АЙМАҚ БЮДЖЕТІ дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……3
1 ҚР АЙМАҚ БЮДЖЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН БАСҚАРЫЛУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…….8
1.1 Аймақтық бюджеттік жүйенің құрылымы мен принциптері……..8
1.2 Аймақтық бюджеттің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері…..13
1.3 Аймақтық бюджетті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі….16
2 ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚР АЙМАҚТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ БАСҚАРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ…23
2.1 Аймақтық бюджеттің қалыптасуы мен басқарылуының ерекшеліктері (Ақтөбе мен Қарағанды облысы бойынша)…….23
2.2 Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақтық бюджеттің кірістер мен шығыстар есебін талдау (Ақтөбе облысы бойынша)……35
3 ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЙМАҚ БЮДЖЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН БАСҚАРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ………58
3.1 ҚР аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуының ұйымдастырушылық-құқықтық негізін жетілдіру жолдары…..58
3.2 ҚР аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуының тиімділігін жоғарылатудағы негізгі бағыттар…62
ҚОРЫТЫНДЫ……65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттін ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет ықшам, әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылуы тиіс. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылуды ұсынады.[1]

Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдар өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік денгейге өтуі тиіс екендігін сипаттайды. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындыктан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жаткан экономикалык, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Аймақтардың шаруашылық кызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының мәселесіне, жергілікті бюджеттерді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді.

Осындай мәселелер күн тәртібіне қойылып отырғандықтан, оларды шешу жолдарын гылыми негіздеу керектігі — уақыт талабы.

Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі кеңістіктік құрылымы мен жүргізіліп жаткан экономикалық саясаттың жемісті болуы оның жергілікті деңгейге жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек, осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылыгы да айқындала түседі. Олай болса, жергілікті деңгейдегі мәселелердің оңтайлы шешімін табу жолдарының негізі болып табылатын жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру тәрізді мәселелер ерекше зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.

Республика экономикасының дамуы соңғы жылдары аса кемелденіп, толығып келеді, оны реттеу жөнінде әр түрлі мүмкіндіктер едәуір баршылық. Біздің елімізді әлемдік қоғамдастық рыноктық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстан тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай есуге қол жеткізді.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлемдік интеграция жағдайында дамуы әр түрлі саладағы жетістіктері деңгейімен, жалпы әлемдік жүйедегі белгілі бір міндетті іс-әрекет және орны болуымен байланыстырылады. Нақтылы елдің даму деңгейі әлемдік қоғамдастықпен айкындалады, әр түрлі дәрежеде экономикаға ықпал етеді. Бұл ең жоғары орынға жетуге ұмтылдырады, соған жету рейтингінің өсуін ғана білдірмейді, сонымен қатар келешекте шынайы дамуды бейнелейді. Кез келген экономиканың рейтингі даму деңгейінің белгілі бір көрсеткіші ретінде қаралады. Ол алдағы уақытта бәсекелес әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап қана қоймай, басқа экономика тарапынан интеграция ықпалымен болатын оның тартымдылық шарты болып табылады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі айырмашылық орын алатын болса кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Сондықтан да қандай да бір елдің бәсекеге төтеп бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан нығайтудың деңгейіне байланысты.[2]

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгешеліктер объективті тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің әмбебап экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да бұл арадағы міндет осы экономикалық заңның талаптарына жекелеген аумақтардың даму деңгейлерін тенестіру үдерісін бағындырып, осы айырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.

Әрбір аймақтың экономикаға қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін өз мүмкіндіктерін пайдалануы қажет. Бұл тигізер пайдасы бар табиғи кені жоқ аумақтар үшін ерекше маңызды. Тиісті талдау негізінде аумақ үшін, соған орай, тұтас экономика үшін алдағы болашақты қамтамасыз ететін, үнемі ілгері басатын, аумақтық даму мүмкіндіктерін анықтаудың маңызы зор. Бұдан шығатын қорытынды, әр түрлі деңгейдегі экономиканың дамуын макро-және аумақтық қамтамасыз ету Қазақстан үшін бүкіл болашақтың негізі болып табылады.

Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы болымды  себебінен кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік сектор арқылы көрсететін қызметтер тең болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша тұрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджет-тік теңестіру әдісі пайдаланады.

Бұл әдістің маңызы әр түрлі аймақтар мен аумақтар бойынша қаржылық жәрдем бөлудің бірыңғай қалыпты есептемелерін пайдалану арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызмет түтынуын бірыңғай стандарттық деңгейін қамтамасыз ету тұжырымдайды. Мұндай саясат жүргізудің негізгі мақсаты — ол әрбір билік деңгейі бойынша соларға бекітілген мемлекеттік қызметті толық көрсетуін заңды түрде бекітілген ортамерзімдік болашақта тұрақты болатын кірістік қайнар көздерімен қамтамасыз ету.

1999 жылдан бері қолданып келе жатқан бюджеттік алымдар мен субвенциялар арқылы іске асатын бюджетаралық реттеу механизмі бюджетаралық қатынастардың толығымен анықтауын қамтамасыз етпеді, әсіресе төмен тұрған бюджеттерден түсетін алымдардың бөлу нормативтерін немесе бюджетаралық трансферттердің көлемін жиі айқындау әрекеті. Осыған байланысты жергілікті деңгей әрекеттегі бюджеттік теңестіру жүйесіне бюджетаралық трансферттерде есептеу әдісін бекіту және аймақтардың экономикалық дамуын ынталандырушы басқа да өзгерістер ен-гізілді.

Бірақ, оған қарамастан, жергілікті бюджеттер деңгейі арасында кірістерді бөліс жүйесі, жалпы бюджетаралық реттеу механизмі әлі де бір-бірімен қабыспайтын және тиянақсыз болуда. Аймақтық бюджеттерді атқару барысывда олардың жиі айқындалуы мен әрбір облыс бойынша әр түрлі және үйлеспеген кірістер бөлу әдістері пайдалануы орьш алады. Мәселен, әрбір аудан мен қала бойынша жыл сайын тағайындалатып үлестіруге жататын кірістер-дің жекеленген түрлері мен олардың нормативтерін немесе аудан мен қалалар бойынша үлестіруге жататын кірістердің түрлері бірьщғай, ал бөліс нормативтері әр түрлі. Сонымен қатар, жыл-сайын кірістер бөлістің бірыңғай нормативтері тағайындалса да, оларды төлеушілер әр түрлі, немесе жылсайын барлық кірістерді аудан мен қалалар бюджеттерінің есебіне қосып, соңынан бюджеттік алымдарды тағайындау болады.

Такырыптың ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Қазақстанда қоғамдык-саяси және экономикалық жүйенін өзгеруі елімізде жергілікті деңгейдегі баскару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Соңғы он жылда елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жергілікті басқаруды қалыптастыру және оны дамыту бойынша зерттелген ғылыми жұмыстар баршылық. Соның ішінде аймақтық экономиканың дамуын басқару, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындарының қалыптасуы, өндіріс орындарының алатын рөлі бағыттарында жазылған ғылыми еңбектер жеткілікті. Осы   аталган   бағыттарда   қазақстандық   ғалымдар Я.А,   Әубәкіров, М.Б. Кенжегузин, Н.Ж. Бримбетова, К.Б. Бердалиев, Г.Н. Дугалова, Р.Е. Елемесов, Ж. Елубаева, Е.Б. Жатқанбаев, Ж.И. Ихданов К.Е. Кубаев, Г.Ж. Қарағұсова, К.С. Мұхтарова, Б.М. Мұхамедиев С.С. Оспанов, С.М. Өмірзақов, К.А. Сагадиев, Г.Н. Сансызбаева, А.Н. Тулембаева, Ө.К. Шеденов және басқа да отандық, шет елдік экономист галымдар еңбектерінде жан-жақтылы баяндалған. Олардың ғылыми еңбектерінде аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу, аймақтардың дамуын баскарудағы қаржы ресурстарының алатын орны жүйелендіріліп, олардың теориялық және тәжірибелік жақтары зерделенген. Дегенмен, жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру мәселесі арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді талап етеді.

Экономиканы аймақтық басқаруға, бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге арналған ғылыми еңбектер басқару деңгейлерінің алдында тұрған мәселелерді шещу жолдарын ұсынса, біз ез зерттеуімізде жергілікті бюджетті калыптастыру мен басқарудың тиімділігін артгыру ушін басқарушы субъект ретіндегі жергілікті билік органдарының функцияларын талдауды, мемлекегтік саясаттың негізгі мақсаттарына жетудегі жергілікті бюджеттің рөлін айқындауды негіз етіп алдық. Осы мақсатта Ақтөбе және Қарағанды облыстарының жергілікті бюджетін басқару мәселесін зерттеу және онын тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау үшін дипломдық жұмыс негізге алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Дипломдық зерттеудің негізгі мақсаты — тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуын зерттеу.

Аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуын зерттеу үшін әлеуметтік- экономикалық даму үдерісіндегі жергілікті бюджетті басқарудың ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибесін зерттей отырып, онын тиімділігін арттыруға бағытталған теориялық қағидаларды және тәжірибелік ұсыныстарды жасау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

— аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу үдерісінің мәнін ашып, әдіснамалық негізіне сипаттама беру;

— тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуын зерттеу;

— жергілікті бюджетті басқарудың шетелдік тәжірибесін сараптай отырып, олардың Қазақстанда қолданылу мүмкіндіктерін айкындау;

— Ақтөбе және Қарағанды облыстарының бюджетінің қалыптасу барысын талдау және оның аймақ экономикасын дамыту мен халықтың әл-аукатын арттырудағы объективті ролін негіздеу;

— аймақтық бюджетаралық қатынастардың қазіргі жағдайын талдау негізінде орын алып отырған мәселелерді айқындау және жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында оларды шешудің жолдарын ұсыну;

— жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген нақты ұсыныстар жасақтау.

Зерттеу жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеу пәні болып аймақтық бюджетті жоспарлау үдерісі мен оны басқару барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы табылады.

Зерттеу нысаны ретінде Ақтөбе және Қарағанды облыстарының бюджетінің жергілікті бюджет қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану барысындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтар алынды.

Ғылыми-зерттеу жұмысымызда ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің, Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетеньдерінің мәліметтері, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің, облыстық статистика агенттігінің деректері, сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттарының материалдары пайдаланылды.

Ақпарат көзі ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, жергілікті бюджетті жоспарлау мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативті және заң актілері, үкіметтің, Қызылорда облысының экономикалық мәселелер жөніндегі қаулылары мен шешімдері, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, әдістемелік, анықтамалық материалдар, облыстық және аудандық бюджеттердің орындалуы туралы мэліметтер негізге алынды.

 Дипломдық жұмыс / 66 бет