Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру туралы қазақша реферат
Жер қатынастарын дамыту
Ағымдағы жай-күйі:
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының реформалаудың нәтижесінде, өнімі аз және сортан жерлердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1991 жылғымен салыстырғанда 127,5 млн. гектарға немесе 2 еседен астам кеміді, сонымен бірге егістік жер 13,3 млн.гектарға (2,7есе) азайды.
Қазақстан Республикасының «Жер туралы» 2001 жылғы 24 қаңтардағы №152-ІІ Заңға сәйкес мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы жер пайдаланушыларының жерді тұрақты пайдалану құқығы жойылды және 49 жылға дейін мерзімге жалға алу шартымен уақытша ұзақ мерзімді жерді пайдалану институты енгізілді
Проблемалар:
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша ұзақ мерзімді жерді пайдалудың енгізілуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бір бөлігінің жағдайына теріс әсерін тигізеді;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншіктің болмауы аграрлық секторда кепіл қатынастарының дамуын және күрделі қаржыны ұлғайтуды тежейтін факторлардың бірі болып табылады;
Тұрақты жер қатынастарының болмауы ірі және орта тауарлы ауыл шаруашылығы құралымдарының дамытуға ынталандырмайды;
Топырақтың сапасын анықтайтын қазіргі заманғы матеиалдардың болмауы (топырақтың сапасын анықтау жөніндегі соңғы толық көлемді жұмыс 1986-1987 жылдарда жүргізілген) нақты бағалауға және жер салығының көлемін саралауға мүмкіндік бермейді;
Топырақтың құнарлылығын арттыруға ынталандырудың, сондай-ақ топырақ құнарлылығының жай-күйін пәрменді қадағалаудың экономикалық тетігінің болмауы жер пайдаланушылардың жерді пайдалану жөніндегі жауапкершілігін төмендетеді.
Шаралар:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу жөніндегі заңнамалық акт қабылдау;
Ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында жерді тиімді пайдаланбағаны үшін жауапкершілікті күшейту;
Жерді бөлудің қолданылып жүрген заңнамаға сәйкестігіне тексеріс жүргізу;
Жер телімдерінің бағалау құнын анықтаудың әдістемесін жетілдіру барлық аймақтарда бонитетті бағалаудың 4 турын өткізу, ел экономикасының жай-күйін ескере отырып, топырақтың типтері мен ішкі типтерін капиталға айналдыру ставкасын саралау;
Жерді кепілге беру арқылы кредит берудің ипотекалық нысаны және кредит тетігі арқылы жер пайдалану құқығын пайдалана отырып, аграрлық секторда қаржы-кредит қатынастарын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
Жерді нарықтық айналымға енгізу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредит ресурстарына қол жеткізуін ұлғайту, жердің пайдаланылуын жақсарту, салық салудың арнайы режимін сақтау.
Ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тиімді жүйесін қалыптастыру
Суармалы жерлердің жай-күйі:
Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің 30 пайызынан астамын өндіруді қамтамасыз етеді:
1991 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317,8 мың гектар жер суарылды, қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының, ұйымдастыру іс шараларының нашарлауына, ең алдымен, қаржылық және материалдық техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.
Су пайлану жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар:
Су пайдаланушылар бірлестіктерінің ұйымдастырылуы және олардың жұмыс істеу жөніндегі нормаларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Су Кодесінің жаңа редакциясын әзірлеу:
Суды жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің жабылмайтын шығындарының айырмашылығын республикалық бюджеттен дотация беру арқылы ауылдағы су пайдаланушыларды, олардың рентабельді қызметін мемлекеттік, су шаруашылығы, пайдаланушы ұйымдарды мемелекеттік қолдау;
Шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылысын жобалауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу жөніндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік мекеме нысанында «Казагромелиосушар» әдістемелік орталығын құру.
Кадрлар даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарламада жыл сайын жалпы саны 20-25 адам шамасында су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының инженер-гидротехниктерін, инженер-құрылысшыларын даярлауды көздеу.
Орта Азия елдерінің мемлекетаралық су-энергетикалық концорциуммын (төрт тарапты) құру.
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2003 ж. |
2004 ж. |
2005 ж. |
Ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілерге су жеткізіп беруде көрсететін қызметтер субсидиялау |
1032,379 |
1100,0 |
1500,0 |
Шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы телімдерін қалпына келтіру |
250,0 |
1250,0 |
1500,0 |
«Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын құру |
10,0 |
10,0 |
10,0 |
Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын материалдық-техникалық жарақтау |
2,427 |
1,177 |
1,0 |
Қарыздар |
3042,7 |
2079,9 |
978,9 |
Барлығы |
4337,506 |
4441,077 |
3989,9 |