Акционерлік қоғамның қызметін талдау дипломдық жұмыс

Мазмұны

Кiрiспе
1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Кіріспе

Акционерлік қоғамдар – нарықтық экономиканың айрылмас бөлігі. Олармен  шығарылатын  бағалы  қағаздар  кәсіпорындар, ұйымдар, және жеке азаматтар арасында орналастырылады. Акционерлеу – жекешелендірудің  бір  әдісі.

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің  осы  түрінің  тиімділігін  дәлелдеу.

Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның  артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау.  Дипломдық  жұмыс  заң   негізінде  жазылған, себебі  оны  жазу  барысында  Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы  қолданылды.

Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасында  меншік  түрлерінің  ішінде акционерлік  меншіктің  үлесі  өсіп келе  жатыр. Ал  көптеген  дамыған елдерде акционерлік меншіктің үлкен үлесі норма болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасы сы осы аяда даму үстінде деп айтуға болады. Дипломдық жұмыс  меншіктің осы  түріне  арналып, оның  тиімділігін   қарастырған.

Акционерлік  қоғам  — бұл  жарғы  қоры  бар  кәсіпорын,  оның  капиталы  көптеген  жеке  капиталдарды  біріктіру  нәтижесінде,  акцияларды  шығарып,  сату  арқылы  құрылады  және  оның  пайдасын  акционерлер  дивиденд  түрінде  бөліседі.  Қоғамның  әрбір  мүшесінің  жауапкершілігі  оның  акцияларының  құнымен  шектеледі.

Дүние  жүзіндегі  барлық  ірі  кәсіпорындардың  және  ұйымдардың  негізгі  формасы  болып табылатын  акционерлік  қоғамдар  жеке  тұлғаларды  және  әр  түрлі  корпорациялардың  мүлігін  біріктіру  негізінде  экономиканы  ұйымдастырудың  жетілдірілген  механизмі болып  табылады.

Қоғамды   құру   туралы   шешім   қабылдаған   жеке    немесе    заңды  тұлғалар  қоғамның  құрылтайшылары  болып  табылады. Қоғамның  құрылтайшысы  жалғыз  тұлға  болуы  мүмкін. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелері қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.

Құрылтай  шарты  мен  жарғы  қоғамның   құрылтай   құжаттары   болып   табылады. Жалғыз  тұлға құрған қоғамның  құрылтай  құжаты оның  жарғысы  болып  табылады.

Дипломдық  жұмыс  бұл  тақырыпты  тек  теориялық  жағынан  ашып  ғана  қоймай,  сонымен  бірге  «Қазақтелеком»  ААҚ-ы  мысалында  жазылған, яғни  нақты  сандық  мәліметтер  негізінде. Мұнда  кәсіпорынның  3  жылының  мәліметтері  алынған  (2006 ж, 2007ж, 2008ж.).

Енді  дипломдық   жұмыстың  құрылымына  тоқталайық.

Бірінші бөлімде, тақырыптың  теориялық  жағы  ашылған.  Яғни,  меншіктің  бұл  формасының  мазмұны,  мәні,  оны  құру  тәртібі,  құрылтай  құжаттары,  және  сонымен  бірге  акционерлік  қоғам  формасының  меншіктің  басқа  формаларынан  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  айқындалған. Сонымен  қатар  оның  шығаратын  бағалы  қағаздары,  олардың  орналасу  тәртібі  (жабық,  жекеше,  ашық),  және  оларды  сатып  алуға  кететін  шығындар,  акционерлік қоғамның  түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары  және  тиімділігі   анықталған.

Ал, екінші бөлімде, осы кәсіпорынның 3 жыл  ішіндегі көрсеткіштері: техникалық           -экономикалық  көрсеткіштері, өндірістік — шаруашылық  қызметтен  түскен  табыстың,  өнімнің  (қызметтің)  өзіндік  құнының,  жалпы  табыстың,  таза  пайданың,  жұмысшылар  санының  және  еңбекақы  қорының  өзгеру  динамикасы  қарастырылған.  Сонымен қатар  жалпы  табыстың  құрылымы,  ондағы  шығындар  мен  таза  пайданың  алған  үлестері  көрсетілген,  және  еңбекақы  қорына  және  еңбек  ресурстарына  талдау  жасалынған.  Сонымен  бірге, әрбір  кәсіпорын  үшін  маңызды  көрсеткіштердің  бірі — өнім  (қызмет)  өндірудің  рентабельділігі   есептелінген.  Негізгі қаржылық көрсеткіштердің талдауы жүргізілген, соның ішінде:

а) баланс  активтерінің  құрамы  және  олардың  орналасуы  (өндірістік  потенциалының  көлемі,  активтердің  мобильділігі, кәсіпорынның  негізгі  құралдары, олардың  коэфициенттері,  кәсіпорынның  айналым  құралдары,  дебиторлық  қарызы,  оның  құрылымы,  және  оның  активтердің  ішіндегі  үлес  салмағы)  көрсетілген;

ә) баланс  активтерінің  пайда  болу  көздеріне  (тәуелсіздік  коэфициенті,  бөлістірілмеген  пайда,  тозу  коэфициенті,  қаржыландыру,  инвестициялау коэфициенттері,  қарыздық  және  меншікті  құралдардың  ара-қатынас  коэфициенті, және кәсіпорын үшін   маңызды    көрсеткіштердің    бірі –қаржылық    тұрақтылық  коэфициенті)  талдау   жасалынған;

б) меншікті    капиталды     талдау   (меншікті   капиталдың  3   жыл   ішіндегі  өсім  деңгейі,  құрылымы,  оның  тартылған  капиталмен  ара-қатынасы);

в) баланс  өтімділігін  талдау (баланстың  актив  және  пассив  статьялары  және  олардың  қорытындылары  салыстырылған).

Үшінші  бөлімде  акционерлік  қоғам  қызметінің  тиімділігін  көтеру  жолдары,  олардың  банкроттық  мәселесі,  оның  «Қазақтелеком»  ААҚ-ғы  деңгейі,  акционерлеудің  тиімді  болу  жағдайлары  қарастырылған.

  Дипломдық жұмыс / 95 бет