Аймақта білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру ерекшеліктері

Аймақта білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру ерекшеліктері туралы қазақша реферат

         Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңымен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметтік-экономикалық шарттар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.

Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.

Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекеттік саясаттың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім беру құқын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтемақыларын шектейді, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.

Білім беру аумағындағы мемлекетттік саясаттың негізгі принциптері болып келесілер табылады:

—         барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;

—         әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;

—         білім берудің діннен тыс сипаты;

—         білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлестігі;

—         білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;

—         білім беру, ғылым және өндірістің шоғырлануы;

—         оқитындарды кәсіптік бағдарлау;

—         білім беру жүйесін ақпараттандыру;

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі бір-бірімен арақатынаста болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары және білім беру бағдарламаларды іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – ол ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау.

Білім беру бағдарламалар білім берудің тисті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі – жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.

Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен мамандықты сезімді таңдау мен игерудің негізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіп пен біліктіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарлатуға бағытталған.

Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы білім беру бағдарламамен анықталады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мен орта білім беруден қалыптасады. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім беру – үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытудан құралады: 1-сатысы – жалпы бастауыш білім беру; 2-сатысы – негізгі жалпы білім беру; 3-сатысы – жалпы орта білім беру.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары кәсіптік білім беру негізінде екі деңгейден қалыптасады – жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары білім беру – ол жоғары базалық білім беретін бакалавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұні біріздендірілген болады, ал келесі курстарында оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады. Барлық мамандықтар бойынша (медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалавриатта оқытудың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға мүсмкіндігі бар.

Магистратурада дайындық 1-2 жылдық мерзімде жән екі бағытта жүргізіледі – ол тереңдетілген және ғылыми-педагогикалық даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге магистр аты академиялық дәрежесі беріледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игерген және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы (Ph.D) академиялық дәрежесі, ал бейіндік докторантураны игерген кезде – бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.

Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі болып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және оқу орнынан кейінгі білім алудың – мемлекеттік білім беру гранттары табылады.

Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл сайын бюджеттік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.

9-кесте

Жалпы білім беретін күндізгі мектеп

Оқу жылының басына , бірлік

2002/2003

2003/2004

2004/2005

2005/2006

Атырау облысы

202

200

200

200

Оның ішінде:

Атырау қаласы

66

66

66

65

Құрманғазы ауданы

38

38

38

38

Индер ауданы

16

16

16

16

Исатай ауданы

14

14

14

14

Қызылқоға ауданы

17

17

17

17

Мақат ауданы

12

12

12

13

Махамбет ауданы

18

18

18

18

Жылыой ауданы

21

19

19

19

10-кесте

Оқушылар саны

Мың, адам

2002/2003

2003/2004

2004/2005

2005/2006

Атырау облысы

114,8

113,2

110,3

105,8

Оның ішінде:

Атырау қаласы

49,2

48,2

46,9

44,6

Құрманғазы ауданы

14,6

14,3

13,7

13,1

Индер ауданы

7,4

7,3

7,1

6,8

Исатай ауданы

5,5

5,6

5,6

5,4

Қызылқоға ауданы

8,0

8,0

7,9

7,7

Мақат ауданы

6,8

6,7

6,6

6,4

Махамбет ауданы

6,5

6,5

6,2

6,0

Жылыой ауданы

16,8

16,6

16,3

15,8

  11-кесте

Оқытушылар саны 

2002/2003

2003/2004

2004/2005

2005/2006

Атырау облысы

29,8

10,0

9,9

9,9

Бұл кестелерден көріп отырғанымыздай мекемелер саны 1-2 бірлікке артып отыр.

Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері

Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджеттен бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда.

Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім берудегі мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады [12].

Қаржыландыру көздері болып республикалық және жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс-әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.

Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі – ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар – дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануының ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үйлестіру.

Осыған сәйкес негізгі құрал – жабдықтарды іске қосу бойынша жұмсалған инвестиция көлемін мына кестеден көруге болады.

12-кесте

Экономика салалары бойынша негізгі құрал-жабдықтарды іске қосу

нақты қолданыстағы бағалармен, млн. теңге

 

2003

2004

2005

2006

Білім беру

1171

1198

1420

220

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

1038

809

1583

2

Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде дамыған елдерде міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып табылады. Дамыған елдерде мұндай шығындардың үлесі барлық білім беруге арналған шығындардың ішінде 67 %-дан (АҚШ) 89 %-ға дейін (Жапония) құрайды. Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония) 27% (АҚШ) пен 34%-ға дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге — 0,3%-дан (Канада) 11%-ға  дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекеттік қаржыландырудың ерекшелік белгісінің бірі – ол мектепке дейін білім беруге арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы -27% және міндетті білім беруге арналған шығындардың төмен үлесі – барлығы 50%, оның ішінде жалпы академиялық білім беруге — 38% жатады, кәсіптік білімберуге  — қалған 12% жатады.

Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халық пен кәсіпорындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарына қанағаттандыруын талап етеді. Білім беру процесіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі қоғамдық  қозғалыс пен ұйымдардың, Ұлттық бірлестіктердің, діндар қауымдардың өкілдер қосылуда. Бұл арада мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды спектрінін көрсетуге құқы бар.

Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздер тартылу арқылы іске асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру.

Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айта кетсек – ол халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелерге берілетін құралдар.

Қайырымдылық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру үдерісінің барлық қатынасушылардың – білім беру орнының ұжымы, оқитындардың ата-аналары, қоғам, шаруашылық субъектілер – жігеріне байланысты. Бұл қаржыландырудың ерекшелігі – ол ақша құралдарының пайдалану тәртібін жәрдем алушы емес қолдаушы өзі анықтайды, ал, бұған кері, мекеме дербес коммерциялық іс-әрекетінен түскен табысты өз еркі пайдаланады [13].

Мектепке дейінгі тәрбиені және оқытуды дамыту

Міндеттер: 2015 жылға қарай мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуды 70 %- ға дейін көбейту.

Мектепке дейінгі ұйымдардың мектеп алды сыныптарының  материалдық-техникалық базасын жақсарту.

Бұрын жабылып қалған мектепке дейінгі ұйымдарды қалпына келтіру. Жаңа балабақшалар салу есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педогогикалық  қызметкерлерінің, оқытудың жаңа әдістері мен инновациялық ойлау қабілеті дағдыларын игерген кадрлық құрамын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ұйымдардың әр түрін дамыту.

Жалпы орта білімді дамыту. Сапалы білім бағдарламасын және олардың оқушыларға тиімді жетуін қамтамасыз ететін тиімді білім беру жүйесін құру.

Мына бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізу: білім беру мекемелерінің сапасын бағалау, ақпараттық жүйені қолдана отырып ҰБТ нәтижелерін жыл сайын талдау, интернет технологиясын пайдалана отырып өңірдің білім беру жүйесі туралы  статистикалық ақпарат жинау және өндеу қажет.

Кәсіптік-техникалықі білімді дамыту Міндеттер:жаңа заманғы оқу технологиялары және әдістерін қолдана отырып,  ұсынылған қызметтер сапасын арттыру, зерттеу мен оқытудың неғұрлым тиімді және әртүрлі нысандарын  ілгерлету.  

Жоғарғы  білімді дамыту Міндеттер:Халықаралық білім беру қызметі нарығында жоғары білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесіне сәйкес білім беру сапасын, білім алушылардың оқудағы  жетістіктерін, олардың орындалу есептілігі мен индикаторлар жүйесін,  ішкі және сыртқы бағалауды енгізу және пайдалану жалғасады.

Денсаулық сақтауды дамытдағы міндеттер: азаматтарға медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін  құру жолымен Атырау облысы тұрғындарының денсаулығын жақсарту, ауру-сырқаулық, өлім және мүгедектікті төмендету.

Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін, қаржыландыру жүйесін құру:

— қаржы ағымдарының айқындығын қамтамасыз ету, жан басына  қаржыландыру принципін күшейту;

— еңбектің соңғы нәтижесін есепке ала отырып еңбекке ақы төлеу жүйесін енгізу (көрсетілетін медициналық көмектің сапасы және көлемі мен күрделілігіне байланысты);

— ерікті және міндетті медициналық сақтандыруды енгізу;

— селода дәрігерлік амбулаторияларды акционерлеу және жекешелендіруге  медициналық қызметкерлердің кеңінен қатысуы;

Ауылдық денсаулық сақтау мекемелерін тар мамандық дәрігерлермен жиынтықтау, облыстың медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру, қосымша кабинеттер ашу арқылы көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту;

Денсаулық сақтау обьектілерін салу.

Кадрларды кәсіби дайындау және жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы

Қазақстан Республикасының дамуы қазіргі кезеңде білім беру саласына әсері бар өте маңызды өзгерістермен сипатталады. Олардың қатарында өсіп келе жатқан түлектерді тәрбиелеу мен оқытуға қажетті шарттар жасау мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты және бұл жүйенің жас түлектердің ойдағыдай дамуына әсер ететін факторлар ішіндегі рөлі өте зор. Сондықтан білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі – ол білім берудің осыған дейін жеткен деңгейін, сапасын және базалық білім алудың мүмкіндігін келешекте сақтап қалу және әрі қарай дамыту.

Бұл мақсатты шешу білім беру аумағының басымдылықтары мен олардың іс-әрекеттерін қамтамасыз ету жолдарын анықтауға байланысты. Білім беру дамуының мемлекеттік қаржылық көмекпен қамтамасыз ету қажетті басымдылық бағыттарын таңдау – ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындар арасалмағын анықтауды талап етеді. Бұл арасалмақ қазіргі уақытта білім беру деңгейлері бойынша шығындардың 4%-ға жуығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, 70%-ға жуығы орта білім беруге, 3%-дан аса кәсіптік білім беруге, 4%-ға жуығы колледждерге, 10%-дан аса жоғары білім беруге жұмсалады. Қазіргі кезеңде білім беру деңгейлері бойы шығындар құрылымы елдегі экономикалық ахуалды көрсетеді. Ал болашақта білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға баланысты өзгерістер болуы мүмкін, ең алдымен оқытудың сапасы мен тұрақтылығын сақтау үшін шығындардың бірталай өсуі.

Жоғары кәсіптік білімді кадрларды дарлауға арналған шығындар құрамына келесі баптар кіреді:

—         оқытушылар, қызметкерлер мен басқа да персоналдың еңбекақысы;

—         қосымша ақшалай төлемдер мен еңбекақының сағаттық қоры;

—         студенттердің кәсіптік практикасына арналған шығындар;

—         коммуналдық шығындар;

—         оқу-әдістемелік әдебиеттер алуға арналған шығындар;

—         басқа да шығындар.

Студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісі мен жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа әдісінің оң болғанымен, мемлекеттік білім беруді тапсырысқа арналған шығындарды жоспарлау әдістері көбінесе түрлі бағыттар мен әр түрлі мамандықтар бойынша кадрлар даярлау процесінің ерекшеліктерін есепке алмайды. Сонымен қоса, гранттар арқылы берілетін құралдар негізінде оқу орындарының ағымдағы шығындарын өтейді, ал олардың материалды-техникалық базаларын бекіту мен дамуын қамтамасыз етпейді.

Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындары, басқа да білім беру деңгейлері сияқты, өзінің әлеуетін сақтау мәселелері мен басымды бағыттар бойы әрі қарай даму мақсаттарын шешуде. Бұл мақсаттардың негізгілері болып жоғары білім беру мекемелер тізбектерінің құрылымын жетілдіру мен оқу орындарының әлеуметті – экономикалық ахуалын тұрақтандыру мен көпарналы қаржыландыру механизімін дамыту табылады.

Республикада білім саласын жетілдіру нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстары да көрініп отыр.

Орындалған ғылыми зерттеулердің көлемі бойынша облыс 2006 жылы 288,3 млрд. теңгені немесе республикалық көлемнің 7,7%-н құраған, ғылыми зерттеулер көлемі орташа өңірлер қатарына жатады (2-кесте). Орындалған ғылыми зерттеулер құрылымында ғылыми-техникалық жұмыстар үлесі    68,7%-ды құраса, республика бойынша орташа алғанда 76,5%-ды құрайды. Облыста ғылыми зерттеулермен 10 кәсіпорындар мен ұйым айналысады, онда барлығы 654 адам, оның ішінде 15 ғылым докторы, 62 ғылым кандидаттары жұмыс жасайды.

Зерттеулер мен ғылыми жұмыстардың жалпы шығындары 2664,8 млн. теңгені немесе республика бойынша жалпы шығындардың 7,5% құрайды. Инновациялық өнімдердің елеулі үлесін өңдеу өнеркәсібінің көлемі құрайды (мұнай мен балықты өңдеу).

Облыста әзірленіп, іске асыруға қабылданған келесі жоспарлар бар:

  • Атырау облысы бойынша 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • 2005-2015 жылдарға арналған ҚР ұлттық инновациялық жүйелерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
  • Атырау облысында инновациялық қызметтерді үйлестіру жөніндегі облыстық ғылыми-техникалық кеңестің 2007 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.

Атырау мұнай және газ институтының базасында Атырау қаласының аймақтық ғылыми технопаркі құрылды. Алаңы 30 га жер учаскесі бөлінді. «Атырау аймақтық технопаркі» ЖШС-н заңды тіркеу жүргізілді, зияткерлік меншік құрамына кірген жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасынан құрылтайшылар анықталды. Алаңдарды қайта жаңарту мен инвестициялар тарту, оның ішінде ҚР «Инновациялық қызметтерді мемлекеттік қолдау туралы» Заңының қабылдауына сәйкес бюджеттік қаражаттар есебінен технопарктің инфрақұрылымын құрудың мүмкін нұсқалары қарастырылуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен ҚР мұнай-химиясы өндірісінің Бас жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс әкімияты, энергетика және минералды ресурстар министрлігімен, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-мен бірігіп өңірде арнайы экономикалық аймақ «Атырау облысындағы Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркін» құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстан даму банкісімен 13 миллионнан аса АҚШ доллары сомасына   4 жоба қаржыландырылды, олар:

  1. «Атыраумұнаймаш» ЖШС жобасы — «Өнімдердің жаңа импорт алмастырушы түрлерін және жаңа технологияларды игеру» (2004 жыл — 5 млн. АҚШ доллары);
  2. «Теңіз көлік компаниясы» ЖШС жобасы — «Сұйытылған газды тасы-малдау үшін цистерналарды сатып алу» (2004 жыл);
  3. «Атырау балық» АҚ экспорттық операциясы — «Бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырықтарды экспорттау» (2005 жыл);
  4. «Қазмұнайхим-Коммерц» ЖШС – «Мұнай өнімдерін өткізу» (2006 жыл).

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен (бас) «Арнайықұрылысинжи-ниринг» ЖШС-нің — «Монолитті құрылыс үшін жабдықтарды сатып алу» жобасы қаржыландырылды (2004 жыл).

Қазақстан даму банкінің қарауында төмендегідей жобалар бар:

  • «Доссор-сервис» ЖШС — «Теміржол вагондарын қою паркінің құрылысы»;
  • «Атыраумұнай» ЖШС — «Машина жасау өндірісі үшін жабдықтар жеткізу»;
  • «Казкомсервис» ЖШС — «Металлургия зауытының құрылысы»;
  • «Теңізмұнайқұрылыс» ЖШС — «Жеміс-жидек базалары терминалы үшін жабдықтар жеткізу».

Инновациялық даму индексі бойынша өңір облыстар арасында 5-ші орын алады. Меншіктік өндіріс өнімін сату қөлемі индексі, жаңа өнім өндіру көлемі индексі, ғылыми-зерттеулерді орындаған қызметкерлер саны бойынша облыс сәйкесінше он үшінші, он бірінші және жетінші орындарды иеленеді.

Инновациялық даму индексіне қатысты барлық өңірлерде көрсеткіш өте төмен, бұл инновациялық және ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға көпшілік өңірлер қазіргі уақытта жеткіліксіз көңіл бөліп отырғандығын куәландыратынын атап өту қажет (13-14-кестелер, 7,8 – қосымшаларда көрсетілген).

Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі

Білім беру саласының қаржылық қамтамасыз етуінің тиімділігі бюджет құралдарының нақты қажеттілігінің есептемелері мен оларды дәйекті жоспарлау тәртібіне негізделеді. «Білім беру туралы» Заңға сәйкестік мемлекет жыл сайын білім беру шығындарын қаржылындыруға бюджет құралдарын бөлуді кепіл етеді. Бұл құралдардың мөлшері бюджет жүйесінің  деңгейлері бойынша  кірістер көлемімен реттеледі. Сондықтан, білім беруге арналған шығындарды бюджетке енгізу олардың қажеттілігімен қоса сол шығындарды іске асыру қаржылық мүмкіншіліктерімен анықталады.

Білім беру саласына арналған бюджет құралдары бюджеттік жіктелуге сәйкес бөлінеді. Бұл саланы ұстауға арналған бюджеттік ақшаны жоспарлау тәртібі әрбір мекеме үшін іс-әрекетінің белгіленген өндірістік көрсеткіштерін есепке алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы, осындай көрсеткіштер болып мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін балалар мен топтар саны, мектеп үшін – оқушылар мен сыныптар саны болып табылады. Шығындарды есептеп, белгіленген формаларды пайдалана отырып, шығыстардың экономикалық жіктелу ерекшеліктері бойынша анықталады [15].

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметкерлер емес жұмыскерлерінің негізгілік еңбекақысына арналған шығындар есептемелерін құру үшін 02-111 және 03-111 формалары толтырылады. Бұл формаларда мамандық  пен қызмет атаулары, жұмыскерлердің категориясы мен стаждары бойынша мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің айлық еңбекақы сомалары анықталады.

Білім беру мекемелерінде тамаққа арналған шығындар есебі үшін 01-131 форма толтырылады. Бұл формада бір оқушы немесе бір балаға шаққандағы тамақ нормасы мен олардың орташажылдық сандық негізінде тамақ азықтарын алушылардың атаулары көрсетіледі. Үкімет тағайындаған нормативтер негізінде коммуналдық және электроқуатқа арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-141 және 01-144 формалар толтырылады. Ғимараттар, құрал жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ұстау, күту және жөндеуге арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-146 форма толтырылады.

Нәтижесінде, осындай есептемелер негізінде қажетті бюджеттік құралдар көлемі анықталып, білім беру мекемесінің қаржыландыру жоспары қалыптастырылады. Бұл құжатқа мекеменің аты мен мекен-жайы және бюджетті жіктелудің кодтары, бюджетке шамаланған кірістер түсуіне сәйкестік тоқсан сайын қаржыландыру көлемін бөлуімен экономикалық жіктелудің ерекшеліктері бойы бекітілген құралдар сомасы көрсетіледі.

Экономикалық әдебиет беттерінде білім беру мекемелерінің шығындарын есептейтін түрлі әдістер ұсынылады. Солардың бірі, ақпараттық жалпы қаржылық болып есептелетін, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерін пайдалануға негізделеді. Бұл көрсеткіштің мағынаны анықтағанда басқа да функционалдық көрсеткіштердің деңгейін есепке алу қажет, мысалы, мұғалімдер кадрлары мен олардың саны, орта мектепте білім алу мүмкіндігін, негізгі құралдардың көлемі мен жағдайын және тағы басқаларын.

Мысал ретінде экономикалық әдістердің бірін пайдалану мүмкіндігін қарайық. Бұл әдістің негізінде оқушылардың біріне шаққандағы орта білім беруге арналған шығындар мөлшері алынған. Республика бойынша осы көрсеткіштің деңгейі орташа есеппен алғанда 156 АҚШ долларын құрайды. Бұл мөлшерді бастапқы шығын ретінде пайдаланғанда, оның жеткілікті деңгейін анықтау үшін қор коэффициентін (Қк) енгізу қажет. Осы коэффициенттің мөлшері, макроэкономикалық  көрсеткіштер өзгерістерінің негізінде білім беруге арналған шығындар сомасы объективті түрде өсу мүмкіндігін есептегенде, мысалы 30%-ды құраса, онда 1,3-ке тең болады. Демек орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар мөлшерін  (Сж) келесі формула арқылы анықтауға болады:

Сж= Кқ * Сб =1,3*156  = 202,8 АҚШ долл./ адамға

Бұл нәтиже республика бойынша көрсеткіштің орташа мөлшерін көрсетеді, ал ауыл мен қала мектептері бойынша орта білім беруге арналған шығындар мәнін анықтау үшін осы есептелген көрсеткішті саралау қажет. Ауылдық мектептердің ахуалын және барлық оқушылардың жартысына жуығы осы ауылды жерде тұратындарын есептей отырып, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерінің есебін әр түрлі дұрыстау коэффициенттерді (Кд) пайдалану арқылы анықтауға болады, яғни, мысалы, ауылдық жердегі мектептер үшін Кд = 1,1, ал қалалақ қоныстану мектептер үшін Кд = 0,9. Демек аймақтар бойынша орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар көлемі (Сжр) айтылған ерекшеліктерді есептей отырып, келесі формула арқылы анықталады:

Сжр = Саж * Оса + Сққ * Осқ, мұнда

Саж – ауылдық жердегі мектептер үшін оқушылардың біріне септелген шығындар мөлшері;

Сққ – қалдалық қоныстану мектептер үшін оқушылардың біріне септелген шығындар мөлшері;

Оса – аймақ бойынша ауылдық жердегі мектептердегі оқушылар саны;

Осқ – аймақ бойынша қалалық қоныстану мектептердегі оқушылар саны.

Мысалы, 2006 жылы желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша Атырау қаласындағы оқушы саны 44600 болса, Исатай ауданында 5400 болып отыр.

Сж.р.=1,1*5400+0,9*44600=5940+40140=46080 АҚШ $ құрап отыр.

Мұнда тек 2 аймақ бойынша есептеліп отыр.

Республикалық бюджеттің денсаулық сақтауға арналған құралдарды жұмсау келесі бағыттар бойынша анықталған:

  • Жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету;
  • Республикалық деңгей бойынша табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою маңында жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыру;
  • Республикалық мәндегі денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдардағы медициналық сауықтырып шығару;
  • Психиатриялық аурулары бар және қатаң байқау талап ететін адамдарға медициналық жәрдем көрсету;
  • Сотты-медициналық және сотты-психиатриялық сарап жүргізу;
  • Ауруларды шетелдерде емдеуді ұйымдастыру;
  • Айрықша қауіпті індеттерге қарсы іс-әрекет;
  • Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру;
  • Республикалық деңгей бойынша халықтың, мемлекеттік шекара мен көлікте санитарлы-эпидемиялық саулықты қамтамасыз ету;
  • әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың жанұя мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен басқа да категория азаматтар құрамынан шыққан зейнеткерлерге заңнамалық актілерге сәйкес медициналық қызмет көрсету; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығындардан басқа азаматтар денсаулық сақтау саласындағы іс-әрекет.

Осы мақсаттарға арналған шығындар құрамы бюджеттер бойы бюджеттік жіктелуге сәйкес анықталған. Мысалы, республикалық бюджет шығындар құрамына 05 «Денсаулық сақтау» атты функционалдық топ және оның ішіндегі 01 «Кең профилді ауруханалар», 02 «Халық денсаулығын сақтау», 03 «Мамандырылған медициналық жәрдем», 03 «Денсаулық сақтау аумағындағы басқа да қызметкерлер» атты кіші функциялар кіреді.

Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері ретінде келесілер табылады:

  • республикалық және жергілікті бюджеттер құралдары;
  • халықаралық ұйымдары құралдары (денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық бағдарламалар);
  • нормативтер үстінде ақылы медициналық қызмет көрсету мен шаруашылық іс-әрекеттің басқа түрлері арқылы алынған медициналық мекемелердің құралдары;
  • азаматтардың өздік құралдары;
  • заңды және жеке тұлғалардың, сонымен қатар басқа мемлекеттердің ақысыз және игі қайырымдылық жарналары;
  • заңнамалармен тыйым салынбаған басқа да көздер.

Бюджеттік қаржыландыру жүйесімен қатар маңызды бір көз болып медициналық қамсыздандыру табылады. Ол қосымша қаржы ресурстарды пайдалануға мүмкіншілік береді және халық денсаулығын сақтау жұмысындағы экономикалық мүдделілігінің механизмін құрайды.

Денсаулық сақтау саласының әлеуметті-экономикалық маңыздылығы және осы салаға бөлінген бюджет құралдарының едәуір үлкен көлемі шығындарды сапалы жоспарлау мен құралдарды тиімді талап етеді.

Денсаулық сақтауға арналған шығындарды қаржыландыру жоспары ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық даму жоспарлары негізінде қалыптастырылады. Денсаулық сақтауға арналған шығындарды жоспарлау есептемелерінің негізін құрайтын оперативті-тізбекті көрсеткіштер ретінде келесілер пайдаланады:

  • орташа жылдық орындар саны;
  • жыл бойы бір кереуетті пайдалану күн саны;
  • барлық орын-күн саны;
  • дәрігерлік қызметтердің орташа жылдық саны;
  • дәрігерлік қатысу саны.

Оперативті-тізбекті және өндірістік көрсеткіштер негізінде және бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктеріне сәйкес денсаулық сақтау мекемелерінің бекітілген форма бойынша шығындарды қаржыландыру жоспары есептеледі. Уәкілетті басқару органымен бекітілген және тиісті қаржылық жылға құрылған бұл қаржыландыру жоспарда денсаулық сақтау мекеменің құралдарының жалпы көлемі, мақсаттағы бағыты және тоқсан бойынша бөлінісі көрсетіледі [16].

Жалпы Атырау облысы бойынша денсаулық сақтау саласының жағдайын мына кестелерден көруге болады (9-қосымшада көрсетілген).

адам


1-сурет. Дәрігерлер мен орта медбике қызметкерлерінің саны

 Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру.  Мамандырылған медициналық жәрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері

Денсаулық сақтауға арналған шығындардың жалпы көлемінің ішінде ең үлкен үлес салмақты емдік-профилактикалық мекемелерді ұстауға арналған шығындар алады. Мұндай шығындарға келесілер жатады:

  • барлық ауруханалық мекемелер түрлері;
  • амбулаториялы-емханалық мекемелер;
  • ана мен баланы қорғау мекемелері;
  • диспансерлер;
  • айрықша типтегі денсаулық сақтау мекемелері;
  • шипажайлық мекемелер.

Емдік-профилактикалық мекемелер шығындарын жоспарлау мен қаржыландыру бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктері бойынша арнайы формалар толтыру арқылы іске асырылады. Денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік қызметкерлер емес жұмыскерлерге негізгі  еңбекақы төлеуге арналған шығындар есептемелерін жасау үшін 04-111 форма толтырылады. Мұнда қызметтер атаулары мен категориялары бойынша жұмыскерлердің ай сайынғы жалақысының сомасы анықталады.

Денсаулық сақтау мекемелерінде тамаққа арналған шығындарды есептеу үшін 02-131 форма пайдаланады. Мұнда бөлімдер атаулары, орташажылдық орын (кереует) – күн саны, бір орын – күнге есептегендегі тамаққа арналған шығындардың нормасы, шығындардың жалпы сомасы көрсетіледі.

Тұрақты (стационарлық) денсаулық сақтау мекемелерінде дәрі-дәрмектерге арналған шығындарды есептеу үшін 02-132 форма құрастырылады. Бұл құжатта бөлімдер атаулары, емделетін аурулардың жоспарлық саны, бір күнге шаққандағы бір ауруды емдеу құны, бір аурудың ауруханада болған орташа күн саны, дәрі-дәрмекке арналған шығындар сомасы көрсетіледі. Ал амбулаториялы-емханалық мекемелерде дәрі-дәрмек шығындарын есептеу үшін 03-132 форма қарастырылады. Мұнда жоспарлап отырған дәрігерлік қатысу саны, бір қатысуға қажетті дәрі-дәрмек құны және барлық шығындар сомасы көрсетіледі.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемелерінде басқа да шығындар есептеу үшін тиісті формалар пайдаланады. Мысалы, 01-139 форма жиһаздар мен инвентарлар сатып алуға арналған шығындарды есептеу үшін толтырылады, 04-141 – ыстық және суық су, канализация мен газға қажетті шығындарды есептеуге, 01-144 – электроқуатты төлеуге қажетті шығындарды есептеуге, 01-146 – ғимараттар, құрал-жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ұстауға, жөндеуге жұмсалатын шығындарды есептеуге қолданылады.

Республикалық бюджеттің «Денсаулық сақтау» функционалдық топ қүрамында айрықша ішкі функция арқылы мамандырылған медициналық жәрдем жасауға арналған шығындарды өтеу үшін бюджеттік құралдар беріледі. Қаржыландыру ел аумағында өте маңызды бағыттар, мысалы, аурулардың жеке бір түрларін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету немесе халықтың денсаулығын қорғау қажеттілік сияқты арнайы бағдарламалар арқылы жүргізіледі.

Осы бағдарламаның негізінде аймақтық даму стратегиясында денсаулық сақтауды дамытудың мынадай стратегиялары келтірілген.

Айналадағыларға қауіпті, аурулар мен әлеуметтік мәні бар аурулардың дамуы мен пайда болуын болдырмайтын алдын алу шараларын нығайту; санитарлық –ағарту жұмыстарын жүргізу;  ВИЧ инфекциясын және ЖҚТИ анықтау; иммундау жүргізу.

Атырау облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарлама әзірлеу және енгізу.

Атырау облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған СПИД індетіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарлама әзірлеу және енгізу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру  қызметін нығайту.

Қысқа мерзімді болашақта облыстың 7 ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру аудандық орталықтарын құру.

Салауатсыз өмір салтына қарсы экономикалық шаралар қабылдау, соның ішінде қаражаты ішімдікке және нашақорлыққа қарсы ағарту бағдарламасына  пайдаланылатын қор қалыптастыру.

2008-2010 жылдарға арналған Атырау облысы бойынша есірткіге тәуелді тұлғаларды оңалту және  емдеу жүйесін жетілдіру жөніндегі өңірлік мақсатты бағдарлама әзірлеу және енгізу.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру [17].