Автоматтандырудың сипаттамасы

 Автоматтандырудың сипаттамасы туралы қазақша реферат

Автокөлік жүргізуге толықтай құқұлы болу үшін, арнайы құжаттарды қабылдайтын, емтихан тапсыратын және т.б. бөлімдері болады.

Құжаттарды қабылдау бөлімі — мұнда емтихан тапсыруға келген әр курсант жайында ақпараттарды алады. Ол құжаттардың тізімі:

— Медициналық байқаудан өткені жайында қағаз;

— Жеке куәлік (данасыман);

— РНН (данасы);

— Авто ісін оқыған куәлігі.

Мұнда тек емтихан тапсыруға ғана емес, сондай – ақ жүргізушілік куәлігін жоғалтқан және сол куәліктерін жаңарту үшін келетін жүргізуші азаматтарды да қабылдайды.

 Емтихан тапсыратын бөлім – бұл бөлімде емтихан тапсыру үш кезеңде болады. Курсант сол аезеңдерден сүрінбей өтсе жүргізушілік құжатын алады. Сонымен бұл кезеңдер мынадай болып бөлінеді:

— Жол жүру ережелері бойынша (ЖЖЕ);

— Автокөлікке техникалық күтім жасау;

— Автокөлікті жүргізу.

Осы кезеңдердің біріншісінде, яғни жол жүру ережелері бойынша (ЖЖЕ) емтихан компьютерде, ал қалған екеуі (автокөлікке техникалық күтім жасау мен автокөлікті жүргізу) бойынша практика ретінде өтеді. Курсан емтиханды жақсы тапсырғаннан кейін, оған жүргізушілік куәлігін екі, үш жұмада откеннен соң ғана береді. Қазіргі таңда жүргізушілік куәлігін алу үшін емтиханнан өту қиынға түсіп отыр. Курсант жүргізушілік куәлігін өз еңбегімен оқып алса, ол одан соң өзіне сенімді болады. Осыған автоинспектрлердің қатты көз салып отырған себебі, сауатты және қабілетті жүргізушілер қазіргі уақытта ауадай қажет. Оған қоса автокөлікті жүргізуге асығып жүргізушілік куәлігін жылдамырақ алғысы келген азаматтар, ешбір оқусыз сатып алынған куәлікпен қала ортасында көптеген ыңғайсыз жағдайларға түсіп отырады. Осындай жағдайлардан арылу үшін емтихан сұрақтарын күрделендіріп, курсанттар мұқият тексерулерден өтеді.

Курсантты қабылдау.

Қазіргі таңда курсантты қабылдау кезінде жоғарыда айтылып өткен құжаттарды қажет етеді. Ол үшін болашақ курсант медициналық байқаудан өтуі тиіс. Дәрігерлерден жүргізушілікке жарамдылығын тексеріп, (әйтпесе емделіп қайта медициналық байқаудан өту) құжаттарын жинап, осы құжаттар арқылы ол жүргізушілік куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға барады.

Емтихан тапсыру.

Емтихан басталғанда бірінші «жолда жүру ережелері» бойынша, компьютерде отырып тапсырады. Тестіде 20 немесе 30 сұрақтан келеді. Жолда дүру ережелері бойынша мынандай тақырыптар қарастырылады:

— Жүргізушілердің жалпы міндеттері;

— Жолаушы және жолдан өтушілердің міндеттері;

— Бағдаршам және реттеушінің белгілері;

— Жүрісті, маневрлердің басталуы:

— Бағдаршамдардан өту:

— Тоқтау мен авто тұрақтар;

— Жүріс физикасы;

— Автомагистральдар арқылы жүріс;

— Маршруттық транспорттардың приоритеті:

— Адамдарды және жүктерді тасу;

— Механикалық транспорттық құралдарды тікеуге алу.

Курсант осы тақырыптарда дайындалғаны дұрыс. Неғұрлым көп дайындалған курсанттың жақсы тапсырып шығуға мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Автокөлікке техникалық күтім жасау.

Автокөлікті жүргізіп қана қоймай, сондай – ақ оған техникалық күтім жасай білу керек. Бұл деңгейде жоғарыда айтып кеткендей курсант техникалық күтім жасау білімі қаншалықты екендігін көрсетеді. Техникалық күтімнің (ТК) үш түрі бар, олар: Күнделікті күтім (КК), техникалық күтім1 (ТК1) және техникалық күтім2 (ТК2).

Оның мағынасы мынада: алдын – ала жоспарланған мерзімдерде белгілі бір жұмыстарды – күнделікті, бірінші, және екінші техникалық күтімдерді жүргізу жолымен ақаулардың пайда болуынан сақтандыру.

Күнделікті күтімге (КК) мыналар жатады: автокөлік жұмысының қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін оның жай күйін сыртынан жалпы бақылау, автокөліктің сыртқы көрінісі таза болуы, жүргізушілер мен жолаушыларға қауыпсыз санитарлық – гигиеналық жағдай туғызу үшін тазалау, жуу және сүрту, суытқыш сұйықтың, майдың, отынның барлығын тексеру және оларды үстеп құю.

Бірінші техникалық күтім (ТК1) ақауларды, бөлшектердің тез тозуын болдырмауға және жөндеудің қажеттілігін айқындауға арналған. Оған: бақылау (диагностикалау), реттеу, майлау, бекіту жұмыстары кіреді.

Екінші техникалық күтімнің (ТК2) атқарылатын жұмыстары сол ТК1 сияқты, бірақ мұнда барлық жұмыстар күрделеу.

Әрине сынаққа алынып жатқанда бұның барлығын орындатуы мүмкін емес. Себебі әрбір жүргізуші автокөлікке техникалық күтім жасай білгені абзал. Қазіргі таңда автокөліктерге техникалық күтім жасайтын сервистік орталықтар көп. Сондықтан жүргізушілердің көбісі автокөліктерін СТО – ға апарады.

Автокөлікті жүргізу.

Бұл деңгейде курсанттар автокөлікті жүргізу сауаттылығы және жолда жүру ережелерін қолдану бойынша сынға алынады. Мұнда курсант арнайы жабдықтандырылған автокөлікті қала ішін аралап жүргізуімен өзінің білімін қасында отырған нұсқаушыға қөрсетеді. Нұсқаушы оған жіберген қателіктерін айтып, түзеп, кеңесін береді. Егер курсанттың жүргізу барысындағы қателіктері көп болса, онда сынағынан құлағаны.