Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан,бірақ бір компанияға немесе фирмаға,мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады.Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жеогілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды.Оның мынадай ерекшеліктері бар:
— құқжаттарды бірге пайдалану;
— құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ,жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға,түзетуге,түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
— компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
— сервердегі қодлданбалы программалармен оңай байланысу;
— қымбат тұратын қорларды – принтерлерді,CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын,қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолдданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т.б.