ҚР Мемлекеттік қызметші төзімділігінің моделі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезде елімізге жаңа мәрте бемен қоса зор жауапкершілік пен мол міндеттер де жүктелгендігі бәрімізге мәлім. Осындай ауқымды міндетті жүзеге асыру, зор жұмысты атқару тек кәсіби, білікті әрі қияншылықтар мен түрлі жүктемелерге төтеп бере алатын мемлекеттік қызметшілер аппараты  қана жүзеге асыруы сөзсіз болар еді. Сон дықтан да Президент өзінің алғаш Жолдауынан бастап жыл сайынғы Қазақс тан халқына арналған Жолдауларында мемлекеттік қызметшінің бейнесін нақтылай түскендей болды. Тәуелсіздіктің алғаш күндерінен бастап Прези дент ең бастысы елімізде тәртіп, ал қызмет басында – бірлік, біліктілік пен төзімділіктің болуын қалады және осы ойын әрдайым маңызды әрі ресми құжаттар, баянда малар, үндеулер арқылы халықтың, мемлекеттік қызметші лердің назарына жеткізіп тұрды.

Уақыт Елбасының көздеген қағидатталарының орынды әрі Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін өте қажетті болған қағидалардың бірі екендігін дәлелдеді: біздің еліміз ЕҚЫҰ мәртебелі саммиті өткізілетін елдерді таңдау барысында мемлекет ішінде төзімділік ұстанымы нық орнаған әрі тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде көзге түсіп, Саммитті өткізу мәртебесіне ие болды.

2010 жылдың айтулы оқиғаларының біріне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XVІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бүкіл әлемге Қазақстанның ішкі де, сыртқы да сая­сатының рухын бейнелейтін төрт қағидаттарын жария етті. Олардың ішінде Сенім, Дәстүр, Ашықтық сынды қағидалармен қоса Қазақстанның қазіргі уақытта визит карточкасына айналған Төзімділік қағидаты аталған. «ТөзімділікҚазақстанды табысты да сенімді дамытудың маңызды факторына айналды» — деді мәртебелі жиын қатысушыларына, кеңірек айтқанда бүкіл әлемге Н.Назарбаев. Оның ұсынған төзімділік моделі ЕҚЫҰ сияқты азулы құрылымға ауадай қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай. Себебі — қазіргі кезде ескі және жаңа Еуропада байқалып отырған мультикультурализм дағдарысы өршіп келе жатқанда этносаралық келісімнің моделіне кім-кім болса да қызығып қарайды. Сондықтан да, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммитінде талқыланатын тақырыптардың бірі – осы төзімділік қағидаттары болды. Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның сессиясында сөйлеген сөзінде: «Мен қазірдің өзінде әлем тарихына еніп келе жатқан Астана Рухы ұғымы саналуандықтағы сенім, келісім, төзімділік және бірлік қағидаттарына негізделген әлем орнықтырудағы жалпыға ортақ ұмтылыстың символы болатынына сенімдімін», деп мәлімдеді. ЕҚЫҰ-ның Астанада өткізілген Саммиті ЕҚЫҰ-дағы төзімділіктің қазақстандық тәжірибесін өзгелерге үлгі етті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс – деп айтылған. Яғни, мемлекет тік қызметшілер міндеттерінің бірі — төзімділік қағидатын жүзеге асыру арқылыҚазақстанды табысты да сенімді дамытуға ықпал ету.

Қазақстандық төзімділік елдің көп қырлы полиэтникалық әлеуетін Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті нығайту мақсатында  жұмылдыруға және аза маттардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік туғызды,  біздің ұлттық бірлігіміздің өзекті мәселесіне және де әрбіреуіміз үшін өмірлік қағадаларға айналды. Ізгілік норма бола тұра, төзімділік әрбір азаматтың оның этникалық тиесілілігіне қарамастан біздің ортақ Отанымыздың тағдырына деген жауап кершілікпен байланысты. Және де қазақстандықтар құндылықтарының ортақтығы біріктірушы бастама болып табылады. Аталған құндылықтардың ішінде Тәуелсіздік барлық азаматтардың аман – есендігі басты құндылықтар болып саналады. Сондықтан да мемлекеттік аппараттың  мемле кеттік функциялардың күн сайын өзгеруін есепке ала отырып қоғамның кеттік қызметшілер қызметін реттелуін қамтамасыз етіп, қоғамда мемлекет тік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруы тиіс.

Мемлекеттік қызметші төзімділігі моделінің іргетасының негізі Қазақстан Республикасы Президентінің «О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики: демократизация общества, эконо мическая и политическая реформа в новом столетии» атты 1998 ж. Қазақстан халқына Жолдауында қаланған. Аталған Жолдауда Президент «Мен Сіздерге бүгін негізінде мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен әділдік қаланған жаңа құрылымдар мен жаңа тәртіптерді таңдауды ұсынамын» деген. Елбасының аталған Жолдауында мемлекеттік басқаруды, яғни мемле кеттік қызметшілер  жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсынған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейінің, яғни, әкімшіліктің республикалық, облыс тық және жергілікті органдарының өкілеттіктері нақты белгіленетін болады. Ол функциялардың қайталануына, былыққа жол бермеуге, үкімет мүшелері нің, әкімдер мен басқа да лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін нығайтуға және мемлекеттік қызметтер жұмысының сапасын артты руға мүм кіндік туғызады. Аталған Жолдауда «мемлекеттік қызметке дайын дығы жеткілікті, өз Отанының патриоттары болып табылатын адал азаматтар ірікте лініп алынатын болады» делінген. Президент аталған міндеттің Мемлекеттік істер агенттігіне жүктелетіндігі туралы айтқан.  Сонымен қатар, Агенттікке объективті өлшемдер негізінде мемлекеттік қызметшілерді әділетті жылжы тылуын қамтамасыз ететін жүйені құру міндеті жүктелген.  Мемлекеттік қызметші төзімділігінің жаңа моделінің негізінде жауапкер шілік, өкілеттілік пен есептілік орын алатындығы көзделген. «Өйткені адам дарда үкіметке деген сенім болмағанға дейін Үкімет халықтың қолдауына сенім арта алмайды» деген Елбасының көзқарасы мемлекеттік қызметші моделінің негізі болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру – атқарушы билікті реформа лаудың кілті болмақ делінген. Осы бағытта жүзеге асырылатын үш мақсаттың ішінде мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін оңтайландыру қажет тілігі де атап өтілген. Президенттің Жолдауда айтылған ой – тұжырымдама лары, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілер аппаратын реформалау ұсы нысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы   3 мамырдағы  № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет шілерінің ар-намыс кодексінде (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этика сының қағидаларында) көрініс тапты. Атап айтсақ, осы құжатта мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар егжей – тегжейлі көрсетілген болатын, тіпті кодекс «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды» деген сөздермен басталатындығының өзі — ақ мемлекеттік қызметшінің имиджіне қойлытаны зор жауапкершіліктің белгісі болып табылады.

Кодекс ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Респуб ликасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға, қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге; мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға, өзінің іс-әрекет терімен коғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға,
Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ыкпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқьның салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұл жытпай сақтауга, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, туралықпен және сапалы аткаруға, жұмыс уакытын тиімді пайдалануға, жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуга, қойылган міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға, бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге, бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нор малармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге, кәсіби дайындықтың, оның ішінде орындалуы бағынысты қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне жаткызылған мәселелер бойынша, қажетті деңгейіне ие болуға, басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және жолын кесуге тиіс [29, 72 б.].

Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс. Яғни, көріп отырғанымыздай, осы кодексте келтірілген әрі мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар негізінен мемлекеттік қызметші төзімділігі моделінің сипаттамалары болып табылады; мемлекеттік қызметшіге қойылатын әрбір талап төзімділік пен толерант тылық қағидаттарына негізделеді. Мысалы, «Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ыкпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқьның салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға» деге талабы жоғарыда айтылған ойдың дәлелі болып табылады. Сонымен қатар, кодексте мемлекеттік қызметшілерге «адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеу» талабы да қойылған. Яғни, Президенттің пайымдауынша, мемлекеттік қызметшілер тек өздері төзімді болып қана қоймай, өздері де төзімді мінез – құлықты орнатуға ықпал етулері тиіс. Сонымен қатар, кодексте «мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уакытта жалпы қабылдаған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс» деп айтылған. Осы қағидат та мемлекеттік қызметшілердің толерантты мінез – құлықты ұстану мен оны өзінің тұрмыстық ортасында орнатуға ықпал ету жөніндегі зор жауапкерші лігін сипаттайды.

Мемлекеттік қызмет — әр елдің барлық даму сатысындағы басты атрибут, ал мемлекеттік қызметшілер — өзгерістерді негізгі орындаушылар. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік кызмет және басқару құрылымын жасаудағы Мемлекет басшысынын Қазақстанның 2030 жылга дейінгі даму стратегия сында «Кәсіби үкіметке» басым бағыт беруі тегіннен — тегін емес.

Мемлекеттік қызмет туралы қазіргі заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісіне негіз калады. 1998 жылғы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының шешіміменмемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және оның аумақтық органдары құрылды, сондай-ақ Президенттің жанындағы мемлекеттік академия Президенттің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы болып қайта құрылды.

1999 жылғы 23 шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы»заң және мемлекеттік кызмет шеңберін реттейтін нормативтік құқықтықактілер қабыл данды. Халықаралық сарапшылардың бағалауыбойынша, қазіргі уақытта Достастық мемлекеттері үшін үлгі ретінде Қазақстан ТМД елдерінің арасындаалғашқылардың бірі болып мемлекеттікқызметке сәтті реформа жүргізді .

Елбасы Қазақстанның алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті                50 елдін қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті онан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарга дейін жеткізу міндетін койды. Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылык шешім кабылдау аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат кажет. Осыған орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация кажеттілігіне сай білім реформасы мен басқарудың жаңа үлгісін орнатпай Қазақстанның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Бүл үшін де аз нәрсе істелген жок. Мемлекет басшысынын Жарлығымен ҚМЭБИ құрылды, оны жыл сайын біліктілігі  жоғары 200-ден астам маман бітіреді. Президенттің «Болашақ» бағдарламасының жұмыс істегеніне біраз уақыт өтті, оның жолдамасымен талантты жастарымыз дүние жүзінің ең таңдаулы универси теттерінде білім алады. Үш тандаулы оқу орнын — Дипломатиялық және Сот академияларын, сондай-ақ Мемлекеттік кызмет академиясын біріктірген Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың жаңа академиясы жұмыс істейді [30, 26 б.].

Окуды өмір бойы жалғастыру әр адам үшін заңдылыққа айналды. Президенттің Жарлығымен бекітілген ережеде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылады.

Жастардың мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу негізінде түсуіне жол ашылды. Мемлекеттік қызметте еңбек ететін мамандар даярлауға бағдар үстаған көптеген мамандандырылған оку орындары негізінен ғылыми және теориялык білім бсруді ұсынады, ал жүйелік түсіну, кәсіби дағды, ұйымдастырушылық қабілетін ұштау білім беру аясынан қалыс қалады. Сол себепті жас мамандар мемлекеттік қызмет барысындағы кездесетін кәбір міндеттерді орындауға дайын емес.

Қазіргі кезде саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр резервін қалыптастыруға баса көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта бірінші кезектегі міндеттердін бірі — мемлекеттік қызметті ұсынудың халықаралық, сервистік төртібіне көшу. Қатаң бәсекелестік жағдайында үнемі өз кызметтерінін сапасын арттыратын жеке меншік секторлардан мемлекеттік органдардың айырма-шылығы өздерінің даралығынан бұл мәселелерге аз көніл бөлінді.

Еліміздің заңнамасында «мемлекеттік қызмет» және «мемлекеттік кызметтердің стандарттары» деген түсініктер болған жок, сол себепті кызмет  терді мемлекеттік органдардың міндеттерімен шатастырады. Сондықтан Елбасы мемлекеттік органдардың рейтингтік бағалауының негізгі өлшемдерінің арасынан ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын ерекше белгіледі.

Мемлекеттік кызмет істері жөніндегі агенттігінде дайындалғап мемлекеттік қызметтердің бірыңғай стандарты 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Осының негізінде әрбір мсмлекеттік орган халыққа БАҚ арқылы жеткізілетін стандарттар тізімін даярлайды, бұл мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бақылауға мүмкіндік береді [31, 35 б.].

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші төзімділігінің моделі қалыптасуда. Мемлекеттік қызметшінің төзімділігі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтендірілу бағытында дамуы тиіс деген ұстанымдар келтірілген. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшінің ішкі әлеуеті дамытылып, оның өзін өзі тану мен өзін өзі дамытуға, өз өзін өзгерте алуға және өз өзін белгілі бір мақсаттарға жетуге бағдарлай алуға қатысты қабілеттері дамытылуы тиіс. Сонымен қатар, жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптардың ішінде ең әуелі, қазіргі заманға сәйкес келетіні — мемлекеттік қызметшінің жоғары патриоттық сезімі болу керек. Қоғамда қазіргі уақатты «тек өз халқы мен елін сүйетін адам ғана оны прогресс пен гүлденуге жетелей алады» — деген пікір қалыптасқан. Яғни, қазіргі заманға сәйкес келетін формациядағы мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптардың бірі – оның патриоттық сезімі басым болуы тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге бәсекеге жарамды болу талабы да қойылады. Себебі мемлекеттің бәсекеге жарамдылығы оның әрбір азаматының бәсекеге жарамдылығына тікелей байланысты болып табылады. Ол үшін әрбір мемлекеттік қызметші жоғары кәсіби маман болып, өзін-өзі жан – жақты, соның ішінде психологиялық тұрғыдан да  жетілдіруіне ұмтылуы тиіс. Сонымен қатар, жаңа модельге сәйкес келетін мемлекеттік қызметші креативті және шұғыл ойлай білуі, адал әрі айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста адамгершілік сезімі артуы тиіс. Осындай қабілеттердің барлығын жүзеге асыра алу үшін мемлекеттік қызметші ең бастысы өзінің мінез – құлық реттей алуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік қызметшінің мінез – құлқындағы төзімділік сезімі басым болуы шарт.

«Қазақстан – 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттік қызметті дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесін жақсарту»; «мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік қызметтің жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» осы тұжырым дамамен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру негізіне алынған.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тиімді кадр тетіктерін – мемле кеттік қызметке кірудің тиімді әрі айқын тәртібін, үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байла нысын қалыптастыруға бағытталған [32, 26 б.].

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын кәсіби тұрғыдан қамтамасыз ететін жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпусы қалыптастырылып, мемлекеттік қызметке кіру және оны атқару тетіктері түбегейлі жетілдірілетін болады.

Осылайша, «Қазақстан – 2030» Стратегиясының ережелері негізге алына отырып:

1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі;

2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі;

3) мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың үш тұғырлы мақсаты болып табылады.

Үш тұғырлы мақсатқа сәйкес:

1) мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа кадр тетіктерін қалыптастыру және қолданыстағыларын жетілдіру;

2) мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдарлау;

3) мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесі мен беделін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың міндеттері болып айқындалады.

Мемлекеттік қызметті сапалы кадрлық жаңарту мен кәсібилендіруді жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін оның ұйымдастырушылық құрылымы және нормативтік құқықтық базасы жаңғыртылатын болады.

Жаңа модельді қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланған, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.

Бүгінгі күні Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері саяси, бюрокра тиялық, экономикалық, идеологиялық және әскери элитадан құралатын биші геш элитаның өкілдері болып табылады.  Демек, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері – өзінде мемлекеттік билікті топтастырып қана қоймай, бүкіл жүйенің даму стратегиясына жауапты болып табылатын қоғам тобы. Еркінде осындай билігі бар әрбір шенеунік кәсіпқорлық, біліктілік, төзімділік пен қарым – қатынас мәдениеті сынды қасиеттерге ие болуы керек.

Қазақстанға өз кәсіби қызметінде пайдаланатын білімдері, дағдылары мен икемдері бар білікті кадрлар қажет. Қазақстан Республикасының Прези денті Н.Ә.Назарбаев сондықтан да «жаңа ұрпақтың шенеунігі – патриот сезімі дамыған әрі әділ, өз ісіне берілген ұлттың құлы» деп бекер айтпаған болар.

Әлеуметтік – экономикалық дағдарысты көріністер орын алатын және де адамдардың мінез – құлқын құқықтық және ізгілік реттеу мәселесі белгілі бір қиыншылыққа ұшырасатын нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде мем лекеттік қызметшілердің рухани – ізгі және құқықтық тәрбиеленуінің ерекше маңыздылығы күмән туғызбайды.

ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы М.Т.Баймаханов «Адамгершіліктің дағдарысы қоғамның құқықтық саласындағы дағдарыспен толықтырылады» деген пікірге назар аударады». Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттің өкілі ретіндегі борышы, оның кәсіби намысы мен жеке абыройы ерекше маңызды. «Сіздердің барлықтарыңыз – жоғары билік өкілдерісіздер, сіздер – мемлекеттің бір бөлігісіздер және де сіздер нақты іс – қимылдардың үлгісі болуларыңыз керек», — деді Н.Ә.Назарбаев

1999 жылы Парламент палаталарының біріккен отырысында Үкімет мүшелері мен депутаттарға. Сондықтан да мемлекеттік қызметшінің төзімділігі, оның іс жүзінде кез келген мінез – құлықтарға төзімді болуы мемлекеттік қызметші бейнесінің алғышарты десе де болады. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілік даярлығына ерекше назар аударылған (білім беру деңгейі, біліктілікті арттыру).