Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы

 Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы туралы қазақша реферат

Аграрлық  өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес , сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауыл шаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады , яғни ауыл шаруашылығының инфроқұрылымынада байланысты.

Агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымы дегеніміз – салалар, өндіңрістер , тікелей негізгі өндіріске де, өндірістен тыс (әлеуметтік) салаларға да қызмет ететін қызметтер және қызмет түрлері формасындағы өндіргіш күштер элементтерінің жиынтығы.

Агроөнеркәсіп кешен инфроқұрылымы: өндірістік, әлеуметтік және рыноктық инфроқұрылымдардан құралады.

Өндірістік инфроқұрылымдағы материалдармен жабдықтау, техникаларды жөндеу, ауылшаруашылық өнімдерін тасу, өңдеу, сақтау, сату, сол сияқты электр қуаты , жол жүйесі байланыс, т.б жатады. әлеуметтік инфроқұрылымдағы үй-жай, камуналдық шаруашылық , мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау жүйесі, халыққа қызмет көрсету,  тұрмыс қажеттерін өтеу мекемелері, білім, балаларға тәрбие беру мекемелері т.б кіреді. Аймақтағы агроөнеркәсіп инфроқұрылымының дамуы мен қалыптасу нақтылы аймақтардың табиғи-экономикалық жағдайына тікелей байланыста. Әрбір аймақтақтың өзіне тән табиғи және экономикалық өзгешіліктері бар, сондықтан инфроқұрылымдар осы нақтылы аймақ бойынша негізгісалалардың дамуына олардың өнімдерінің көбеюіне, сапасының жақсаруына, сол сияқты әлеуметтік салалардың жетілуіне әсерін тигізеді.

өндірістік инфроқұрылым құрамына кіретін ауыл шаруашылығына тікелей қызмет ететін агрохимиялық, мал дәрігерлік, техниканы жөндеу, оларды күту, өсімдік қорғау т.б салаларды айтпағанда нарық жағдайында халықтың әлеуметтік – тұрмыс халін жаңартуды ауыл шаруашылығының негізгі салаларына қызмет атқаратын электротехникалық сала мен жол құрылыс, сол сияқты  көлік (транспорт) қатынастарының да орны ерекше. Әлеуметтік инфроқұрылымдар өндірістік инфроқұрылымдар сияқты тікелей өнім өндірмесе де негізгі өндірістік салалардың бір қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Әлеуметтік салалар өндірістің өркендеуіне халықтың тұрмыс жағдайын денсаулығын, білімін, мәдениетін, мамандық деңгейін көтеру арқылы әсер етеді.

Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымын төмендегі сызбадан көре аласыздар.(Сызба1) 

  Ауыл шаруашылығының

инфроқұрылымы

Әлеуметтік инфроқұрылым                     Өндірістік инфроқұрылым

1.материадық-       2.рухани инф-          3.жол қатынасы,    4.өндіріске

тұрмыстық инф-   рақұрылымдар          көлік                       тікелей   рақұрылымдар      оқу- ағарту,              (транспорт),            қызмет

қоғамдық               мәдениет,                байланыс, ауыл       көрсететін

тамақтану,             өнер,                         шаруашылығы        салалар

тұрғын-үй,             денсаулық,              өнімдерін өңдеу,

комуналдық           спорт, ғылыми        сақтау, сату,

байланыс,                қызмет т.б              оларды

тұрмыстық                                              тасымалдау

қызмет т.б                                               және т.б

 

Экономикалық аграрлық секторының рыноктық инфроқұрылымның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Олардың қатарында: өңірдің табиғи-климат жағдайы, шаруашылық субъектілері мен өндірістік объектілердің орналасуы, бұлардың энергия қуаттары, су көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесі, жол және көлік қатынастарының жағдайы, ауыл  шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясы, кәсіпкерлердің белгілі бір кәсіпке жете бейімделуі, бұдан басқа, саланың өзіне тән мына ерекшеліктер: табиғаттың құбылмалы көріністеріне тәуелділігі, қаражат айналымының ұзақтылығы, жұмсалған шығындар мен олардың қайтарылым көздерінің тұспа-тұс келмейтіндігі мұқият ескерілуі тиіс. Осы және басқа да объективтік факторларды жан-жақты қарастыру инфрақұрылымның рыноктық қатынастар жағдайындағы даму бағытын, оның жалпы құрамымен бөлімдерінің көлемін айқындауға мүмкіндік береді. Нарықтық инфрақұрылымды жіктеу оның салаларымен жекелеген элементерінің жалпы экономикалық өсудегі маңызы мен рөлдерін анықтау, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы  байланыстарды зерделеу, осының арасында негізгі өндіріс пен оны қамтамасыз ететін субъектердің оңтайлы ара қатынасын қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.

Агроөнеркәсіптің рыноктық инфроқұрылымы тиісті бөлімдерден тұрады. Оның негізгі экономикалық айналымға қатысушылар  рыногінің белгілі бір жүйелері, тауарлар мен қызметтер рыногі, ресурстар мен қаржы рыногі құрайды.

Рынок инфроқұрылымның жалпы жүйесіндегі ең маңыздысы-тауар рыногы инфроқұрылымының қалыптасуы. Рыноктық экономиканы игеру жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдері өткізудің инфроқұрылымдық жүйелі бірқатар өзгерістерге ұшырады, бұрынан қалыптасқан  салаараалықбайланыстар үзілді. Нәтижесінде өндірілген, тұтынуға дайын сапалы өнімдерді ойдағыдай өткізу проблемалық мәселеге айналды. Тауардың өтімділік дәрежесінің төмендеу беталысы аграрлық экономиканың даму барысынан, халықтың әлеуметтік тұрмыс – тіршілік дәрежесінен айқын сезіле бастады. Өнімнің тауарлық деңгейінің төмендеуі, піскен өнімдердің орынсыз ысырапқа ұшырап , тасымалдау жұмыстарындағы, шығысының азайып кетуін тудырады.

Ауыл шаруашылығы тауар өнімділігіне кері әсерін тигізіп отырған келесі жәйт – бұл өткізу жүйесі инфроқұрылымының жұпынылығы, ресурстардың тапшылығы, өндірістік қорлардың жылдар бойы  жаңартылып  жаңғыртылмағандығы.

Ауыл шаруашылығының өндірісінің еркін рыноктың қызмет ету механизіміне бейімделуінің объективті күрделілігі, агралық сапаның ерекше статусы туралы мәселе көтереді. Агралық саясат халқаралық көлемде кең талқылануы түрлі мемлекеттік доктриналар мен аграрлық дамудың бірнеше стратегияларын ұстанатын мемлекеттік экономикалық қарама-қарсы бағыттарын көрсетеді. Осыдан екі концепцияның қайшылығы шығады. Бірі либералдық модель және екіншісі көптеген дамыған елдер ұстанатын аграрлық протенционизм моделі.

Рынок типтері бойынша саланың рыноктық инфроқұрылымы былайша жіктеледі.

Агроөнеркәсіптің рынок инфроқұрылымының рынок типтері бойынша жіктелу(Сызба2) 

                         Тауар рыногі          Қаржы рыногі
Көтерме және бөлшек сауда торабы Банк жүйесі
Тауар биржалары Қор биржалары
Жәрменкелер Бюджеттер
Аукциондар Салық қызметі
Делдалдық фирмалар Зейнетақы қорлары
Коммерция ұйымдар Сақтандыру компаниясы
Сауда үйлері Аудиторлық компания
Көлік агенттігі Брокерлік кеңес
Коммерциялық ақпараттық орталықтар Валюта биржасы

Ауыл шаруашылық және оған қызмет ететін салалардың теңбе-тең пропорционалды дамуы, түпкі жоғарғы нәтижеге жету үшін халық шаруашылығының барлық бөлімдерін басқаруды жетілдіру азық түлік нарығын толықтырудың маңызды шаралары. Табиғи жағдайларына қаншалықты тәуелді болғанымен , ауыл шаруашылық өндірісініңдеңгейі мен мамандануы табиғат фокторларына ғана емес, көбіне әлеуметтік –экономикалық фокторларға (өнеркәсіптің, көліктің даму сипатына, тарихи қалыптасуына салт-дәстүріне т.б ) байланысты болып келеді.

Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық капиталдық ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.

Осымен қатар, аграрлық  өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе өндіріс құралдарын (шикізат өңдейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.

Азық және ауыл шаруашылық шикізаттарынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағыда экономикалық ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық — өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталады. АӨК –нің құрылымын құратындар –біріншілік және түпкі өнім өндіретін сфера (өсімдік өсірушілік, мал өсірушілік және ослардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салалары);

—         АӨК –тің өндірістік инфроқұрылымы;

—         Таувр және ақша айналымы және информациялық қамту жүйесі;

АӨК жабық өзін -өзі ұдайы өндіретін жүйе болып қызмет етеді.