Жер бетін цифрлық картографиялаудың теориялық аспектілері туралы қазақша реферат
1. Цифрлық картография негіздері
2. Жерді цифрлық картографиялаудың методологиялық негіздері
Қазіргі заманға сай цифрлық картография ғылымды, техниканы және өндірісті қамтитын жүйе түрінде даму үстінде. Қарқынды түрде дамудың бұл кезеңі ғылым мен өндірістің жақындасуына әкелетін ғылыми-техникалық прогресті алға жетелейді. Жер туралы басқа ғылымдар тәрізді цифрлық картография да дистанционды зондылау, картография, географиямен, яғни табиғи, қоғамдық және табиғи-қоғамдық геожүйелермен тікелей байланысты, бірақта олар өз алдында құралдар мен әдістерін қолданады. Оның ішіндегі ең маңыздысы – компьютерлі моделдеу және онымен тығыз байланысқан геоақпараттық картографиялау.Геоақпараттық жүйелерде қолданылатын басқа «картографиялық емес» ақпараттар қандай да жағдай болмасын карталармен байланыстырылады және картографиядағы координаталар жүйесі бұл байланыстың негізін құрайды. Ал қорытынды ақпарат қолданушыларға картографиялық формада ұсынылады. Сандық картография мен геоақпараттық жүйелердің тығыз байланысы, яғни толық интеграциясы дүние жүзі бойынша мемлекеттік қызмет, ақпараттық орталық, ғылыми және өндірістік бөлімдер, білім саласы деңгейінде болып жатыр. Цифрлық картография негiздері барлық өзге сандық карталарға арналған бiртұтас негiздi құрастыратын, көпмасштабты принципі болып табылады. Кеңістік ақпараттарын өңдеу автоматтандырылған әдістердің дамуы моделдеудің жаңа бағыты жерді цифрлық картографиялаудың методологтялық негіздерін тудырады. Жерді цифрлық картографиялаудың методологиялық негіздерінің элементі – әр түрлі технология көмегімен алынатын жер бетін цифрлік моделдеу (ЖБЦМ) болып табылады.Цифрлық методологиялық негіздің мәліметтер моделдерінен айырмашылығы оларды ЭЕМ өңдеуге арналған формасы болып келеді.
Цифрлық методологиялық негіздер моделдер мәліметтер базасында немесе тәуелсіз файлдық құрылымда сақталуы мүмкін. Жерді цифрлық картографиялаудың методологиялық негіздері мен цифрлық моделдер ГАЖ, құрылыста, архитектурада көп таралған.
Қазіргі заманда картографиялық ақпараттардың көп анықтамаларын қолданады. Оларды класстарға бөлудің негізі құрылатын бастапқы моделдер мен есептердің айырмашылығымен келтіріледі.
Картографиялық ақпараттарды класстарға бөлудің және моделдеудің негізгі төрт қасиетін қарастырайық:
1 Нақты аймақтық саладағы объектінің классы ретінде ол берілген аймақтық саладағы объекті туралы арнайы ақпараттар: моделдейтін объектілердің салалық аймақ және жеке қасиеттерін сипаттайтын координаттық және атрибуттық көріністер болуы қажет.
2 Картографиялық ақпарат класс ретінде белгілі кластағы моделімен анықталу, яғни оның толық анықталған құрылымы болу қажет және негізінде мәліметтер моделдер базасының біреуі болу керек.
3 Картографиялық ақпарат цифрлік модел ретінде ЭЕМ қолдануы кезінде ыңғайлы және тиімді болу керек. Осы жағдай модельді толық іске асыру үшін оның физикалық құрылымын анықтайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалабаев Н.Б. ГИС и основы цифрового картографирования. Алматы, 2001.
2.Халугин Е.И., Жалковский Е.А., Жданов Н.Д. Цифровые карты. – М.:Недра, 1992, с.419
3.Лисицкий Д.В. Основные принципы цифрового картографирования местности. – М.:Недра, 1988, с.261
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1,2,3]
1. Цифрлық картографиялаудың мазмұндық мәні
2. Картографиялық ақпараттарды класстарға бөлу және кодтау