1960-1963 жылдардағы Ирандағы саяси оқиғалар туралы қазақша реферат
1960 жылы Иран экономикалық дағдарысқа ұшырады. Шахтың пасықтығы мен оның өз орнына лайықты еместігі АҚШ-тың көзі жетті. Кеңес Одағы да Шахпен ашық жауластыққа бара бастады. Сол жылы жазда Мәжіліс өз мерзімін аяқтамастан бұрын таратылып, Иқбал премьер-министрлік қызметінен босатылды. Оның орнына Жафар Имами келді. Бір топ саясаткерлер өзінің саяси жоспарларында жер реформасын сөз еткен Әли Әмини маңына жиналды. Осындай оқиғалар барысы Шахты премьер-министрлікке Әли Әминді тағайындауға мәжбүр етті. Оның АҚШ қолдауына ие болуы Шахтың мазасын кетірді. Әли Әминидің жер туралы реформасына жерді дихандар арасында бөлу мәселесі алға қойылған еді. Алайда, ол Шахтың және консерваторлармен ұлттық қозғалыстың, сондай-ақ кеңестер Одағының жан жақты қысым көрсетуі салдарынан он төрт айдан кейін отставкаға кетуіне тура келді (18 шілде 1962 ж). Оның орнына Әсатолла Әләм тағайындалды [23; 359-360].
Әләм 1962 ж 8 қазанда сайлаушылар құқықтарын белгілейтін уалаяттар қоғамының заң жобасын бекітті. Мұнда Ислам шарттары сайлаушы және сайланушылар құқықтарын шектемейтіндігі айқындалды. Оның ішінде әйелдерде дауыс беру құқығына ие болды. Бірақ бұл жобалар Имам Хомейни мен өзге дін ғұламаларының қарсылық білдіруіне байланысты өтпей қалды. Дегенімен Шах осы мәселеге байланысты референдум туралы шешім қабылдады. 1963 жылы 26 қаңтарда алты баптан тұратын мынадай ұсыныстар референдумы сауалнамасына қойыллы, олар:
- Жер реформасы;
- Ормандар мен жайлауларды мемлекеттік қорға алу;
- Мемлекеттік зауыттарды жер реформасының іске ауысуына қолдау көрсету мақсатында акционерлік компанияларға айналдыру;
- Жұмысшыларды зауыт акциясына ортақтастыру;
- Сайлауға қатысты заңды реформалау және жаппай сайлауға қатысу мәселесі оның ішінде әсіресе әйелдердің қатысуы;
- Білім әскерін құру, яғни кейбір азаматтардың әскери міндеттерін ауылдарда дәріс беріп атқаруына мүмкіндік беру.
Көптеген қарсылықтарға қарамастан референдум өтті. Ақпарат құралдары көрсеткен деректерге қарағанда 5600 000 адам келісім дауысын берген. Діни топтар оған қарсы 1963 жылы айт күні халықаралық аза күні деп жариялады. Бұл шараның салдарынан 22 наурыз күні Феизие медресесіне шабуыл жасалды. Хосейни Ашура күнімен сай келді. Сол күні кешкісін Шахқа қарсы сөз сөйлеген Хомейни тұтқындалды.
Ертесін маусымның төртіне Құм қаласында бесінде Тегеранда халық шеруге шықты. Ресми деректерде осы қақтығыста жүздеген адам қаза тапты деп көрсетілгенімен шын мәнінде он бес мыңға жеткен дегенді айтады.
Аятолла Хомейни шахқа қарсы бүкіл халықты көтеріп ислам револю-циясына жетекшілік етіп ант соңына жеткізді. Шах елкен кетті. Иранда референдум өткізілді. Оның нәтижесінде 1 сәуір 1979 жылы Иран Ислам республикас жарияланды. 1979 жылы желтоқсанда жаңа Конституция қабылданды. Ол бойынша жоғарғы билік дінбасыларда ислам дінінде болды. Ал азаматтық саяси билікті президент мәжіліс пен премьер-министр атқарды. Жаңа республиканың экономикасында осы сектор белгіленді. Мемлекеттік коперативтік және жеке меншік Батыс державаларының араласуы және ықпалы жойылды. Қазіргі күні Иран Израильдің қарсыласы Ирак Кувейт соғысына Иран Иракты қолдады.
Ислам төңкерісінің басталуы: 1978 жылы 7 қаңтарда Имамның үлкен ұлы Мұстафа қайтыс болды. Оған Құм қаласында бата оқылып, ас берілген күні “Итилоот” газетіне (Ахмед Рашиди Мұтсақ” деген лақап атпен жазылған Имам Хомейнидің ар-ожданына тиетін мақала жарияланды.
Осыған орай 9 қаңтарда Құм қаласында үлкен қарсылық шеруі өтті. Ресми мәліметтерге қарағанда күнде 2 адам қазаға ұшыраған. Құм тұрғындары сол күннің құрбандарына 1978 ж 18 ақпанда рәсім жасады. Тебриз қаласындағы шеру кезінде полиция офицері жасөспірім оқушыны оққа ұшырды. Бұл оқиға шиеленісті одан әрі күшейте түсті, шеру жасаушылар полиция бекеттеріне шабуыл жасап қаланың көптеген аймақтарына бақылау жасау мүмкіндігін алды. Екі күнге созылған Тебриз шеруінде өлгендер саны әр түрлі мағлұматтар бойынша 6-дан 300 ге дейін деп жарияланады.
1978 ж 30 наурызда Тебриз құрбандарының қырқы өтуіне байланысты Иэезд қаласында кескілескен қақтығыстар болды. Наразы жұмысшылар жұ-мыстан бас тартып, шеруге қосылды. Артынша 1978 ж 22 маусымда Мошһад қаласында өткен шеруге қырықтан аса адам қаза тапты. 5 тамызда ораза айы басталысымен Исфаханда әскери режим жарияланды. 19 тамыз Абадан қаласындағы “Рекс” кинотеатрының ғимараты өртеніп 400 адам отқа күйді. Шах 27 тамызда Амузгарды қызметінен алып тастап, премьер-министрлікке Шәриф Имониді тағайындады.
Шәриф Имони де патшалық режимге тиімді жұмыс істей алмады. 8 қыркүйектегі оқиға болған күні түнде Тегеран мен өзге де 11 қалада әскери тәртіп орнықты.
4 қарашада Тегерен университетінің оқытушылары мен студенттерінің қанға боялуы салдарынан Шәриф Имони да орнынан алынды. Оның орнына генерал Голошреза Әзхар келді. Шах сол күндері халыққа төңкеріс үшін естігендігін жариялады. 1976 ж Тосуа мен Анеура күндеріндегі шерулер патшалық жүйе мен оның жақтастарының дәрменсіз екендігін аңғартты. Сол себепті 1978 ж 30 желтоқсанда Шахур Бахтияр премьер-министрлік тізгінін қолға алды. 1979 ж 16 қаңтарда Ираннан шығып кетуге мәжбүр болды. Сол жылы 1 ақпанда Имам Хомейни Иранға қайтып оралды. Иранға келген Имам Мехди Базарганды уақытша үкімет құруға міндеттенді. 9 ақпанда патша сарайының гвардиясы ұшқыштар көтерілісін басу үшін әскери базаға шабуыл жасады. Халық ұшқыштар жағына шықты. Соңында 11 ақпанда көтеріліс өзшыңына жетіп, кешкі сағат 18-де радиодан патшалық режимнің құлағаны туралы хабарланды [24; 12-26].
Иран Ислам төңкерісі кезеңі аса маңызды сипаттарға ие. Ең бастысы тарих үшін қажетті барлық деректер мен құжаттар зерттеушілердің қолына түсті.
Ислам төңкерісінің экономикалық, қоғамдық, әскери, саяси, мәдени, идеологиялық, моральдық себептерін қарап, олардың халыққа әсері болды.
1.Экономикалық әсері. Иран Ислам төңкерісі Араб пен Израильдің 1972 ж қазан айындағы соғыстардың салдарынан мұнай бағасы 4 есе өсіп одан түскен табыстар әділетті түрде бөлінбегендіктен қоғам ішінде наразылықтың пайда болуына әкеліп соқты. Әсіресе, мұнайдан түскен түсімнің 85 пайызына жуығы халықтың 5 пайызын құрайтын топтың қолында болды, Өзінің экономикалық ауыр жағдайына қарамастан [25; 478-480]
Иран үкіметі Лондон қаласынан су құбырларын ауыстыру үшін 1 млрд 200 млн ағылшын ақшасын қаланың әкімшілігіне қарыз ретінде беретіндігін жария етті. Сондай-ақ банкроттың алдында тұрған Франция, АҚШ компанияларына аса көлемді мөлшерде қарыз беруге уәделесті. Мұның бәрі Иранның 35 млн халқының басым көпшілігі кедейшілік өмір сүруде. Мемлекеттің көптеген елді мекендерінде өздеріне қажетті қарапайым тұрмыстық жабдықтар жетіспеді. Халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары күннен күнге төмендей түсті.
2.Әскери фактор: ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, басқа органдар мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға міндетті. Шах режимі өзінің әскери күштерімен тәртіп сақшыларын жеке басының мүддесін қорғауға жұмсады.
Әскери салаға қыруар қаражат бөліп, қару-жарақ сатып алды. Сол қарулар арқылы ішкі қарсыластарын күйретуді мақсат етті. 1953 жылы 19 тамызда Шах әскери төңкерістен кейін қарсылық көрсетті деген партиялық және тайпалық топтарды, қызметкерлерді зейнеткерлікке шығарып, үйде ұстауға ұйғарды. Армия тізгінін өз қолына алды.
3.Қоғамдық фактор. Иран қоғамында ХІХ ғ ІІ жартысында батыстың ықпалымен көптеген өзгерістер жүрді. 20 жыл бойы билік тізгінін қолында ұстаған Реза Шах саяси сахнада “мен бұйырамын” дейтін диктаторлық ұран мен бірге зұлымдық тәсілдерді қолданды. Соның салдарынан өзге де қайраткерлер мемлекеттік қоғамдық-саяси істерге белсене араласуға мүмкіндік болмады [26; 3].
Пеһлеви дәуірінің кезеңінде үкімет ірілене бастады, билік негіздерін нығайта түсу және жаңа ашылған мекемелер мен басқару орындарында іскер адамдар пайда бола бастады. ХХ ғ басына дейінгі қалалардың дамуы әлемде бірдей болған еді. Яғни қалалар мен қала халқының саны өсті. Себебі ауыл адамдары қалаға келіп, қоғамдық жұмыстарға араласып кетті.
Әкімшілік топ пен халықтың тартысы төңкеріске ұласты. Күн сайын көтеріліс қоғамның барлық топтарына, студенттер, діндарлар, қызметкерлер, жұмысшылардың арасында болып тұрды. Төңкеріс Иранның оңтүстігін, солтүстігін, батысын-шығысын қамтыды. Бұл әрекет-халықтың бостандығы және еркіндігі үшін болған күрес.
4.Саяси фактор. Мәшруте төңкерісінен кейін билік бұрынғысынша жүре берді. 1941-1953 жылдары 1-ші билік кезеңі қорлық пен езгілік түрде АҚШ пен Британ тарапынан жасалынған айла-тәсілдерінің шырмауында қалып, олар билік тағына қалаған адамын отырғызды.
Шахтың істері мен жасаған іс-әрекеттері өз пайдасы үшін ғана жасалды. Сондықтан іс жүзінде наразылық шерулер ұлғайып өрши түсті.
5.Мәдени соральдық идеологиялық және діни факторлар. Иран халқы ислам дінін ұстанған халық. Сондықтан ең бастысы діни құндылықтарды биік деңгейде сақтап келген мыңдаған жылдар бойы Иран өзінің ұлттық дәтсүрі мен әдет ғұрпын қастерлеп отырған Иран халқын ислам діні алға жетелеуші күшке айналды.
Иран төңкерісі аренасына 1978 ж теңдесі жоқкөсем ретінде Имам Хомейни (1902-1989 жж) шықты. 1963 жылы 5-шілдеде патша саясаты АҚШ-тың Иранға үстемдік көрсетуіне қарай қозғалысты Имам Хомейни бастап шықты.
Төңкерістен бұрынғы ең маңызды оқиғалардың бірі Имамның ұлы Мұстафаның дүние салып Росиди Мутлақ атымен газетте балағат сөздермен жария болған мақала еді. Оның арты 1979 жылы фактордағы Құм қаласындағы қанды оқиғаға әкеп соқты. Оның арты Иран Ислам Ұлы төңкерісіне келіп тірелді. 1979 ж 16 қаңтарда Шах Ираннан кетуге шешім қабылдады. 1979 жылы 1 ақпанда төңкеріс көсімінің ұшағы Парижден көтеріліп Тегеран аэропортына қанды 1949 ж 11 ақпанда армия өз еркіндігін жариялады, ақпарат құралдары, радио, т.б. құрылымдар төңкеріске қосылды. Дәл осы күні Иран Ислам Республикасының жаңа үкіметі бүкіл әлемге жарияланды.
2.2. 5 маусым 1963-11 ақпан 1979 жылғы тарихи оқиғаларға сипаттама
Имам Хомецнидің қудалануы. Жоғарыда аталған көтеріліс себептеріне және осы оқиғадан кейін халықтың қуғынға салуына байланысты 5 маусымда Әсотолла Әлім премьер-министрлік қызметінен босатылып, орнына АҚШ пен Британияның қолдауына ие болған Хасанәли Мансур сайланды. Мансур батыс елдеріне пайдаоы маңызды жобалар ұсынды. Оған қарсы шыққан Имам Хомейни 1964 жылы тұтқындалып, Туркияға қуылды. Кейінрек беделді дін ғұламаларының үкіметке қысым жасуының нәтижесінде Имамның Нәжәф Әшрәф қаласында (Ирак) тұруына рұқсат етілді. Имамның айдауға ұшырауына наразы болған Мұхаммед Бұқарай мәжіліс ғимаратының алдында Мансурге террорлық қыстандық жасады (22.01. 1965 ж). Бұл террордан кейін оның орнына Амир Аббас Хувеина отырды [27; 9].
Патшалық тақтың мерей тойы. Патшалық жүйе 1966 жылы Мұхаммед Реханың таққа отырғанының 25 жылдығын тойлады. 1967 жылы қазан айында кезек тәж қою тойына жетті. Одан кейін патшалық режимнің орныққандығына 2500 жыл толуына орай қисапсыз шығынмен той өткізілді. Соңғы тойға төрт жыл дайындық жүргізіліп, көптеген мемлекет басшылары қатысты. 1971 жылы “Бейбіт төкерістің” 10 жылдығы тойланса, 1978 жылы ақпан айында Реза Шахтың 100 жылдық мерей тойы өткізілді.
Хижри Шамси күнтізбесінің патшалық жылнамасына ауысуы. 1976 жылы Мұхаммед Реза мемлекет жылнамасын хижри жыл санауынан шаханшахи (патшалық) жылнамасына ауыстырды. Мұның себебін кейбіреулер “исламнан арылу” деп жорамалдады, алайда, Шахтың өзі бұған былайша түсінік берді: “Мәдениет қоғамның белгілі бір ақсүйектеріне ғана тән деп ойламаймын. Мен тәлім-тәрбие мен білім алу барша көпшілікке бірдей болсын деп бар ынтамен еңбек еттім. Алайда, өткеннің мұраларын кертарпалық, өркениетке қарсы немесе сәнге жатпайды деп есептемеу керек. Керісінше, кейбір қалалық топтар ирандық мәдениетті құнсыз деп бағалай отырып, тарихи мәдени мұралар халық жадынан шығаруға ұмтылуда. Сондықтан барлық асыл құндылықтар мен жалпы Иран мәдениетін жаңғырту жолында жаңаша жолдар іздестіру қажет болды.
Мемлекеттің жыл санауды ахеменид дәуірінен хиджра жылнамасымен қатар қолдануды сол шаралардың бірі еді”. Алайда 1976 жылы шаханшадидтың 2535 жылына сәйкестендіріп қолдануға бекітілді. Сөйтіп Мұхаммед Реза шахтың таққа отыру жылы шаханшадид жыл санаудан 2500 жылдығына орайласты.
Мұнай бағасының өсуі. 1968 жылғы екі оқиға АҚШ-тың Парсы шығынағындағы стратегиялық жобалардың алдыңғы қатарына Иранның ілінуіне әкеп соқтырды. Біріншісі, Вьетнам соғысы. Бұл соғыс АҚШ-тың жеңіске жете алмайтындығының көрсеткіші болды. Екіншісі, 1971 жылы Британияның Суэц каналының шығысындағы әскери міндеттерін тоқтататындығын жария етуі. Сондықтан Иранның саяси сахнадағы ролі АҚШ-тың стратегиялық есептерінде одан әрі маңызды орынға е бола бастады. Шах қалыптасқан жағдайды Иран мүддесіне пайдалануға тырысты. Сол уақытта полковник
Каддафи мұнай бағасын өсіру жөнінде ұсынысын халықаралық мұнай компанияларына мойындата отырып, Ливияның Еуропа базарларына шығу жолы жақын екендігін ескертті және мұнай бағасы Парсы шығанағының мұнай бағасынан қымбаттау болуы тиістігін айтқан болатын.
Шах та осындай талдауларды негізгі ала отырып, 1971 ж Тегеранда өткен ОПЕК конференциясында мұнай бағасының баррелі 3 доллардан кен байлық үкіметке жалған қауіпсіздік сыйға тартты. Шах барлық қиындықтарды мұнай сатудан түскен қаражат арқылы жеңеміз деп ойлады. Үкімет мұнайдан түскен үлкен табыстарды қалай жұмсау керек екенін білместен, шеттен тауар сатып алуды ұйғарды. Бір жағынан Иранның соншама импортталған тауарларды қабылдауға шамасы жоқ еді. Сондықтан үкімет 1976 ж 400 млн доллар заряд ақша төлеуге мәжбүр болды.
Рәстахиз партиясы. 1951 жылы Шах екі саяси партия құрды. Олар сарайдағылардың басқаруымен жұмыс істеді. Әсәддолла Әлім “Мәрдом” партиясын (“Халық” партиясы), ал Манаучерх Иқбал “Меллиот” партиясын (“Ұлттық” партия) басқарды. 1975 жылы Шах үкіметінің қарауындағы бір партиялық жобаны іске асыруға шешім қабылалды. Ол кезде шын мәнінде үкіметтің негізгі үші тірегі-бюрократия, армия, сарайдың материалдық қолдауы болатын. Шах төртінші тірегі-бір партиялық жүйе арқылы тұрғызылуға бел буған еді. Сондықтан аталмыш екі партия жұмысын тоқтатып, жаңа “Растахиз” партиясын құрды. Бұл партия 1975 жылы көп уақытын кең көлемді жұмыс істейтін ұйымның құрылуына жұмсады. Сол уақыт ішінде партияға арналған бес газет жарық көре бастады.
Ж. Картер және адам құқығы. Ислам төңкерісінің пайда болуының себептері туралы әр түрлі көзқарастар бар. Төңкерістің қандай дағдарыс салдарынан пайда болғаны туралы біркелкі тұжырым жоқ. Айқын да, нақты пікірдің қалыптасуы үшін көп уақыт керек екені белгілі. Бірақ қалай болғанда да Шах шешімінің ашық саяси ахуал тудыруда ерекше мәні бар екенін айту керек.
АҚШ президенті Картердің халықаралық сахнада адам құқы мәселесін көтеруі, оның әлемдік саясатта өріс алуына себеп болды. Картер де АҚШ-тың Иранға қарсы ұстанып отырған саясатына айырықша мән берді. Өйткені бұл елдің әскери қуатының парсы шығынағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мұнай бағасын тұрақтандыруда маңызы зор еді. Дегенмен де Ирандағы саяси атмосфераны ашу үшін қандай да бір өзгерістер жасауды қажет деп тапқан болатын.
1947 жылы өндірілген мұнайдың жалпы бағамындағы Иранның үлесі тек 9 пайыз ғана құрады. Ұлыбритания үкіметі компаниядан кіріс ретінде, Иранның концессиялық ақысын көп алды.
Осындай теңсіздік, елдегі экономиканың жағдайының төмендеуі, экспорттың қысқаруы, Иран риалының құнсыздануы, бағаның өсуі, халықтың басым бөлігінің тұрмысының төмендеуі Иран үкіметін 1948 жылы компанияға бірқатар претенция қоюға мәжбүрледі. Елдің 1946-1949 жылдары экономика-лық даму жоспары, американ фирмаларының қатысуымен қаржыландыруды қажет етті.
Елдегі америкалық ықпалдың өсуінен қорыққан ағылшын-иран мұнай компаниясының басшылығы Қавамның үкіметтен кетуін қалады. Қавам отставкаға кеткеннен кейін бірнеше кабинет ауысты. “Федаяни ислам” бірнеше терракттар жасады, 1949 жылы олар шах өміріне қастандық жасады. Осыдан кейін елде әскери жағдай енгізіліп, реакция басталды.
Әсіресе, 1917 ж Қазан төңкерісінен кейінгі коммунистердің билігі кезеңінде екі ел бір-бірінен мүлдем қол үзді. Әлемдік социалистік жүйенің коммунистік партияның диктатурасының күйреуі, КСРО коммунистік империясының ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, халықтардың географиялық жүйесі жаңа типтегі адамды-мәңгүртті жасау үшін барлығын қолданды, ол үшін адамның өз туған тілінен айырды, тарихын санасынан жойып, генефонды жойып, халықтарды тұтас геноцидке ұшыратты.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Иран Ислам Республикасы оны алғашқы елдер қатарында ресми түрде таныды. Одан әрі тез арада саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатанастар орнықтыру жұмыстары жүргізілді.
Жүзеге асырылған көптеген шаралар нәтижесінде екі елге бір-бірін тікелей және тереңірек танып-білуге мүмкіндік туды.
Еліміз тәуелсіздік алып, қазіргі ұрпақ алдында мол мүмкіндіктер пайда болғанымен, біздің қазіргі Шығыстың мәдениеті, саяси, діни, гуманитарлық ғылым өкілдері, ислам туралы білетініміз өте аз.
Ирандағы антимонархиялық және антиимпериалистік революцияда діни фактор ұлт-азаттық қозғалыстың дамуында шешуші роль атқарды.
Ислам дінінің, Имам Хомейнидің жетекшілігімен Иран халқы тарихи жеңіске жетті [28; 18].
Аса көрнекті мемлекеттік саяси және діни қайраткер Саид Рухулла Мусава Хомейни бүкіл өмірін қоғамдағы исламның ролін нығайтуға арнады. Аятолла Хомейни шежіресі Мухаммед пайғамбардан бастау алғандықтан оның есіміне “Саид” титулы қосылды.
Хомейнидің Мұхаммед реза Пехлеви режиміне қарсы күрес жолы өте ауыр болды.
30 жылдары әкесі қаза тапқаннан кейін бастаған бұл істі, Хомейни 1979 жылы Ислам революцияның жеңісіне дейін жалғастырды. Осы тиранияға қарсы күресте Иранның 2-3 млн астам ұлдары қаза тапты, олардың ішінде Имам Хомейнидің өзінің ұлы да болды.
САВАК елдің қоғамдық саяси өмірінің барлық саласына енгізілген еді. Бір де бір мекемені, мерамхананы, студенттік топты репресивті органдар назарын тыс қалдырған жоқ.
Осы жағдайда Аятолла Хомейнидің теориялық еңбектері, саяси және практикалық нұсқаулары арасында астыртын таратылды.
Хомейни Туркияда, Иракта, Францияда құғында болған кезеңдеде Иран халқының күресіне жетекшілік етуді тоқтатқан емес. 1979 жылдың басында Аятолла Хомейни 15-жылдан кейін еліне оралды.
Оны 5 млн адам қуанышпен қарсы алды. Сонымен оның идеялары іске асырылды.
“Исламдық басқару” атты еңбегінде Имам Хомейни ислам мемлекетінің теориялық және практикалық негіздерін мұсылман қоғамның өмірінің саяси ұйымдастырылу формасын қарастырды. Қоғамның дамуын тежеп отырған монархияның құлауына, шах режимінің орнына жаңа мемлекет келмейтіндігіне сенетіндігін айта келе автор былай деп жазған: “ … серікті қажет етпейтін Алла ғана шынайы монарх” дейді.