Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері

Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері туралы қазақша реферат

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тарған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибес көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар обьективтік факторлар мен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теорияның тиісті тарауларының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлеуметтік коньюнктураның әсеріне ұшырады.

Мемлекеттік реттеу шараларының бірінші тобы өңдірістің әмбебаб және тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты қару емес екендігін мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет ететін кең көлемдегі проблемалар бар.

Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық саясат сферавсындағы дәстүрлі мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көғарас тұрғысынан алғанда шешімнің нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін микроэкономикалық проблемалары да шешуі тиіс.

Ауыл шаруашылығында бұл – ең алдымен сыртқы тиімділік проблемасы немесе экстерналий. Оның мәні мынада: нарықтық жүйеге  қатысушылардың өзара іс-қимыл процесінде үшінші жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы тиімділіктер туады. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс-қимылға түсетін аграрлық өндірісте экстерналийдің жағымды да, жағымсыз да көптеген мысалдарын келтіруге болады: жеке учаскеден көшеге шығып өскен таңқурай, көп суландырудан көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.

Жағымсыз экстерналий де жақсы белгілі, бұл – қоршаған ортаны тыңайтқышпен, пестицидпен, өңдірістің қалдығымен уландыру; ауыл шаруашылығының зиянкестері, басқа бір жерлерде туындаған және өзін заңы бойынша таратылатын өсімдіктер мен малдың аурулары.

Таза нарықтық тегеріш, оның заңдары мен өлшеуіштері тұрғысынан алғанда өзендерді химикатпен уландыру тікелей өңдірушілердің шығындарына, осы нақты өнімді тұтынушылардың шығындарына әсер етпегендіктен ешқандай маңызы жоқ сияқты. Нарықтық тегеріш бұл жерде дәрменсіз және барлық мұндай құбылыстар ерікті бәсекелестіктің логикасымен толық жарасады.

Жағымсыз экстерналийді реттеуге сыртқы, мемлекеттік араласудың тарихи қажеттілігі бірді-екілі жағдайлар әлеуметтік проблемаға айналғанда барып мойындалды. Соның нәтижесінде, біріншіден, бекітуші немесе шектеуші мәндегі таза әкімшілік, заңдық шаралар қабылданды, екіншіден, ерекше салық саясаты түріндегі экономикалық шаралар дүниеге келді.

Нарықтық экономикалық теориясы дәстүрлі қарастыратын басқа проблема – қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның барлық мүшелері ұтатын және бірге тұтынатын тауарларды қаржыландыру. Сонымен бірге оларға ақшалай сұраныс жекелеген тұлғалар мен фирмалардың тарапынан жоқ болады, бұл оларды ешқандай жеке өндіруші шығара алмайды және шығарғысы да келмейді деген сөз. Аграрлық секторда бұл – жаппай ауыл шаруашылығы ауруларымен және зиянкестермен күреске жұмсалатын, агроазық-түлік секторында – ауыл шаруашылығы шикізаттары мен азық-түлігінің сапасына кепілдікті қамтамасыз ететін тиісті істер мен инспекцияларды ұстауға жұмсалатын шығындар. Еркін нарықтық тегеріш тұрғысынан алғанда, кез келген тауар, егер ол сұранысқа ие болса, өмір сүруіне құқы бар. Сұраныс – қоғамдық маңыздылықтың және тауар бағалығының бірден-бір төрешісі. Егер бір себептермен (көп жағдайда бағасының арзан болуына немесе жарнаманың жалған болуына байланысты) сапасы нашар және зиянды тауарлар тез өтіп кетсе, онда бұл рынок заңдарына ешқандай да қайшы келмейді. Алайда, тамақтану проблемалары, соның негізінде ұлттың денсаулығы мен қауіпсіздігі мемлекеттік бақылаудың обьектісі болмай тұра алмайды. Сондықтан да азық-түлік сапасының қалыптары мен параметрлерін жасау, экспертиз жүргізу, бақылаушылық қызметтерді ұстау – міне осының барлығын бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық тауарға жатқызуға болады.

Мемлекеттің келесі маңызды міндеті – монополияға қарсы реттеу және әділетті бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділікті реттеу мен қоғамдық тауарды қаржыландыруға, яғни жетілген ерікті бәсекелестік жағдайында мемлекет орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайындағы экономикалық теорияға негізделеді.

Мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің қажеттілігі рынокті монополияндыру нәтижесінде қоғамға келетін шығындармен – сату көлемін азайтумен, бағаны көтерумен, жаңа фирмалар үшін кіру барьерлерімен түсіндіріледі.Мысалы, АҚШ-та трестерге қарсы саясаттың бастапқы акті 1890 жылы қабылданған “Шерман заңы” болды. Бұл заң бойынша кез келген өндірісті немесе сауданы фирмалар арасындағы келісім, бірігу немесе сөз байласу негізінде шектеуге, сондай-ақ өндірісті монополияндыруға және сауданы шектеуге тыйым салынды. Одан кейінгі актілер 1914 жылғы Клейтон заңы мен 1950 жылғы Селлер-Кефовер заңында арсыз бәсекелестік, монополиялық іс-қимыл, заңсыз сауда тәжірибесі ұғымдары нақтыландырылды және кеңейтілді.

Алайда, нақты өмірде бұл заңдардың түсіндірілуі және қолданылуы бір мағынада бола бермейді. Теориялық тұрғыдан алғанда проблема техникалық өркениет өңдірістің сандық мәніне минимальді тиімді көлемді анықтауға әсер етуде қашып құтылмайтын түзетулер еңгізу есепке алсақ, әрбір нақты рыноктің монополиялығын рұқсат етілетін деңгейін анықтауда жатыр. Сондықтан да заң түрінде бір немесе бірнеше фирма үшін рұқсат етілген өндірісті концентрациялау деңгейі әр түрлі салаларда өмір-бақи болмайды және ғылыми-техникалық өркениеттің өсуімен өзгеріп отырады. Бұл әдетте треске қарсы істерді қарау бойынша нақты сот тәжірибесінде есепке алынады. Бұл жерде треске қарсы заңдылық трактовкасы мемлекеттік қолдау саясатына немесе белгілі бір салаларда өндірісті концентрациялаудың өсуін тежеуге байланысты аумалы-төкпелі болып отырады.

Бірқатар салаларда ірі корпорациялар билік құратын және монополияландыру деңгейі жоғары тағам  рыноктары бірнеше рет треске қарсы заңды бұзушылар болып жарияланды. Іс қозғау мен соттық араласудың негізгі себептері компаниялардың қосылуы және адал емес баға саясаты болды.

Треске қарсы заңның іс-қимылы жүрмей сфера ауыл шаруашылығы кооперациясы болып табылады. 1992 жылы АҚШ-та ауыл шаруашылығы кооперативтерін оның көп бөлігінде монополияға қарсы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктен босататын Акт шықты. Акт ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге өнімдерін тарату үшін бірігуге, сондай-ақ кооперативтерде сақтау мен өңдеуге , маркетингтік агенттіктерді пайдалануға, қажетті контрактілер мен келісімдерді жасасуға рұқсат етеді. Бұл жағдайда ерекше жеңілдіктер сүт кооперативтеріне берілген. Актіге сәйкес 1937 жылдың ауыл шаруашылығы өнімдерінің маркетингі бойынша оларға, Шерман заңына қарамастан, өнімнің сорты және сапасы бойынша дифференциалданған сату бағасын белгілеуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтік құрамаларының маркетингтік құқықтары шексіз емес. Ауыл шаруашылығы министріне кооперативтердің бағаны негізсіз көтеруін шектеу құқы берілген. Сот тәжірибесінде белгіленгендей, кооперативтер арсыз баға саясатын жүргізу арқылы бәсекелестерге зиян әкеледі. Олар монополиялық ережені бәсекелестерін құрту үшін пайдаланған жағдайда монополияға қарсы заң күшіне еніп, олар сотқа тартылады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне берілген жеңілдік ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіндегі сатып алушылар мен сатушылардың экономикалық күштерін теңестіруге бағытталған. Атап өткеніміздей, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің атомдалған бәсекелестік құрылымына ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және тарату сферасындағы ұйымдасқан жоғары концентрацияланған құрылым, ауыл шаруашылығындағыеркін бәсекелестіктің төмен бағаларына тамақ және сауда корпорацияларының көтеріңкі монополиялық бағалары қарсы тұрады. Сондықтан кооперативтердің қолы жеткен бірқатар ұсыныс монополиясы ең кем дегенде фермерлерді тиімді рыноктегі монополияға жақын жағдайдағы стау бағасын төмендетуден қорғауға қабілетті.

Таза әлеуметтік мәндегі азық-түлік кешеніндегі мемлекеттік реттеу шаралары азық-түлік көмегін көрсету бағдарламаларында аталған. АҚШ-та олардың құрамына азық-түлік талоныненгізу,балалар тамақтануының әр түрлі бағдарламалары, әйелдер мен балалар үшін арнаулы  бағдарламалар және басқалар кіреді. Азық-түлік талондары табысы аздарға жеңілдік немесе ақысыз азық-түлік көмегін көрсетуге жұмылдырылған. Балалар бағдарламасы  бойынша мектептерде, жазғы балалар демалыс орындарында және басқа мекемелерде жеңілдік жасалған тамақтанулар ұйымдастырылады.

Тұрғындардың осы тиісті категориялары үшін ізгіліктік ниеттегі бұл бағдарламалар рыноктің жағдайына әсер етпей қоймайды. Табыстары барынша төмен сатып алушылардың сегментін жабатын олар барынша қамтамасыз етілген тұтынушылардың төлемге қабілетті сұранысына бағадар ұстайтын тұтыну бағаларын барынша жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл бағдарламалар олардың өніміне сұранысты кеңейтетіндіктен фермерлерді қолдаудың шаралары болып табылады.

Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік-экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдау идеясы болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады. Өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси және әлеуметтік тұрақтылық, еркін бәсекелестік сияқты әлеуметтік және экономикалық игіліктер ретінде қабылданады. Аталмыш концепцияның мемлекеттік саясатқа тікелей әсері жеке алғанда, жоғарыда айтып кеткеніміздей, АҚШ-тың 7 штатында ауыл шаруашылығы корпорациялары қызметін жүргізуге ресми тиым салынуынан, 8 штатында олардың қызметін шектеуден көрінеді.

Отбасылық фермаларды жақтаушылардың қарсыластары да бар. Олардың пікірінше, аталмыш концепция қазіргі заманғы жағдайларды еске алмайды, ал оның негізінде жүргізілетін фермерлікті қолдау саясаты фермалардың қосылу және жинақталуының табиғи әлеуметтік-экономикалық процестерін тежеп, мемлекеттік бюджет пен салық төлеушілердің мойнындағы үлкен жүк болып табылады.

Бұл екі бағыттың күресі фермерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын және тұтастай алғанда ауыл шаруашылығындағы ұйымдық-экономикалық процестердегі мемлекеттік реттеудің тағдырын анықтайтын болады.

Фермерліктабысты қолдаудың басты бағыты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы арасындағы айырбасты бағалық паритетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның қажеттілігі жоғарыда қарастырылған фермерлік бағаның төмендеу теңденциясынан, сондай-ақ агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемдік жасау мүмкіндігінен туындайды.

Барынша жалпы тәсілде паритет ауыл шаруашылығы өнімнің бірлігіне есептегі тұрақты сатып алушылыққабілетті қамтамасыз ететін бағаның осындай қатынасын білдіреді. Бұл, егер өткен кезенде жүгерінің бүшелі бір көйлекке ауыстырылса, мұндай айырбастың мүмкінділігі ағымдағы рыноктік баға бойынша кейіннен де сақталуы тиіс екендігін білдіреді. (8)

АҚШ-тағы көптеген ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша паритетті аяқтауға арналған базистік кезең 1909-1914 жылдар болды. Толық паритет ауыл шаруашылық тауарларна 1909-1914 жылдарда болған сатып алушылық қабілетті қамтамасыз етуі тиіс болды.

Алайда паритетті мұндай анықтау сұраныс, ұсыныс және уақыттың өтуімен әр түрлі салалардағы болатын еңбек өнімділігінің құрылымындағы табиғи өзгертулерді есепке алмайды. Сондықтан да паритеттік бағаны анықтау моделі бірнеше рет өзгерді. Соңғы уақытта таза нарықтық, айырбас паритеттің орнына тауарларды айырбастау шартының теңдігі ретінде өңдірістік шығындар дың теңдігіне негізделген әдіс келді. Сонымен қатар басқа салалармен салыстырғанда өндіріс тиімділігінің барынша жоғары өсуінің нәтижесінде алынған ауыл шаруашылығы табысының едәуір үлесін тартып алу жүйесі жүргізілуде.

20-жылдары фермерлердің экономикалық әділеттілік жөніндегі ұсыныстарымен байланысты нарықтық мүмкіндіктердің теңдік қажеттігі идеясы қалыптасты. Оны әр түрлі фермерлік ұйымдар белсенді түрде қолдайды. Атап айтсақ, АҚШ-та ол жергілікті рынокті монополизациялау үшін фермерлік бірлестіктерді құру үшін белсенді күресетін ұлттық фермерлік ұйымның негізі қызметі болып табылады. Жоғарыда қарастырылған антимонополиялық заңдағы фермерлік кооперативтерге жасалған жеңілдік осы концепцияның ішінара жүзеге асырған жұмысы болып табылады.

Мемлекеттік реттеудің фермерлікті қолдауға жанасатын сонымен бірге өзінше үлкен маңызы бар келесі түрі слолық даму жөніндегі бағдарламалар болып табылады. Айталық, АҚШ-та селолық даму жөніндегі бағдарламалардың мақсатыы ауыл шаруашылығының өзінің экономикалық өсінен гөрі село тұрғындары өмірінің сапасы мен игілігінің арту деңгейі болып табылады.

Бұл бағдарламалар тұрмыс дәрежесін арттыру, селолық жерлердің салыстырмалы кедейлігінің проблемасы-селолық құрылыс, коммуналдық қызмет, еңбекпен қамту мәселесі сияқты селолық тұрғындардың осындай проблемаларын шешуге жұмылдырылған. Осы мақсаттар үшін әр түрлі әкімшілік деңгейде жеңілдік несиелендіру және бюджеттік қаржыландыру жүйесі пайдаланылады.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік реттеудің бағыттарына сәйкес агробизнестің дамыған елдерінде мемлекеттік басқару ұйымдарының жүйесі ұйымдастырылған. Мысалы, АҚШ-та ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің иелігіндегі топырақ, орман, су көздері және басқа табиғи ресурстар, селолық жерлерді дамытуға көмектесу, несиелер бөлу, ауыл шаруашылығын зерттеу бағдарламаларын жасау, ауыл шаруалығы шикізаты мен проблемаларды шешеді. Айналымдағы жұмыстар үшін әр жылы өндірісті тұрақтандыру және бағаны қолдау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыратын Тауарлық-несиелік корпорация (ТНК), фермерлерді несиелендіру жүйесін басқаратын Фермерлік несие әкімшілігі, бірнеше ведомствалардан: селолық тұрғын үй жөніндегі әкімшілік, селолық электрлендіру жөніндегі әкімшіліктен тұратын шағын елді мекендер мен селолық аудандарды дамыту жөніндегі Басқарма, өнімді қамсыздандыру жөніндегі федералдық коорпорация, маркетинг қызметтері және инспекциялар сияқты ұйымдар құрылды. Аты аталған ұйымдардың өз атаулары-ақ олардың қызметтерінің бағыттарын айтып тұр.

Айталық, фермерлік тұрғын үй жөніндегі әкімшілік барынша жеңілдік жағдайында коммерциялық несие алуға мүмкіншілігі жоқ фермерлерге несие алып береді. Селолық электрлендіру жөніндегі әкімшілік-бұл селолық жерлерде өздерінің займдарын беру немесе оны басқа көздер арқылы оларға беруді қамтамасыз ету жолымен электрлендіру мен телефон байланысын қаржыландыруға көмектесетін несиелік мекеме. Өнімді қамсыздандыру жөніндегі Федералдық корпорация қуаңшылыққа, нөсер жауынға, найзағайға, су тасқыны мен өртке, ауыл шаруашылығының зиянкестерінен болатын жағдайларға байланысты өнімнің ысырап болуының орнын толтырады. Маркетинг және инспекция қызметтеріне мыналар кіреді: ауыл шаруашылық кооперативтері және ауыл шаруашылық маркетингі қызметтері, мал дәрігерлік және өсімдікті қорғау инспекциялық қызметі, астық Федералдық инспекциясы және азық-түлік инспекциясы.

Ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда коньсултациялық және техникалық көмек көрсетеді және олардың қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі қызметі ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын қалыпқа түсіру мәселелерімен айналысады. Өсімдіктерді қорғаудың инспекциялық қызметі өсімдік және мал зиянкестерімен және аурулармен күрес жүргізеді. Астық инспекциясының Федералдық қызметі астық қалпы туралы заңның сақталуын қадағалайды. Азық-түлік жөніндегі инспекция ет пен құстың сапасын, өнімнің, оның құрамының мазмұнына сәйкестігін бақылайды. Азық-түлік және тұтынушылық қызметжөніндегі басқарма тұрғындардың әр түрлі категориялары үшін жеңілдік тамақтандыру жөніндегі бағдарламалары жүзеге асырып, сондай-ақ диетология саласында зерттеулер жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай-ақ ұлттық маңызы бар шалғындар мен жер учаскелерін қадағалайтын орман қызметі бағынады.

Тауарлы-несие корпорациясының қызметі фермерлік табыстарды қолдауға бағытталған (егжей-тегжейлі 6.4.2-тақырыпта айтылады).

Қысқасы, қазіргі заманғы агробизнесте мемлекеттік реттеудің негізгі бағытарына шолуды қорытындылай келе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап өту қажет. Нарықтық тегерішті толықтыра және түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегеріші оның негізі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктің тегерішін бұзатын директивтік тапсырма, бағаның үстінен жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс-қимылдарға жол берілмейді. Шын мәнінде, дамыған елдердің аграрлық өңдірісінің тиімділігі осында жатса керек.