты босату актісін әзірлзді. Ол АКТ бойынша АҚШ Иркатағы оппозиция үкіметіне қолдау көрсету мәселесін екі есеге көбейтті.

Ирак 1990 жылғы кабылдаған азағанға сәйкес Халықтық Демократиялык Республика болып қалыптасқан. Әкімшілік басқару бойынша Ирак 16 мухафазға, яғни губернаторлыққа бөлінеді. Ирак /Ирак республикасы, арабша Джумхурия аль-Иркия / Оңтүстік-Батыс Азиядағы мемлекет. Жалпы жер көлемі 444 мың кв.км, халық саны 19,4 млн. адам, оның 75 пайызы жергілікті арабтар, ал 20 пайызы күрттер болып келеді.

Жаңа геосаяси күш өзін жантүршіктірер тасжүректік тұрғысынан да танытты. Оның аты «халықаралық терроризм» еді. Тұңғыш рет ғаламдық ауқымда жаһан адамдары өлім әкелетін және күйрететін дұшпанының касынан табылатын, оның зұлымдық істерінде шек болмайтынын сезінді. Ол халыкаралық құкықты мойындамайды, мемлекеттік шекаралар оны тоқтата алмайды немесе одан сақтана алмайды, «бейбітшілік кепілі» қаншама қуатты болса да одан үстемдігін жимайды-деп террористік ағымның қаншалықты корқынышты болғанын Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде нақты атап өткен. Дегенменде мұның төңірегі қайда, неге қазіргі таңда Христиандық әлеммен Мұсылман әлемі қарулы бәсекеге кірісті және оның тамыры қайда жатыр деген сұрақтарға жауап іздестіру қажет [51].

Террористік ағымның туындауына АҚШ пен Батыс елдерінің өзі кінәлі деп ойлауға бола ма? Деген сұрақ туындайды. Әрине «ерегісте біреуі өлер, өлмесе екеуіде өлер» деген нақыл сөздің төңірегінде АҚШ-тың екенші дүниежүзілік соғыстан кейін күшеюі, одан соң өз мүддесін артыруда әлсіз мемлекеттердің ішкі-саяси өміріне араласа отырып, ірі мемлекеттерді ерегістіріп алады деуге болады. АҚШ әскерлерін баста Вьетнамға, одан соң Таяу Шығыс елдеріне енгізуі салдарынан сол аймақтарда қарулы экстремистік ұйымдардың пайда болуына әкелді. Ендігі кезек ауғаныстан мен Иракқа, одан соң Солтүстік Корея мен Каспий жағалауына де енуі мүмкін [52].

«Аш бала, тоқ баламен ойнамайды» деген қазақтың накыл сөздері бүгінгі тарихи процесстерді болжап бергендей, АҚШ өз күшінде болғандықтан кез келген ел тағдырын шешіп беруге дайын, тіптен оған өз мемлекеттік құрылысын мен дайын басқару жүйесін еңгізугеде дайын. Сондықтан бұл процестерді қарастыру үшін АҚШ-тың жан-жақты саясатын сараптан объективті түрде өткізу қажет.

АҚШ соңғы он жылдықта өзінің әскери экономикалық мүдделерін Ирак және Ауғаныстанға бағыттағаны жұртшылыққа мәлім. Сондықтан бұл мәселені егжей-тегжей қарастыру үшін баста аталмыш елдердің географиялық орналасу тиімділігін және негізгі экономикалық потенциалын қарастыру абзал. Себебі экономикалық жағынан маңызды бұл елдердің орналасу аймағы да АҚШ үщін стратегиялық ықпалдастық аймақтарды бақылау жөнінен қажет болып отыр.

Ирак Республикасы өз атауы Жумхурия әл Иракия/ Оңтүстік Батыс Азияда, Тигр және Ефрат өзеңдері бойынд орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км 2. Халқы 22,4 млн. адам. Түрғындарының 75%-арабтар, 20%-курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армияндар. Халқының % Ислам дінінің шиит бағытын, 34% сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдат қаласы [53].

Ирактың экономикасы әулетті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай, табиғи газ, фосторт қорлары бар. Иран-Ирак соғысына дейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21-26 млрд. американ көлемінде пайда тауып отырды. Ол ақша елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, жаңа индустрия мен инфроструктураларды дамытуға жұмсалды. Мұнай шығару, оны өңдеу, газ өндіру, цемент, электроэнергетика, көлік жасау т.б. салалары дамыған.

1998 жылы Ирак үкіметі БҰҰ арнайы комиссиясын жұмыс істеткізбей тастады. Сондықтан елге экономикалык байкот жариялау әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл экономикалық дамуына амбарго көрші елдердің экономккалық дамуына да кері әсерін тигізді. 2001-2002 ж.ж. АҚШ үкіметі Ирак террорлық қастандықтарды қолдайды, «зұлымдық үясы елдерінде» жатады, сол себепті Ауғаныстаннан соң, оны соққының астына алып, ел басшысы С.Хусейіннің көзін жою керек деген пікірді әлем халықтарына жариялап келеді [54].

Дүниежүзілік сауда орталығын паш еткен Аль-Каида мүшелерін жою себімен АҚПТ 2001 жылдың қазақ айынан бастап Ауғаныстанға қарсы әскери қимылдарын бастады. Терроризммен айыпталған бұл терористік ұйым АҚШ-ты жаңа қадамға итермеледі. Орта Азияда Өзбекстан мен Қырғызстан бұған колдау көрсетті және АҚШ-тың амбициялық мақсаттарын іс жүзіне асыруда көмектесті. Ортағасырлық деңгейде дамып келе жатқан Ауғаныстан елі ежелден империялардың бақталастық орталығына айналғаны сөзсіз. Сондықтан бұл аймақта өз позицияларын мығымдастырып, Каспий аймағыда нақты орнығу мақсатында АҚШ Орталық Азия мемлекеттерін осы соғысқа тарты. Соғыс бар-жоғы бірнеше ай жалғасты және бейбіт халықтың қаңғырып, босып кетуіне себеп болды. Соғыс қорытындысы Ирактағы соғыс қимылдарына үласты. Ауғаныстанда Талиб; үкіметі жойылды, Хамид Карзаи басқаратын жаңа басқаратын жаңа басқару жүйесі орнатылды. Дегенменде күні бүгінге дейін Ауғаныстандағы мемлекеттік құрылыс әлі де өзгеріске ұшыраған жоқ.

Ауғаныстандағы соғыс аяқталған соң ел үшін жаңа конститутцияның жобасын дайындау мәселесі қарқынды түрде жүргізілді. Конституциондық құрылыс дауысқа салынып, парламентке сайлау өтті. Экономикалық өзгеріс жоспарлары дайындалды. Алайда бұл жаңалықтар әлі де Ауғаныстан экономикасын өзгертетіндей қадам жасамады. Қауіпті жағдайлар Ауғаныстан елін баулап жатыр. АҚШ көзбояушылық жасап Ауғаныстанға көмек көрсетуді жоспарлағанымен оның нәтижесі күні бүгінге дейін өз сарапшыларын күтуде.

НАТО күштері Ауғаныстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілікті өз қолына алды. Кейбір мемлекеттер американ әскерлеріне қолдау көрсетіп, әскери контингентін жолдады. Көптеген американ әскерлері елге бостандықпен демократиялық құрылысты орнатамыз деген ұранмен соғыс қимылдарын жалғастыруда. Алайда оның астарын мағынасы АҚШ-тың аймақтағы стратегиялық мақсаттарымен тікелей байланысты. АҚШ-тың бұл бағыттағы негізгі саясатын П-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі капитуляциялық жылдарға ұқсас болып келеді. Себебі соғыс жылдарынан кейін Трумэн үкіметі ГФР-ден екі есе экономикалық шығындарын қайтарып алған болатын [55].

АҚШ-тың Ауғаныстан соғысында, одан соң Ирак соғысындағы іс-әрекеттеріне байланысты Ресейдің ұстанымы да маңызды болып келеді. Ресей Ауғаныстан соғысында АҚШ-қа қолдау көрсетті, ол біріншіден Өзбекстанда АҚШ әскерлерінің шоғырлануына қарсы болмады, ал екіншіден Ресей Президенті Путиннің де өзіндік стратегиялық мақсаттары болды. Өзбекстан мен АҚШ арасындағы келіспеушіліктің туындауы мүмкін. Себебі соңғы жылдары И.Каримов үкіметі өз елінде терроризммен күресіп жатырмын деген ұранды дүниеге жариялап, елдегі халықтың жағдайын мүлдем нашарлатып жіберді. Өзбек халқы көрші мемлекеттерден ақша табамын деген үмітпен жер аударуда. Ал соңғы Әндіжан көтерілісі Өзбекстандағы саяси жағдайдың мүлдем шиеленісті екендігін дәлелдей түсті. Сондықтанда келешекте Ресей мен АҚШ арасындағы саяси келіспеушілік осы елге байланысты тұжырым жасауға болады. Сондай-ақ мұнай мен газ тасымалдау мәселесінде де екі ел арасындағы дағдарыстың туындауына серпінін тигізеді.

1998 жылы Ауғаныстан арқылы мұнай құбырын жүргізу жоспары қарастырылған болатын. Сол жобада Unocal американ компаниясы атсалысқан болатын. Компания Талибан үкіметімен келіссөздер жүргізіп Орта Азия мұнайын Ауғаныстан арқылы тасымалдауын қарастырған болатын. Бұл келісімдер Кения және Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріне жарылыстардың болып өтуіне байланысты тоқтатылған еді. Жаңа жоба Ауғаныстан соғысы аяқталған соң қайта қолға алынуда. Алайда бұл жолы АҚШ Ресеймен санасуға міндетті болады және Ресей үшін жобадағы қаржы мәселесі өте маңызды болып саналады. Сол үшін АҚШ өз позицияларын жан-жақты қарастырып, ауғаныстандағы жағдайды дағдарысқа ұшыратқан болатын. Бір жақтан АҚШ Президенті ДЖ. Буштың Грузияға шеккен сапары да жайдан-жай оқиға емес. Бұл сапардағы АҚШ-тың мақсаты Кавказ елінде ықпалдастық торапқа ендіру болып табылады [56].

Ал Ауғаныстан Талибан режимнің құлатылуы бейбіт халыққа үлкен зардабын тигізді. Керісінше бұл соғыс елдегі жағдайды одан сайын шиеленістірді. Ауғаныстан үшін батыстың әзірлеген үкімет басқару жүйесі, түрлі тарихы болған тораптарды біріктірді. Сондықтан келешекте пештун ұлтшылдары мен Пәкістан топтары және Талибан қалдықтары арасында Ауғаныстанда жаңа ішкі саяси қыртысқа әкеліп тіреуі абзал. Қазіргі танның өзінде-ақ ауғаныстандағы АҚШ қарсы көрсетіп жатқан қарсылықтары осының дәлелі болып келеді. 14-16 мааыр 2005 жылы теледидар материалдарына қарағанда Ауғаныстан, АҚШ әскерлерінің мұсылмандардың киелі кітабы Құран-Кәрімді мадақтауына байланысты наразылықты көрсетті. Шын мәнінде үңілетін болсақ АҚШ мұсылман елдерінің, соның ішінде Ауғаныстанның ішкі саяси өміріне арласып, елдің наразылығын тұтындырып алды. Бұл саяси ағым мұсылман әлемі мен АҚШ арасындағы жаңа соғысқа итермелеуі мүмкін [57].

2002 жылдың наурыз-сәуір айларында АҚШ өзіне қолдау білдірген 46 көпжақты декларациялар БҰҰ, НАТО, ОАГ, АНЗЮС тарапынан да болды.

АҚШ-тың орталық басқаруындағы жауапкершілік аймағына 17 мемлекет 16500-ден астам әскери қызметкеріч жіберді. 136 мемлекеттүрлі формада әскерикөмектерін ұсынды. 142 мемд екет террористерді қолдайды деп күдіктенген ұйымдардың активтерін қолда ұстау туралы жарлықтар мен заңдар шығарды. 190 мемлекет мұндай шараны жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді. 11 қыркүйектен бастап 60-тан астам елден «Әл-Каиданың» 1000-ға жуық агенттері түтқындалды [58].

Антитерроистік коалицияның әскери тактикасын сынап келгенде, Ағаныстандағы опперациялық жүзеге асыру барысында террористер базасына ракета бомбамен аса дәлдікпен аққылар беруге ден қойды. Бұл жерде американдықтардың негізгі тактикасын созылмалы да індеткен соғыс науқанына үрынбау болатын. Бұл ретте, барлық мақсат мейлінше мұқият ойластырылған аз мерзімді шарт қимыл опперациясына негізделген.

НАТО-ның әскери күші антитеррористтік коалицияның жауынгерлік өзегі болды. Кезінде 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористер шабуылы тұтастай альянсқа әскери шауыл ретінде бағаланған болатын. АҚІП басшылық еткен антитеррористік коалиция күштерінің Ауғаныстандағы әскери акциясы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімінде БҰҰ Жарғысына сай келетін шара ретінде бағаланды. Бұл құжаттың 51-бабына сәйкес, егер БҰҰ-ның мүшесіне қарулы шабуыл жасалатын болса, әрбір мемлекеттің жеке немесе ұжымдық қорғаныс жасауына құқығы бар.

2001 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айы аралығында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның антитеррор істік саясатындағы кейбір бағыттарды нақтылай түскен тағы да екі шешім қабылдады. Осыған орай 2001 жылдың 28 қыркүйегінде БҰҰ террористік актілерді жүзеге асыруға бағытталған қаржы көздеріне немесе осындай қадамдарға дем беретін кез-келген қызмет түрлеріне тосқауыл қоюға мемлекеттерді мүмкіндігінше шара қолдануға міндетті. Бұл шешімнің жүзеге асуын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан бақылап отыру үшін арнайы контртеррористік комитет құрылды [59].

Ауғаныстан елінінң есірткі мен апиынды дайындайтын орталық ретінде танылғанын да ұмытпауымыз қажет. Бүгінгі таңда Ауған өндірушілерінің апиын қоймаларында антитеррористік соғыстың салдарынан сатылмай қалған есірткілерінің орасан зор юры жинақталған. Мысалыға айтар болсақ, БҰҰ-ның сарапшыларының мәліметтері бойынша 2002 жылы да бұрыңғы 1999 жылдағыдай мол өнім алынып, 3,5-тен 4,6 мың тоонаға дейін апиын шикізаты жиналған. Бұл аз болғандай соңғы үш-төрт жылдың ішінде негізгі қордан сатылған апиынды есептемегеннің өзінде оң мың тоннасы халықаралық антитеррористік опперация барысында қанша іздестіргенімен, із-түзсіз табылмай кетті [60].

АҚШ-тың Иракқа соғыс ашудың бір себебі де мұнай көздерімен тікелей байланысты. Расында да энергетикалық қорының молдығынан да /ең алдымен Каспий бассейні/ Еуразиялық аймақ ірі инвестициялардың тартуда және бұл, әрине әлемдік баспасөздің назарын аударатын жағдай. Иракта тұтанған соғыс оты жаһандық дағдарыстарды шеше жөніндегі пікірді түсінікті түбірімен өзгертті. Бұл тұста коғамдық пікірді қалыптастырушы, ғаламдық саясаттың жасалуына үлес қосушы БАҚ-ның ықпалын айтпасқа болмайды. Қарапайым тілмен айтқанда «Ақпарат кісінің қолында болса, әлемді сол билейді» деген түсінік бар емес пе? Біздің меңзеп отырғанымыз Еуразиялық медиа-форум жол тартқан бір жылдың көлемінде жер бетінде талай танымсыз жәйттар болғандықтан адамзатқа қиын-қатерсіз өмір сүру мүмкін болмай қалды. Ал, Ирактағы соғыс соның ішіндегі ең ірісі. Жалпы казір БАҚ тарапынан көтеріліп жатқан бейберекет деректердің бәріне сенуге болмайды. Олардың арасында небір қортық пиғылдар, құрделі жоспарлар, түрлі ағымдардың жүргені өтірік емес. Ал АҚШ өз қолында ең ірі медиа холдингтерді шоғырландырып, дүниежүзілік саяси ағымдарды өзінің калауынша бағыттауда. АҚШ-тың Ауғаныстан мен Иракқа соғыс жариялауы жайдан-жай оқиға емес. Оның амбициялық мақсаттарын бірнеше себептермен анықтауға болады. Оның басты себебі Ирактың бай табиғи корлары, ал Ауғаныстан Орталық Азиядағы саясатты жүргізуге ең тиімді орталықтарының бірі. Рас, Ирак халқы алтынға малынып отыратын жұрт болудың орнына жүтап отыруы көпшілікті таң қалдыруы мүмкін. Батыс сәуегейлері Америка жер жүзіндегі мәселені мұны С.Хусейіннің ымыраға келмейтін қатегіздігінен, айналасындағыларды бір тарының уызына сыйғызып отырған тирандығынан көреді. Пынында да осы мәселеге тамырынан толғай тартып, тереңірек үңілу қажет [61].

Ирак халқы он жылдан астам уақыт бойы БҰҰ-ның №1441-ші резолюциясынан зардап шекті. Оны да тізеге салып қабылдатқан АҚШ [62]. Осы мерзім ішінде Ирак өз қазынасынан сыртқа сата алмай, сырттан азық-түлік, дәрі-дәрмек ала алмай әбден соры қайнады. Ал алда-жылда жаны ашып, көмек бергісі келген елдердің қимылдарын бәрін АҚШ бақылап отырды. Миллиардтаған доллар шығындап, алпауыт елдер ғарышқа бекерден-бекер үшып жатқан жоқ. Әрбір ғарыштың ұшуы сол жақтағы қауіпті елдерге қаратылған бейнекамераларды ауыстырып, оны жерге әкелеп, арнайы зертханаларда қапысыз тексеріп, егер Иракқа қай ел көмектескен болса, Америка сол бойда сол елмен соғысуға барады. Осыдан кейін қай елдің осыған дәті барады?

Мемлекеттік құрылымы мен геосаясатта маңызды орын алатын экономикалық факторға байланысты Сунь-Цзы «Егер сендемың жеңіл, мың ауыр арба, жүз мың әскер болса және егер азықты мың шақырымға апару қажет болса, онда ішкі және сыртқы шығын күніне мың алтынды құрайды. Соғыс кезінде мемлекет азықты алысқа таситындықтан кедейленеді. Азықты мемлекет қажет болғанда халық ткедейленеді. Әскерге жақын орналасқандар қымбат сатады: ал олар қымбат сатқан соң, халықтың қаржысы азаяды; қаржысы азайған міндеткерліктерді атқару қиьтн.»-деп экономикалық фактор мен басқару арасындағы байланысты, эконом ікалық қуатын арттыру үшін Сунь-Цзы, соғысты жүргізу тәртібі бойынша, ең жақсысы-жаудың мемлекетін талқандамай сақтап, қалу керектігін жазады. Осы сөздер тікелей АҚШ-қа арналып жазылған секілді.

АҚШ пен Ирак арасындағы қашықтық мыңдаған шақырымды құрайды. Осыған байланысты әскер мен қару-жарақты тасымалдау өз алдына қыруар қаржыны талап етсе, олардың күнделікті ішкі және сыртқы шығынының аз болмайтыны анық. Кейбір мәліметтерге сұйенсек АҚШ-Иарк соғысының шығыны 100 млрд. АҚШ долларынқұрайды. Сондықтан АҚШ-қа соғыс шығындарын өтеу үшін Ирактың мұнай өндіру саласындағы инфроқұрылымын сақтап қалу мен оны бақылауға алу өте маңызды. Сонымен қатар «The New York Times» газетінің тілшелері осы мәселені АҚШ-тың Иракқа қатысты соғысының басты мақсаттары мен жоспарларының маңызды құрамдасына жатқызады. Бұл жағдайдан біз жаудың мемлекетін талқандамай, сақтап қалу арқылы, оның экономикалық қуатын сақтап қалу арқылы жеңген мемлекеттің барлығын, экономикалық қуатын арттыруға болатынын байқаймыз [63].

Бұл мәселені ой елегіне өткізіп БҰҰ-ның да әбіржіген бейшара ұсқынын көріп, бүкіл ақниетті адамзат баласы жерге қарағанын атап өткен жөн. Барлығын ақша билейтін капиталистік дүниеде ештеңеге таң қалуға болмайды. Өйткені БҰҰ-ның бүкіл бюджетінің 30 пайызын АҚШ төлеп отыр. Ақыры осы абыройлы халықаралық ұйым кімге қой дерін білмей, ін ауыздағы торғайдай қыбыжықтағанын сезіну кім -кімге болса да ауыр соқты. Бір қарағанда БҰҰ АҚШ сияқты шалдауыр немересіне үнемі көмектесіп келген, барлық жылы жұмсағын соның аузына тосқан. Әбден кемеліне келіп, көбеңсіген АҚШ енді қажетің жоқ аямай бастан бір тепкен секілді. Қазіргі таңда дүниенің дауылы ауыз сарапшылары БҰҮ екіге жарылып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты құрамында Ресей, Қытай, Үндістан т.б. елдер топтасқан одақ құрылуы мүмкін екендігін мойындап отырғаны анық. Солтүстік атлант блогының өзінде де алауыздық байқалғандай [64].

«Қырғи-қабақ соғыс» саябырсытып, жиһан халқы бір тынышталып қалған қалған болатын. Енді Айқас даласында жалғыз жеңімпаздай жеке дара қалған АҚШ күллі адамзатқа қауіп төндіре бастады. Осы жанкешті әрі ымырасыз әрекеттердің түп тегіне тереңірек үнілген адам бұның барлығы байлық үшін екеніне байқайды. Әлемде бір жағдай Иркта атомдық бомбаның бар екеніне немесе жоқ екеніне Дж. Буштың көзі жету еді. Ал екінші бір жағдай ол Ирактағы мұнай қорын өзіне алу болды. АҚШ президенті өзінің күштілігін көрсеткісі келді.

Қазіргі әлемдік экономикалық тәртіп бүкіл адамзат тарихында болып көрмеген тонау мен қанаудың тосын жүйесін ұсынып отыр. Халықтар күннен күнге уәделер мен мәлімдемелерге сенімсіздікпен қарауда. Халықаралық қаржы мекемелерінің беделі нөлдік деңгейін төлетіп құлдырап кетті. Бүгінгі әлемдік экономикалық жүйені заңды казию деп айтуға болады. Осы экономикалық жүйе әлемдегі түрғындардың 75% пайызының арта қалуына септігін тигізіп отыр. Дүниежүзіндегі 1,2 млрд. адам кедейліктің ең төменгі шегінде өмір сүруде [65].

Жоғарыда атап өтілген АҚШ-тың соғыс шығынын БАҚ расстап, оның соғысқа деген жоспар шығынын 384 млрд. долларды жұмсамақ болғанында атап өткен. Бұл қыруар қаржыны АҚШ кедейленген мемлекеттерге бере ме деген сұрақ туындайды?

Соғыс барысында Ирактың Президенті С.Хусейіннің ар намысын жібермей, өзінің елін жерін қорғап қалу үшін бар ынтасымен аянбай күресті. Ол 28 сәуір 1937жылы Тикрит аумағындағы аль-Авджа ауылында дүниеге келді. Білім алған соң Саддам Хусейін жалпыарабтық «Баас» партиясының мүшесі болды. Саяси карьерасын осы партиядан бастап, Саддам Хусейін бірнеше жылдан кейін Иранға соғыс ашады. Соғыстанжеңіліске ұшырап, ол Ирактағы жеке басқа табынушылық саясатты қатты ұстана бастайды. Саддамның бұл ұстанымы Батыс елдері мен АҚШ-тың наразылығын арттыра тұсірді.

Сондықтан АҚШ-тың Ирактағы басты мақсаттарын атап өткен жөн:

1.     Таяу Шығыстағы басты мәселеге айналған ол Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс. АҚШ басқарып отыратын дүниежүзілік қауымдастық бұл мәселеге тосқауыл қоя алмады, оны тоқтауға да тырыспады, керісінше халық арасындағы араздықты пайдаланып АҚШ-тың басты мақсаты елді ұзақтан басқарып отыру отыру және «мен шешушімін» деген ұранды жамылып, елдегі амбициялық мақсаттарын іске асырып отыр. Сондықтан бұл жерде Саддам Хусейіннің  де осы жағдайды пайдаланғанын атап өткен жөн секілді. Саддам Изарилге қарсы мұсылман елдерін қолдап, өзіне одақтас мемлекет іздестірді және сол мақсатқа қол жеткізді. Бұл мемлекеттер арасында Иракқа қолдау көрсеткендерін атап өтетін болсақ ол Сирия, Мысыр және Иордания. Сондықтан Изарильге қарсы соғыс ұстанымында болған Ирактың саясатын АҚШ-қа қарсы күшейді деп сипаттауға болады. Ал АҚШ-тың басты мақсаты Иракқа көмек көмек еткен елдерге тосқауыл қою болып табылады. Осы сәттен Таяу Шығыстағы жағдай күрт нашарлады.

2.      Ол мұнай факторы. Ирак Таяу Шығыста ең бай табиғи ресурстар мен мұнайға ие. Бұл жағдай Ирактың аймақтағы ықпалдастыққа иеленуге мүмкіншілік береді және көрші елдердің Иракпен санасуға мәжбүр етеді. Себебі Ирак дайын сауда рыногы.  Бұдан тыс Иарк ОПЕК мүшесі, ол углеводородтардың көп бөлігін бақылайды. Сондықтан Парсы шығанағы көп уақытқа дейін әлі де мұнайға малынған аймақ болып есептеледі.

3.      Иракқа қарсы соғыс қимылдарының тездетілуінде басқа да орталықтардың әсері бар. Ирак барлық Батыс елдердің қызығушылығын тартады, әсіресе өзінің геосаяси орналасумен.

Ресей бірнеше рет экономикалық санкцияларын бәсеңдетуді талап еткен болатын. Бұл ұстаным Ресей пайдасына шешілмегенімен Орыс елінің Багдатпен саяси байланыс құрғысы келеді деген тұжырым жасауға болады. Қазіргі таңда Иракта бірнеше Ресей мұнай компаниялары қызмет атқаруда. Дегенменде АҚШ-тың Парсы Шығынақтағы саяси ұстанымы Ирактағы жағдайдың бәсеңдеуіне қарсы шығуда. Кіші Буштың Иракқа қарсы саясаты агрессиялық сипатта болып келеді. Ол бірінші болып Таяу Шығыстағы Иарк пен көрші елдер арасындағы байланыстардың кесілуін ұстанды. Ол үшін Буш үкіметін басқарған Колин Пауэл 2002 жылы Мысыр, Сирия, Иордания, Кувейт, Сауд Арабиясы және Израилге сапар шекті. Колин Пауэлдің аталмыш елдермен кездесудегі басты мақсаты Иракпен осы елдердің байланыс құруына шек қою және Иракқа әскери-экономикалық қойдау көрсеткен елге қарсы шығу қажет деген ойда болды.

АҚШ Президенті Дж. Буш өзінің күшті окенін әлі де көрсетіп келеді. Осындай жағдайда арада соғыс басталды. Ал оның сылтауы ретінде 11 қыркүйек 2001 жылы АҚШ-тағы экономикалық орталықтардың жарылысы болды. Осы орайда бір қызығарлық жағдай еске түседі. Жарылыс жұмыс уақыты басталғаннан кейін іс- жүзіне аеты. Алайда бір жағдайға байланысты жұмыс орындарына отыруға тиісті басшылар сол мезетте жұмысқа келмеді. Бұл кездейсоқтық пе немесе АҚПІ жарылысты өзі ұйымдастырды ме деген күмән келтіретін жағдай туындайды.

Қазіргі өлшеммен қарағанда АҚШ-Ирак соғысының басталғанына үш жылдан астам уақыт өтті. Иракта белгілі бір жүйе орнағанымен жергілікті халык наразылықтарын білдіріп, түрл: аймақтарда жарылысты қарсылыктарын көрсетіп отыр. Соғыс барысында екі жақтан да адам шығындары мол болды.

Соғыстың 20-ші күнінде Оскар сыйлығының иегері атанған американдық кинорежиссер Майкл Мур тіпті бұл соғыс «Дж. Буш үшін бизнес қана» деп мәлімдеді. Көпшіліктің есінде болар үлкен Бушта, кіші Бушта мұнай саудасының арқасында ел қатарына қосылғандар. Келешектегі олардың қаржылық жағдайы да осы мұнайға байланысты. Оның үстіне мұнай десе көзі қызарып кететін Бушты сол елдегі мұнай магнаттары, түрлі жандайшаптар Иракқа айдап салды. Бұл соғыстың себеп салдары енді түсінікті болар. Бірінде әр түрлі тілдегі ақпарат құралдары Ирак соғысына байланысты соңғы ақпараттарды жарысқа жариялап жатыр. Вашингтон болса Саддаммен күрес кезінде кімнің көмек беріп, кімнің сырт айналғанының бәрі есепте ексніи айтыи, ескертуде [66].

Бәрібір ресми Астана өз айтканынан қайтқан жоқ. Бірак әлдеқандай жағдай бола калса Каспий мұнайыда республика қауіпсіздігіне кепіл бола алмауы мүмкін. Тіпті ағылшындар мен американдықтар арасында соғыс басталмай түрып-ақ, Ирак мұнай кеніштерін өзара бөлісіп алғаны белгілі болды.

Иракқа карсы соғысқа АҚШ небір сорақы тәсілдерді қолданғаны қазір белгілі болып отыр. Американ әскерлері өзінің адамгершілік құндылықтарын жоғалтып жасөспірімдер мен әйел, тіпті ер балаларға да зорлық жасағандары болды [67].

Соғыс 20 наурыз басталды, ол жөнінде кіші Буш ресми түрде мәлімдеді де сол күні шамамен ЗОкаланы жарылғыш заттармен атқылады. Дональд Расмсфельдтің пайымдауынша сол күні АҚШ-тың коалициондық құрамына 35 мемлекет кірді. Коалициондық топтың құрамына басты соғыс серіктесі Ұлыбритания болды. Ол 45 мың адам ресурсын, 180 танк, шамамен 100 самолет және 20 кемесін ұсынды. Бұл саясатты Иракпен көршілес Түркияда ұстанды. Ол әскери базасы мен әуе жолын ұсынды. Алайда Түркияның бұлш ұстанымын соғыспен байланыстырмау қажет, себебі Түркия НАТО-ның құрамында болғандықтан АҚШ-пен келіссөздер жасауға мәжбүр болған.

Филлипиндер бейбіт әскер бірліктерй ұсынса Украина Кувейтке химиялык тазартқыш әскер бірліктерін жолдауға келісті. Болгария, Колумбия, Коста-Рика, Эфиония, Руанда, Сингапур сынды елдер тек қана дипломатиялык қолдау көрсететініне келісті. Қалған елдер соғысқа ашық карсылыктарын білдіргенімен көптеген елдерде соғысқа қарсылық білдірген ереуілдер өтті. Аргентина ашық түрде Ұлыбританияның ұсынып қолдамады. Бразилияда антиамерикандық ұстанымдар қуаттанды. Ал Израиль елі АҚШ-тың әскери операциясына сәттілік тілеп, өзінің соғысқа қатыспайтынын ашык айтты. Қытай болса әр уақыттағыдай басқа континенттердегі соғыстарға катыспайды және соғыстың тез арада бітіуін қалайды. Қырғыстан болса Орталык Азиядағы ДБК бойынша Ресещ ің одақтасы болып келеді. Бұл саясатты Армения, Тәжікістан  ұстанады. Ал Түркіменістан 12 желтоқсан 1995 жылы БҰҰ шешімі бойынша бейтарап ме ілекет болып жарияланғаннан кейін соғыс барысында бейтараптык ұстанымда болды. Францияның әр кашанда ықпалдастық бәсеке елі АҚШ болғандықтан, ол соғысқа қатң карсылык білдіріп отыр және АҚШ-тың НАТО мен ЕО ішіндегі саясатын сынға алып отырады.

Соғыс барысында АҚШ теңіздегі жүзбелі миналарды анықтау үшін тоғыз үйретілген дельфиндерді пайдаланды. Дельфиндер мина жүзіп жүрген жерге арнайы белгі беретін қалтқылар қалдырып кететін болған. Сонымен катар АҚШ жедел түрде Мароккадан 2000 маймыл алдырып, Бағдатқа шабуылдар алдында миналанған аймаққа сол маймылдарды жіберген. Уақыт өте келе американдықтардың мұнан басқа; ақулықтары, зұлымдақтары ашылатынына күмән жок.

Сонымен, кас-кағам сәт өтседе айналасын апарып-жапырып кететін кара құйындай касіретті соғыс аякталды. Екі жақтың да шығыны аз болған жок. Пентагон шығындарын қаншама жасырғанымен әскери сарапшылар оны колмен қойғандай айтып отыр. Осы опперация барысында одактастардың 318 сарбазы жер жастанып, 500 жараланып, 32 хабар ошырсыз кеткен, 16 Ирак армиясына түтқьшға түскен. Ал 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» опперациясында американдықтардың 270 сарбазы атап болған еді. Сонымен қатар Ирак армиясы одақтастарының 40 танкісін, 50 бронды техникасын, 20тікүшағын, 14әскери үпағын, 2зениттік зымырандық кешенін және артиллериялық қондырғысын жойып жіберді [68].

Міне көз алдымызда ежелгі мәдениет ошағы бүгінгі өз күнін өзі көріп отырған бір мемлекеттің талканы шықты. Ал, АҚШ жемтігін айдалаға апарып, оңаша жегенді жақсы көретін сауысқандай Ирак байлығынан дәм таттырар емес. Енді-енді бас көтере бастаған Ирак оппозициясы Ресей карыздарының қайтарылуын тек тұсінде көретін болар дегенді айтады. Осы оппозициялық ұйымдардың жетекшілерінің бірі Муваффак Фатухи «Кезінде кімде-кім Саддамға қару сатып, келісімге келген болса, бүгін оның қарызын ешкімде қайтармайды. Дауласқысы келгендер Хусейінді тауып садан сұрасын»-деп жауап берді.

Тез арада соғыстың бітуі Ирак пен АҚШ және қосымша біріккен мемлекеттер әскери күштерінін қақтығыстарының аяқталуы, осы мемлекеттер төңірегіндегі Орталық Азиямен Қазақстан Республикаларына саяси немесе экономикалык әсерін тигізе қойған жоқ.

АҚШ-тың негізгі стратегиялық мақсаты осы төңіректегі елдерге, өздерінің әлем алдындағы мықтылығын сезіндіру және өз әскери базаларын шоғарландыру болды. Айналасындағы мықты мемлекеттер Ресей, Қытай және Иранға қатысты бақталас мықты қуатты мемлекет екенін көрсету. АҚШ пен Қазақстанның арақатынасы ұлғайған сайын Қазақстанның төңірегіндегі Ресеймен Қытайдың алаңдауына қатты әсерін тигізді. Ресей өзінің АҚШ пенқарым-қатынасын өзгертпей өзіне бұрыннан белгілі қалыптасқан мақсатында, Американы өз айналасындағы елдерден ығыстырғанды калайды. Ал Қытай мемлеке і бұрыннан АҚШ гіен суық қарумен аракатынасы жақсы емес. АҚШ-тың Орта Азия мен Қазақстанға көзтігуі осы көршілес елдерге әжептеуір қатты тиеді [69].

2002 жылы шілде айында меморандумға қол қоюы Алматы аэропортын ыңғайсыз төтенше жағдайда экстремизмге қарсы ұшақтарын қондыруға рұқсат етті. Бұл АҚШ үшін және Ауғаныстанға антитеррорлық күштерге жылдам жетуге қолайлы аймақ болып саналады. Бұл жағдай Қытай мен Иранның армиясын оданда қатал дайындыққа жаңа техникалар мен ұзаққа ұшатын ракеталар шығаруына бәсекелістікке, дайындыққа итермеледі. Бұдан басқада АҚШ пен Ирактың соғыс барысында Қазақстанның АҚЙІ пен арақатынасы жиеленуі; Қазақстанның өзі де төтенше соғыс сақтығына дайындалуына тура келді. Себебі Ирактың 250 км. ұшатын ракеталары Қазақстанның Батыс аймақтарына толық жететін болды. Бұл соғыстың аяқталғанымен Ирак пен Қазақстан арасындағы арақатынас жойыла қоймауы мүмкін. Сондықтан 7 мамыр 2003 жылы Қазақстан қарулы күштер құрылған күнінде құттықтау сөз айта отырып, Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев төмендегі тапсырмаларды талап етті:

1.Салалалық жүйені бюджеттік шығынның қадағалап қана қоймай және одан жоғары дәрежеге есебін көбейтіп, әскерді нығайту;

2.Әскердің қатарын тез күшейту, толықтыру тәртібі мен қуаттылығын арттыру, сапалы дайындығынқадағалау;

З.Қатаң тәртіптің болуы және насихаттау;

4.Әскердің қосалқы бөлшек, мамандар даярлау;

5.Аумақтық дайындық қосалқы мекемелерден мамандырылған кісілергс дайындыққа басшылық ету;

б.Әскердің әл-ауқаты мен оқу-жаттығу мүмкіндіктерін көтеру;

7. Саяси әрі әскери қатынастарды шыңдап дайындау;

Ресей мемлекеті өзінің бұрынғы одақтастар мемлекеттер ішіндегі осы Орта Азия мен Қазақстанға өз көзқарасын жақсартты. Өзінің әскерлерінің келісімімен Пәкістанға және Қырғызстанға әскерлері мен техника ұшақтарын орналастырды. Бұл негізгі АҚШ пен Ирак соғысы Орта Азия мен Қазакстан үшін үлкен сабақ, Ауғаныстан мен Ирак соғысының үлкен ықпалы әсер етпес үшін үлкен қорғаныс дайындықты шап етіп отыр.

Қазакстан барлық елмен бейбіт өмір сүру тараптары болғандықтан АҚШ-Ирак соғысында да бейтараптық позицияны ұстанып, ирактықтарға көмек көрсетті. Мұнда бірнеше мемлекеттің, оның ішінде, АҚШ та Ресей мемлекетімен ортақ бітіммен Ирактағы соғыстан кейінгі аймақты жарылғыш, копарылғыш заттарды заласыздандыру үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі М.Алтынбаевтың келсімімен инженерлік саперлік батальонды Ирак мемлекетіне жіберді. Мұндағы басты мақсат, сол елдегі бейбіт халықтың аймақтық жерлеріндегі мина, снарядтарды, басқа да жарылғыш заттарды іздеп тауып залалсыздандыру мақсатында жұмыс істеп кайтты. Қазақстан соғыс қимылына, ішкі саясатқаараласпайды, тек қана бейбітшілік мақсатында екі ел арасындағы ыт ымақтастық деп тұсіну қажет. АҚШ-Ирак соғысы барысында көптеген елдер арасында қолдаушылар мен соғысқа ашык карсылық білодіргендер болды. Дегенменде қазіргі тандағы көчбен сарагпасақ АҚШ-тың негізгі «блицкригі» іс-жүзіне аспады. Константин Сыроежкиннің пайымдауынша АҚШ-тың басты мақсатының іс-жүзіне аспауынын себебі Ирактың әскери потенциалын менсінбестіктен болған жәйт. АҚШ Иракқа ядролық қару-жарағы бар деген айыппен кіргенін білеміз. Алайда қазіргі таңда ол жарылғыш заттың Ирактан табылмағаны байкалды. АҚШ керісінше ел ішіндегі ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды шиеленістірді және Ирактағы саяси тұрақтылық әліде байкалмай жатыр. Соғыс бастаушыларының басты мақсаты Саддам Хусейінмен және оның құрған жүйесімен емес керісінше сол жердегі мұнай құбырларын бакылауға және сол жерге өз үстемдігігі орнатуға бағытталғанын дәлелдей түсірді. Сондықтан АҚШ үшін бұл соғыс қымбатқа түсетін тәрізді. Есеп бойынша АҚШ соғыстан 5-10 трлн. доллар шығынға ұшырауы мүмкін. Сондықтан қорыта айтар болсақ бейбіт өмір сүрген елге империалистік мақсатпен қол сұғуды бастаған АҚШ жаулап алған территориядан шығуы қиын. АҚШ-пен тұрақты иең құқықтық негізде санаса өмір сүру қажет деп ойлаймыз. Қазіргі таңда бұл саясатты Қазақстан шеберлікпен ұстанғаны анық.