Жүйенің инфологиялық моделі

Жүйенің инфологиялық моделі туралы қазақша реферат

Мәліметтер схемасы мәліметтер базасының құрлымын жасап, оның графикалық  бейнесі болып қана қоймай, жұмыс істеу процесінде  де кең  қолданылады. МҚ  схемасын жасау көпкестелі формаларды, сұраныстарды және басылымдарды  жеңіл құрастыруға, сондай – ақ, кестелерді түзету кезінде байланысқан мәліметтер тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді.

Схема кестелер  арасындағы байланыстар анықталып, олардың нұсқалары жасалады. Осылай құрылған схемалар өзара  байланысқан кестелер негізінде формалар, сұраныстар  және басылымдар құрастыру кезінде мәліметтер  байланысын автоматты түрде  пайдалануға мүмкіндік дереді. МҚ схемасы гафикалық түрде арнайы терезеде өрістер тізімі арқылы көрсетілген, әртүрлі  кестелердің керекті өрістерін сызықтармен байланыстыру жолымен бейнеленіп тұрады.

Осындай  өзара байланысу бейнесі мәліметтердің екі тобы арасындағы нақты байланысты көрсетеді.  Бұлардың  « бірдің бірге » ( 1:1 ), « бірдің көпке » ( 1: К ) және  « көптің  көпке » ( К:К ) қатынасы сияқты бірнеше түрлері бар.

Мысалы, жүргізуші құжатының объектісін сипаттау кезінде КУРСАНТ, ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ, ҚЫЗМЕКЕРЛЕР         сияқты өрістерді пайдаланамыз. Осы өрістердің арасындағы байланыстарға тоқтала кетейік:

1:1 – КУРСАНТ  ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ

1:К – КУРСАНТТАР  ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ

К:К – ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР  КУРСАНТТАР

Access  бағдарламасы мәліметтер схемасын құру  кезінде таңдап, алынған өріс бойынша кестелер арасындағы байланыс типін автоматты түрде анықтайды. Егер байланыс орнатылатын өріс басты және бағынышты кестелердің екеуінде де қайталанбайтын түйінді өріске  жататын болса, онда «бірдің бірге қатынасы » түріндегі байланыс  орнатылады. Ал, егер  байланысу өрісі тек басты кестеде ғана қайталанбайтын түйінді типке жататын болып, ал бағынышты кестеде  ол түйінді өріс  типіне жатпайтын болса  немесе ондағы құрамалы түйінді өріске кіретін жағдайда, басты кестеден бағынышты кестеге  қарай « бірдің көпке қатынасы » байланысты  орнатылады.

Басты кестеден байланыс өрісі ретінде түйінді болып, саналмайтын типті таңдағанда, тек біреуге байланысы орнауы мүмкін. Мұндай байланыстар  басты кесте мен бағынышты кестенің екеуінен де алынған өрістері бар формалар мен басылымдар құру кезінде қажет болады. Мұндай байланыстар бірдей мәндері бар жазбалардың байланыс өрісінде біреуін төмендегі  3 тәсілдердің біреуімен қамтамасыз етеді:

1)екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды ғана біріктіру;

2)екі кестенің де байланысқан өрістерінің  мәндері бірдей болған  жазбаларды біріктіру.

3)екі кестенің де байланысқант өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды біріктіру.

1:1 немесе 1:К типіндегі байланыс түрлеріне мәліметтер тұтастығы  қамтамасыз ететін параметрді және де байланысқан жазбаларды автоматты  түрде каскадты жаңарту мен өшіру ісін енгізуге болады.

Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жаңарту режимінде басты кестенің байланысу  өрісіндегі мәнді  өзгерткенде, бағынышты жазбалардағы соған сәйкес келетін өріс мәндері автоматты түрде өзгертіледі. Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою режимінде, басты кестедегі жазбаларды өшіру кезінде барлық  деңгейлердегі бағынышты жазбалар каскадты түрде жойылады.