Жеткіншектердегі агрессивті мінез-құлық курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Агрессия психологиялық феномен ретінде
1.1 Агрессия түсінігі
1.2 Агрессия классификациясы
2. Жеткіншектердегі агрессивті мінез-құлық
2.1 Жеткіншектік кезеңдегі агрессивтіліктің көріну спецификасы және себептері
2.2 Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлар
2.3 Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері
3. Жеткіншектердің агрессивті мінез- құлқын тәжірибелік зерттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: «Жеткіншек кезеңдегі агрессия» деген термин қазіргі практикада балалардың мінез-құлқындағы қиын әрекеттерін  білдіреді. Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кеткен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналады. Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санының көбею деректері де бізді аландатуда. Сондай-ақ, жеткіншектер арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі. Психологтар кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру деңгейіне және оның мінез-құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне тұрақтанған. Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтік өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр. Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессия да индивидтерде түрлі дәрежеде көрініс табады, Агрессиялықтың болмауы енжарлық пен конформдылықкқа, ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге қоршаған ортамен өзара түсініспеушілкке әкеледі.

Жеткіншектік  ортада  агрессивтілік  тенденцияларының  өсуі  біздің қоғамымыздың  əлеуметтік  мəселелерінің  ең  бастыларының  бірі.  Соңғы жылдары  жастар  арасында  қылмыстар  жасау  көбеюде,  соның  ішінде жеткіншектердің қылмыс жасауы ерекше назарда. Қатігездік мінездегі топтық төбелестер  болатын  жағдайлар  жиілеп  кетті.  Бұл  бірнеше  жағымсыз факторлардың жиынтығынан тұрады:

  • Балалардың əлеуметтік өмір жағдайларының төмендеуі;
  • Отбасылық тəрбие дағдарысы;
  • Паталогиялық  босанулардың  нəтижесінде  баланың  бас  миына зақым келгендіктен;
  • Мектептегі  балалардың  жүйкелік-психикалық  жағдайларына  назар аудармауынан;

Агрессивті балалар- ең аз басқарылатын жəне терапияға нашар берілетін балалар контингенті. Агрессивтіліктің көрінуі көбінесе психикалық ауруларға шалдыққанда білінеді.  Агрессивтілік  ғылымда  кездесетін  ең  бір  өзекті  де  қиын  мəселелердің бірі.  Бұл  жағдайды  түсіндіруде  ғалымдар  көптеген  көзқарастарға  сүйенеді. Психология  ғылымының  дамуында  адамдар  агрессивтілігі  түсінігі  маңызды өзгерістерге ұшырап отырды.

Зерттеу объектісі: Орта сынып оқушылары

Зерттеу пәні: Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық

Зерттеу мақсаты: Арнайы әдістемелерді қолдана отырып, жеткіншектер арасында агрессивті мінез- құлықты, яғни жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез- құлықтың даму динамикасын және олармен түзету-дамыту  жұмыстарын  жүргізу.

Зерттеудің міндеті: Мәселені нақтылау, зерттеудің теориясымен танысу, онымен байланысты әдебиеттерді қарастыру, зерттеу  әдістемелерін таңдау. Зерттеу нәтижесі мен алынған мәліметтерді талдау.

Зерттеу болжамы: Түзету-дамыту жаттығуларын орындаса, агрессивті әрекеті бар балалардың түзелуі мүмкін

Зерттеу базасы: Семей қаласындағы №31 жалпы білім беретін орта мектеп

Ғылыми —  зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, іс — тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 42 бет