ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары, орта-төмен көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді.
Қоғам органдары.
Қоғам органдарына жатады:
- Жоғарғы орган — Толық акционерлер жиналысы;
- Басқару органы — Директорлар советі;
- Атқарушы органы — Правление;
- Бақылаушы орган — Ішкі аудит службасы.
Қоғамның қызметі және мақсаты.
Қоғамның негізгі мақсаты — хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.
Қоғамның негізгі қызметі болып саналады:
- Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;
- құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;
- тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;
- заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;
- құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;
- магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;
- металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;
- көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;
- түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;
- тау өндірістерін эксплуатациялау;
- медициналық қызмет;
- өлшеу құралдарын тексеру;
- теміржолмен жүк тасымалдау;
- қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;
- құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;
- өндірістік объектілерін электромонтаждау;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.
Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын Қоғам жүзеге асырады, егер олпрда осы қызметтерді орындауға арнайы лицензиялар мен рұқсаттамалар болса.
Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты — балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындары үшін ферробалқымаларының қажеттігі өте қатты маңызды емес, сондықтан бұл өндіріс өнімдерінің көлемін экспорт үшін арттыру тенденциясы орын алады. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары (95%) — жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.
«Донской ГОКтан» басқа, негізгі, рудалы шиказаттармен (марганец рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін — Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты — Алтай коксо-химиялық және Төменгі Тагильдік металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.
90-шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен СССР құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан болған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы болды. Басқарушы инвестор-фирма «Japan Chrome Corporation» келуімен жағдай жақсара бастады. Ол — өндірісті қажетті айналым капиталы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялармен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақтау және әлемдік нарықы жаулау үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технологияларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. 1998 жылы «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мүліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферробалқыту зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нәзік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрикасы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондырғысы кіреді.