1991 жылғы тамыз төнкерісі

1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.

Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.

Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.

КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.

ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.

Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.

Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.

1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.

Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.

1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.

Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.

Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.