Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар

Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар туралы қазақша реферат

     Бизнесті, оның ішінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінде жалпы алғанда, оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән. Және мұның өзін оның жақтаушылары, әдетте өтпелі кезең мен жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығының өзіндік және агроөнеркәсіп өндірісінің көптеген ерекшеліктерімен байланыстырылып түсіндіріледі. Бір айта кететін жәйт, салық салу негізінен аграрлық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді.

Сондықтан да Қазақстанда және барлық қалған ТМД республикаларында реформаның бастапқы кезеңінде (1991-1993 ж.) агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары үшін салық саясатында көптеген жеңілдіктер жасалуы кездейсоқ емес.

Қазақстанның салық жөніндегі заң актілері табысқа 30 проценттік салық үстемесі жағдайында балық аулайтын ұжымшарлар, құс фабрикалары, мал шаруашылығы және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (меншік түріне қарамай) сондай-ақ ет, сүт, жеміс-көкөніс, нан өнімдері, мақта тазалау өнеркәсібі мен жер негізгі өндіріс қоры болып табылмайтын жүнді бастапқы өңдеу кәсіпорындары үшін 10 проценттік көлемде белгіленген.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіру және өңдеу жөніндегі кооперативтер, шағын кәсіпорындар (ұжымшарлардан басқалары) өздерінің алғашқы екі жұмыс жылдарында табысқа салық төлеуден толық босатылған. Кеңшарлар мен ұжымшарлардың ішкі шаруашылық қажеттіліктерге, мектептің асханалары мен буфеттеріне, балалар бақшаларына, мүгедектеріне, селолық ауруханалар мен пансионаттарға өткізетін өнімдері және шаруа қожалықтарының өздері пайдаланатын өнімдер қосымша құн салығынан босатылған.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің игерілу немесе оның жай-күйін жақсарту жағдайындағы жер учаскелері, ғылыми ұйымдарға, тәжірибе шаруашылықтарына бөлінген және сондай-ақ аз өнімділіктегі құнарлылығы кеткен жерлерден жер салығы алынған жоқ.

Негізгі өнідіріс қоры жер болып табылатын ұжымшарлар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары автотранспорт құралдарын алуға салық төлеуден босатылған.

Ауыл шаруашылығын барлық осы салықтардан босату теориялық жағынан алғанда да, дау туғызатындай көрінеді.

Өркениетті салық саясаты экономикалық шешімдерді бұрмалауға жетектейтін принциптерге негізделмеу керек.Салық жүйесі әділетті болуы шарт. Бұл талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін, біріншіден, көлденең теңдікті (тең жағдайда тұрған салық төлеушілер салықтың бірдей мөлшерін төлеулері тиіс) және, екіншіден,тігінен теңдікті (әр түрлі табыс мөлшері бар жекелеген салық төлеушілер салық төлемдері бойынша міндеттемелеріндегі айырмашылықтары әлеуметтік нормаға жауап беретіндей болуы керек) сақтау қажет.

Салық жүйесі қарапайым және түсінікті болуы шарт. Салықтар нарықтық таңдауға қолбайлау болмауы керек, олар экономикалық тұрғыдан алғанда бейтарап болуы тиіс. Белгілі бір саладан немесе белгілі бір қызмет түрінен алынған табысты салықтан босату бейтараптықпринципін ашық бұзғандық болып табылады. Жеңімпаздар мен ұтылғандарды анықтау бюрократтар мен саясаткерлердің сенімін тудырып, нарықтық күштердің іс-әрекеттеріне қарсы тұрғандық болып шығады.

Ауыл шаруашылығын салықтан босату ең кем дегенде мынадай қйыншылықтар туғызады: қандай қызметті салықтан босатуға болады, ал қандай қызметті босатпау керек, шаруашылықтарда жүзеге асырылатын қызметтің барлық түрлерін немесе ауыл шаруашылығы субьектілерінің орындайтын жұмыстарын салықтан қалай басатуға болады деген сұрақтардың өзі бұл жерде орынсыз.

Қызметтің салық салынатын және салық салынбайтын шығындарын бөлу маңызды фактор болып табылады. Мысалы, жүк машинасы мен жаңармай құнын қызметтің салық салынатын және салық салынбайтынтүрлерінің қайсысының арасына бөлу керек? Қызметтің салық салынатын сферасында шығын бөлудің көбейіп кетпеуінің алдын алу үшін салық ниспекциясы осы салада тұрақты бақылауды жүзеге асыруы керек. Бірақ, бұл мүмкін емес.

Тағы бір басқа проблема бұдан да қауіпті. Айталық, шаруашылық ауыл шаруашылығы қызметіне жатпайтын саланы дамытады, мысалы, өнімді өңдеу және қаптау, оны тасымалдау және бөлшек сауда жүргізуді ұйымдастырады. Мұндай қызмет салықтан босатылмауы тиіс, өйткені оны ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын жүргізеді. Алайда, оған салық салу тіпті мүмкін емес. Өйткені, өз қызметтерімен және кәсіпорындармен өзара есептесу кезінде жалған сатып алу бағасы қолданылады.

Тағы да бір мысал келтірейік. Айталық, шаруашылық өнімді өңдеу және қаптау, оны тасымалдау және өткізу жөніндегі кәсіпорындарды ұйымдастырады. Екінші бір мүмкіндік – мұндай кәсіпорындарды аталмыш шаруашылықтың жекелеген мүшелері құрады. Айталық, шаруашылық сататын көкөністердің нарықтық бағасы 10 теңге және бұл бағамен сатқанда олар табыс алмайды, ал өңдеу және қаптау жөніңдегі кәсіпорын 1 миллион теңге пайда табады. Шаруашылық өзінің өңдеу кәсіпорнына сататын көкөністің бұдан да жоғары бағасы қолданылған жағдайда кәсіпорынныңсалық салатын табысын салық салынбайтын табысқа айналдырып жіберудің жасанды мүмкіндігі пайда болды. Мұндай әдістер тасымалдау және сатумен айналысатын кәсіпорындардың табысы шаруашылықтың өзіне аудару үшін қолданылады.

Негізінен мұндай заң бұрмалаушылықтың алдын алу үшін тектес кәсіпорындардың арасында операцияларды жүзеге асыру кезінде жіберілетін бағаға бақылау жасау қажет. Бірақ, іс жүзінде мұны орындау мүмкін емес.

Қосымша құнға салық  (ҚҚС) қолдануды ерекше қарастырып өту керек. Шағын бизнес кәсіпорындарын өздерінің сауда-саттығы бойынша қосымша құнға салық төлеуден қажетіне қарай босату қабылданған. Осындай босатудың нәтижесінде бұл кәсіпорындар «жүйеден тыс» қалып, олар несие немесе сату бойынша төленетін өтемақы алмайтын болады. Мұның өзі салық әкімшілігін болмашы ғана салықтық түсімді білдіретін декларациямен жұмыс істеуден босатып, олардың барынша қомақты салық түсімдерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл мыңдаған ұсақ кәсіпорындарға қосымша құң салығы бойынша салықтың тәртіпті сақтаутың қажеттігінен қашып құтылуға көмектеседі.

Мыңдаған ұсақ шаруа (фермерлік) қожалықтарын жекешелендіру және құрудың мөлшеріне қарай жоғарыда көрсетілген тәртіпті сақтау салық салу мәселесінде көкейкесті проблемаға айналып отыр. Соңғы екі жыл ішінде республикада шаруа қожалықтарының өсуі ерекше байқалады. Егер 1996 жылдың 1 қаңтарында салық ұйымдарында салық төлеушілер ретінде есепте 23190 шаруа қожалықтары тұрса, 1997 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 29995-ке жетті.

Бұл жағдайда адамдар тікелей қолданбайтын, бірақ ұсақ шаруашылықтар өндірісте пайдаланатын тыңайтқыш, тұқым, жем үшін қосымша құн салығы  бойынша салық салмау өз-өзін толық ақтайды. Дей тұрғанмен, салық салуға әбден болатын, бірақ осы мақсатта қолданылмай келе жатқан отынға жеңілдік жасау мүлде түсініксіз.

Сонымен, салық салу теориясы тұрғысынан қарағанда ауыл шаруашылығында салықтан босатудыкөбірек қолдану барынша қажет құбылыс емес.

Тәжірибе тұрғысынан алғанда да бұл өзін-өзі ақтамайды. Жақын арадағы тәжірибе көрсеткендей, республика агроөнеркәсіп кешеніне жеңілдік салық салу бюджеттің табысының өспеуіне, ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің артпауына әкеліп соқты.

Сондықтан да, республикадағы салық реформасының шеңберінде 1995 жылдан басталған басқа да салық саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері арасында салықтық жеңілдіктерді барынша азайту заңдылық болып табылады.

Салық кодексі бойынша агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін көптеген салықтық жеңілдіктер алынып тасталды. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының аграрлық мәні есепке алына отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін табысчтық салықтың 10 прценттік үстемесін сақтап қалу маңызды деп табылды.

Бұдан басқа барлық шаруашылық субьектілеріне салық салынатын табыстан сатып алынған және өндірістік құрылысты жүзеге асыратын технологиялық құрал-жабдықтарды орнатудың құнын алып тастау мүмкіндігі берілді. Бұл тек қана табысқа салық салу көлемін едәуір қысқартуды емес, сономен бірге жаңадан еңгізілген тәртіп бойынша шығындарды табыстың есебінен жабуды бес жылдың ішіндегі кйінгі мерзімге ауыстыруды да білдіреді. Мұндай норма амортизацияны шапшаңдату мүмкіндігімен қатар негізгі қорды жаңартуға және өңдірісті кеңейтуге ынталандырады.

Сондай-ақ, жылдық жиындық табыстан іскерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты барлық шығындарды шығарып тастау да жатқызылады. Мұның өзі салық салатын негізді барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылытын шеттен әкелінетін құрал-жабдықтарға, шикізаттарға, материалдарға, қлсалқы бөлшектерге және тауарларға қосымша құн салығын төлемеу мүмкіндігі де қарастырылған. Шаруа қожалықтарының салық төлеу жүйесінің ықшамдарған әдісін белгілеу де тиімді шарт болып саналады. Бұған қол жеткізудің бірден-бір тәсілі басым жағдайда нақты ақшамен жұмыс істейтін немесе тауар сату, қызметкөрсету бойынша шектелген айналымы бар және жұмысқа тартылған аз ғана адамы бар заңды тұлғалардың патент алу жолымен салық төлеуі болып табылады. Көптеген себептерге сәйкес, оның ішінде тиісті арнаулы мамандықтың болмауы салдарынан көптеген шаруа қожалықтары салық салу заңдылықтарына жауап беретін есеп жүргізуді қамтамасыз ете алмайды, салықты есептеуде қиындықтарға ұшырап, салық ұйымдарына декларацияларды дер кезінде беруді қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне шаруашылық өндіретін өнімдердің көп түрлілігі, маусымдық мәнде және жекелеген өнім түрлері өндірісінің ұзақ циклда болуы шаруашылық жүргізудің нәтижелерін есепке алудың жан-жақты тегерішін ойластыруды қажет етеді.Тағы бір айта кететін жәйт, көптеген шаруа қожалықтары іс жүзінде коммерциялық қызметпен де айналысуға мәжбүр болады. Мұның өзі түпкі қаржылық нәтижені анықтауда міндетті түрде есепке алынуы тиіс. Осыған байланысты шаруа қожалықтарының салық төлеу мәселесінде бюджетпен өзара қарым-қатынасының қарапайым жүйесін қолдану өтпелі кезеңде салық әкімшілігінің объективті талабы болып табылады.

Мысалы, шаруа қожалықтары бойынша табыс және жер салығын бірге қоса есептегендегі салықтың орнына белгілі бір қондырылған үстеменің болуы әбден мүмкін. Шаруа қожалықтарына салық төлемейтін табысты есептеудің арнаулы жүйесін пайдалануқұқы берілуі мүмкін. Бұл жерде жердің, өндірілетін дақылдың түрлері, малдың түрі және аймақтың жер жағдайы бойынша гектармен есептегенде алынатын табыстың көлеміне қондырма алдын ала белгіленеді. Қондырылған және іс жүзінде алынған табыстың арасындағы айырмашылық мұндай жағдайда келесі жылдың табыс салығы бойынша берілетін декларацияда ескерілуі тиіс.мұндай жүйе Бельгияда және Еуропалық қауымдастықтың басқа да бірқатар елдерінің фермерлеріне табыс салығын салуда кеңінен қолданылады.

Қазақстанда 1996 жылдың басынан тәжірибе ретінде Семей облысында бюджетпен есеп айырысудың сатып алынатын патент негізіндегі жүйесі еңгізілді. Патент үшін ақы ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмысшылардан белгілі бір мерзім ішіндегі табыс салығының сомасы ретінде анықталды. Бір қызығы, тәжірибе басталған мерзім ішінде өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда патент үшін түсім табыс салығының түсімінен 57 есе көп болды. Облыстың 1141 шаруа қожалықтарынан тәжірибе басталған мерзім ішінде 3353,6 мың теңге немесе әр шаруашылықтан орташа есеппен 2939 теңге түсті. Ал 1995 жылы 454 шаруашылықтан 58,9 мың тенге немесе әр шаруашылықтан 330 теңге түскен болатын.

Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тұрақты пайдаланудың 1 гектар есебіндегі бонитет баллын есептеу арқылы біртұтас жер салығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген. Онда табыс пен жер үшін салық үстемесі біртұтас жер салығын құрады.

Республикада қазіргі уақытта шаруа қожалықтарына салық салудың қарапайым жүйесі заң түрінде енгізілді. Ол бұрын қабылданған салық салу жүйесімен қатар қолданылады. Салық салудың жүйесін таңдау құқы қарапайым жүйеге көшу болсын немесе бұрынғы жүйеде қалу болсын, шаруашылықтың өз еркіне берілген. Бұл жағдайда шаруа қожалықтары есеп құжаттарын жүргізуден, декларация беруден босатылған.

Патент сатып алу қажеттілігі шаруа қожалықтарының өздеріне берілген жер учаскелерін барынша тиімді пайдалануына, ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемінде олардың үлес салмағының артуына ынталандырады деп күтілуде.

Салық салудың мұндай тәртібі салық қызметінің тарпынан салықты дер кезінде және дұрыс төлеуі үшін бақылауды барынша қарапайым жүргізуге жол бастайтыны сөзсіз.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері қызметінің маусымдық мәнін және ұзақ мерзімді күрделі қаржы жұмсаудың қажеттілігін есепке алатын агробизнесті жанама салықтық ынталандырудың бір тәсілі шаруа қожалықтары үшін орта және ұзақ мерзімді несиелер беру бойынша банктерді табыс салығынан босату болар еді.

Бір айта кететін жәйт, экономикасы дамыған және күшті салық әкімшілігі орнаған елдерде, салық төлеушілердің жоғары құқықтық мәдениеті есепке алына отырып, әдетте, аграрлық секторға салық салудың қатаң тәртібі қолданылмайды.

Мысалы, АҚШ-та фермерлер жәнебасқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары төлейтін салықтар басқа жеке және заңды басқа тұлғалар сияқты белгіленген үстеме бойынша төленеді. Соған қарамастан кез келген секторларды салықтық ынталандыруды дамыту жүргізіле береді. Бұл үшін салықтық есептеулер тегершігі кеңінен пайдаланылады. Мұндай есептеулерді пайдаланудың жетістігі ретінде ынталандырушы факторлар бар: жеңілдік беруді қарастыратын ережелер қажеттілігіне байланысты салық кодексіне кіргізіледі немесе шығарылып тасталады. Басқаша айтқанда, салық заң актілеріне басқа ешқандай түзетулер енгізу қажет болып табылмайды.

Салықтық есептеулер қалай жүргізу керек екенін мысалмен көрсетейік:

Табыс…………………………………………………………………….1,000 000 долл.

Өнім өндіруге кететін шығын ……………………………………500,000 долл.

Баланстық пайда………………………………………………………. 500,000 долл.

Рұқсат етілген шығарып тастаулар……………………………..300,000 долл.

Салыған салықтың табыс……………………………………………200,000 долл.

Салық үстемесі………………………………………………………………………..30%

Салық салынған барлығы……………………………………………..60,000 долл.

Ауыл шаруашығы өндірісі үшін салықтық есептеулер (5% х 60,000)……………………………………………………………………………..3,000 долл.

Есептеуден кейін барлық салыққа төленетіні…………………57,000 долл.

Осы көрсетілген арнаулы есептеулер тікелей салынған салық бойынша жасалады және есептеу жүзеге асырылатын уақыттың барлық кезеңіне салықтық міндеттемені азайтады. Егер есептеулер жоққа шығарылса, өткен уақыт мерзімі ішіндегі есепке алныған соманы салық салушыларға қайтару қарастырылмайды.

Еуропалық қауымдастықтың бірқатар елдерінде (АҚШ, Англия, Германия, Белгия) ауыл шаруашылығы өндірушілері қосымша құн салығы бойынша декларация берудің жалпыға бірдей жүйесімен қатар «қондарылған үстеме» жүйесін де пайдалана алады. Мұндай жүйенің мақсаты фермер өндіретін тауарларды сатып алу мен қызмет түрлеріне қосымша құн салығына  өтемақы төлеу болып табылады.Фермер қондырылған үстеме бойынша жұмыс істегісі келетінін арнаулы өтінішпен салық ұйымдарына хабарлауы тиіс. Қондырылған үстеме тарифі Еуропа қауымдастығына мүше елдермен жеке тұрғыда және соңғы үш жыл ішінде қондырылған үстемені пайдаланушы фермерлер бойынша макроэкономикалық жағдайдың негізінде белгіленеді. Бұл жағдайда қондырылған үстеме қайтып алынатын төлем шығынға қосымша құн салығы сомасынан артық болуды білдірмейді.

Фермер тұрақты үстемеде басқа салық төлеушілерге сататын өнімге салықты шығарып тастағандағы тауар және қызметбағасына үстеме қолданылады. Бұл өтемақыға басқа шығарып тастау енгізілмейді. Қондырыл ған үстеме бойынша өтемақы тауар сату немесе қызмет көрсету қолданылған салық төлеушілерге төленеді.

Егер фермердің қондырылған үстеме бойынша коммерциялық сыбайлас декларация беретін салық төлеуші болса, онда бұл салық төлеуші өзінің декларациясында қосымша құнға салықтың дебиті ретінде төленген өтемақыны өзінің декларациясында көрсетуі керек. Сонымен қатар, мұндай салық төлеуші рұқсат етілген нормада шығын бойынша есептеу алуна болады.

Қондырылған үстеме мен фермерге қызмет ететін сыбайлас оған фактура құжатын беріп, ал оның көшірмесін өзінде қалдырады. Міне, осылай фермерге көрсетілген қызмет және сатылған тауар қосымша құнға салық жүйесіне жақындастырылған болып саналады. Бұл жерде фермерлерге әкімшілік мәндегі басқалай қосымша талаптар қойылмайды.

Мысал:

Фермер салық төлеушіге 60,000 доллардың ауыл шаруашылығы өнімін сатты, қондырма үстеме – 6%. Салық төлеуші өндірістік мақсатта сатып алынған өнімнің тек бір бөлігін, атап айтсақ, 50,000 доллар сомасында пайдаланады.

Фермер декларация бермейді және бюджетке салық аудармайды. Ол 60,000 доллардың 6%-іне тең, яғни, 3,600 долар өтемақы сұрайды. Осыған сәйкес сатып алушы оған 63600 доллар төлеуі қажет.

Сатып алушы – салық төлеуші қосымша құн салығы бойынша өзінің декларациясында былай көрсетеді:

Шығындық операцияның құны = 60,000

Қосымша құн салығының дебиті = 3,600.

Қосымша құн салығы бойынша рұқсат етілген есептеу = 3,000 (50,000 х 6%).

Біз агробизнесте салықты реттеудің барынша кең тараған тегерішін келтірдік. Ал шын мағынасында нақты міндеттер мен реформалаудың кезеңдерін, елдің ерекшелігін, экономиканың жағдайын және салықтық әкімшілік деңгейін есепке ала отырып, әр түрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Алайда, жалпы бағыт мемлекеттің салық саясатының агробизнеске өркениетті салық жүйесін енгізудің обьективті принциптері толық есепке алынатын жағдайында жүргізілуін аңғартады.