Загрузка...

Сталинград шайқасы

Загрузка...

           Сталинград шайқасы. Харьков пен Қырымда жеңіске жету арқылы жау Мәскеу үшін шайқастағы жеңілісімен қол үзген стратегиялық бастамасын қайтарды да, Кавказ бен Сталинградқа шабуылға шықты. Гитлердің күштерді екіге бөлуін көптеген герман тарихшылары кейінгі апаттың басты себебі деп санады. Бұл ретте, жау жоспарларындағы қателіктер мен өз командованиеміздің жоспарларындағы жетістіктерді кеңес әскерлері жеңіске айналдыру керек екені назардан тыс қалған секілді. Осындай мүмкіндікті іске асырған Сталинград бағытындағы әскерлер құрамында Кеңес Армиясының 320-дан аса құрамалары мен 250-ден аса бөлімдері болды, солардың қатарында қазақстандық әскери құрамалар – бес атқыштар және атты әскер дивизиясы, атқыштар бригадасы, миномет полкі мен механикаландырылған көпір салатын батальон қызмет етті.

     Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың (ӘШҚ) 9-корпусының бөлімдері, әуе бақылауының, хабарлауы мен байланысының 19-, 43-, 71-батальондары, подполковник А.М. Рутковскийдің 748-зениті-артиллериялық полкі, №122-, 132-, 181-зениті бронепоездары, сондай-ақ  подполковник И.И. Красноюрченконың ӘШҚ 102- жойғыш авиадивизиясының 629-, 731-, 788-жойғыш авиаполктері және капитан П.Т. Тарасовтың 15-жойғыш авиаполкі белсенді рөл атқарды. Зенитшілер Қазақстан жерінің әуесінде 21 ұшақты, тағы бірнеше ұшақты ұшқыштарымен атып түсірді. Жәнібек ауданының «Алғабас» колхозының маңында 11 қыркүйекте бір  «Юнкерсті» сержант Д.В. Гудков өз ұшағымен соғып құлатты. Екі ұшақ бір-бірімен соғысқан кезде ол ұшақты тастап, парашютпен жерге түсті. Емделгеннен кейін қатарға қосылған Д.В. Гудков соғыс аяқталғанға дейін 340 жауынгерлік ұшу жасап, дұшпанның 19 ұшағын жойды, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Туған елге деген сүйіспеншілік, оның еркіндігі мен тәуелсіздігін қалай да қорғап қалу, халқын құлдықтан құтқару жауынгерлерге соғыс құрбандықтарына, оның ауыртпалықтары мен шығындарына төзуге жігер беріп, кәсіби шеберлікті арттырудың түрлері мен тәсілдерін іздестірулеріне көмектесті. Әскери мамандықтың барлық түрлері бойынша жауынгерлер шеберлігінің артуы Сталинград түбінде шабуылға көшу үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және соғыстың барысында түбірлі  өзгеріске жетудің аса маңызды факторларының біріне айналды.

Соғыс барысындағы түбірлі өзгеріс. Сталинградтан Днепрге дейін. Соғыс барысындағытүбірлі өзгеріс Сталинград түбіндегі жеңіспен айқындалды, бұл майданда кеңес әскерлері сан жағынан жау әскерлерінен аз болса да, вермахтың ең қуатты топтасқан қолын — 6-жаяу әскер 4-танк армияларын, сондай-ақ екі румын, итальян және венгер армияларының негізгі күштерін қоршап алып, тас-талқан етті. Паулюс әскерлерін қоршауға және талқандауға Казақстандық, 27-гвардиялық, 29 және 38-атқыштар дивизиялары және майор Г.Н. Бутневтің 129-минометшілер полкі қатысты.

     Алматылық С.Д. Луганский (1918-1977) мектептегі және аэроклубтағы оқудан кейін Орынбор әскери ұшқыштар авиамектебін бітірді. Кеңес-фин соғысында 59 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшты. Отан соғысында 1941 жылдың қазан айынан Южный, Воронежский және Степной майдандарында қатысты. 1943 жылы шілдеге қарай капитан, эскадрилья командирі болып, ондаған жау ұшақтарын жойды. Бір жолы, атақты доғадағы шайқас күндерінде ол «мессершмиттердің» атысынан штурмовиктің экипажін құтқарды, оның командирі Талғат Бигелдинов болып шықты. 3 тамыз Луганский үшін айтулы күндердің біріне айналды, сол күні ол жаудың 3 жойғыш ұшағын атып түсірді. Шайқас күндерінде дұшпанның 18 ұшағын жойды, 1943 жылы 2 қыркүйекте оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қысқа мерзімді демалыс кезінде өзіне арналған ұшаққа жұрттың қаражат жинап жатқанын білді. Бөлімге ол осы қымбат сыйлықпен оралды. Ал жылдың соңына қарай командирі С. Луганский болған полкке Қазақстан жастарының қаражатына жасалған 12 жаңа ЯК-1ұшағы жеткізілді. 1944 жылы 1 шілдеде оған жаңа ерліктері үшін екінші Алтын Жұлдыз берілді. С. Луганский әскери-әуе академиясына оқуға жіберілген 1945 жылдың наурызына дейін ол 417 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшты, 200 әуе ұрысын жүргізіп, жаудың 37 ұшағын жеке және 6-уын топтың ішінде атып құлатты.

1945 жылы 27 маусымда Т. Бигелдиновке екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1956 жылдан Т. Бигелдинов запаста, қазір оставкадағы генерал-майор Алматыда тұрады. Оның есімі Ақтөбенің жоғары әскери авиациялық училищесіне берілді.

Загрузка...