Агрессия классификациясы туралы қазақша реферат
Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Агрессивті мінез-құлықтың кең тараған классификациясына А. Басстың ұсынған классификациясы жатады. Ол агрессивті мінез-құлық формасын сипаттайтын негізгі параметрлерді бөліп көрсеткен [6,64]:
1) Физикалық-вербалды;
2) Белсенді-пассивті;
3) Тікелей-жанама.
Осы формалар А. Бассқа агрессивті мінез — құлықтың 8 түрін бөліп көрсетуіне мүмкіндік берді. Төменде бұл классификацияны схема түрде көрсеткен
Тағы бір классификацияны С Фешбах ұсынған. Ол өз классифи- кациясына мотивацияланған мінез-құлықпен байланысты ауыспалы енгізді. Осының негізінде агрессияның келесі типтерін анықтайды [6,64-65]|:
1) Өшпенділік агрессия- басқа субъектіге жағымсыз психологиялық сезімдер қалдырады.
2) Инструментальді агрессия- басқа субъектіге зиян келтіру емес, белгілі мəселені шешу жатады;
3) Экспрессивті агрессия- өзін үстемдік көрсету арқылы көрсету.
Д. Зильманн классификациясы «стимул-реакция» сызбасы бойынша құрастырылады. Осының негізінде агрессивті мінез-құлықтың сегіз типін
Aнықтады [6,65]:
1) Төтеп беру агрессиясы;
2) Қорғаныс агрессиясы;
3) Жауап агрессиясы;
4) Қоздырмалы агрессия;
5) Қоздырмаушы агрессия;
6) Тітіркендіру шақыратын агрессия;
7) Оятушы агрессия;
8) Санкционерлі агрессия.
Э. Фромм агрессияның екі түрін бөліп қарастырады [19,34]:
-Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады;
— Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.
Агрессияны классификациялау
Объектінің бағыты бойынша бөлу
|
Гетероагрессия – басқа
адамдарға бағыттылық: өлтіру, зорлау, соғу, т.б.
|
Аутоагрессия — өзіне бағытталған:психосоматикалық ауру, өзін жоятын қылық-əрекет, өзін өлтіру | |
Көріну себебіне байланысты бөлу
|
Реактивті агрессия – белгілі бір сыртқы тітіркендіргішке жауап беру реакциясы (конфликт, ұрыс, т.б.)
|
Аяқ астынан – белгілі бір себепсіз, əсіресе, импульс тəуелділігінде | |
Мақсаттың бағыттылығына байланысты бөліну
|
Саймандық агрессия –
нəтижеге жетуде қолданатын құрал ретінде жүзеге асырылады:спортшы, стоматолог.
|
Мақсатты (мотивациялық) – алдын ала белгіленген əрекет ретінде қарастырылады.
|
|
Көрінудің анықтылығына байланысты бөлу
|
Тікелей агрессия –
қозуға, тітіркендіргішке себеп болатын объектіге тікелей бағытталады: дене күшін жұмсау, т.б. |
Қосалқы – тітіркендіргішті, қозуды тудырмайтын, бірақ агрессия көрсетуге қолайлы объектіге бағытталады.
|
|
Көріну формасына байланысты бөлу
|
Вербалды – сөз формасынан көрінеді | Экспрессивті – вербалды емес
құралдармен айқындалады: мимика, интонация.
|
Дене – моральды
немесе дене … көрсету үшін тікелей күш жұмсау.
|
- Агрессияның пайда болуы, табиғаты, көрінуіне əсер ететін факторлары жайында теориялық негіздемелер өте көп. Бірақ олардың барлығы төмендегідей 4 категорияға жіктеледі. Агрессия қатысты:
1.Тума тітіркендіргішке жəне қабілетке:
2. сыртқы стимулдармен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге:
3. өзекті əлеуметтік жағдайларға;
4. танымдық жəне эмоционалды процестерге.