Ақпаратпен алмасу. Құқықтық қамтамасыз ету

Тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сектордың борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша жүйелік мониторинг жүзеге асырылады.
Борышты басқарудың негізгі проблемаларының бірі мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасудың жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы болып табылады.
Сондықтан, мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру және тиісті деңгейде борыштың жағдайына жүйелік талдау жүргізу үшін бірыңғай тұтастандырылған электрондық дерекқор құрылатын болады, ол тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік басқару секторының борышы және мемлекеттің шартты міндеттемелері бойынша – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен, басым қатысуы бар ұйымдардың сыртқы борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, қаржы секторының қаржылық тұрақтылығының өлшемдері бөлігінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жаңартады.
Бұл ретте, құпиялық сипаттағы ақпарат құрылатын дерекқорда ұсталмауы тиіс және қолданылатын ақпараттық алмасу туралы келісім жасасу тәжірибесі арқылы мемлекеттік органдар арасында алмасуға жатады. Елдің сыртқы борышын басқаруға және реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы борышы туралы ақпаратқа тиісті қол жеткізе алуы тиіс.
Қолданыстағы заңнамада борышты басқару мәселелері жеткіліксіз регламенттелген, түрлі мемлекеттік органдардың толық емес көлемде борышты басқару мәселелерін көздейтін жеке нормативтік құқықтық актілері бар. Осыған байланысты, тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және толық көлемде ел борышын басқару тәртібін регламенттеу мақсатында заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр, атап айтқанда:
жалпы сыртқы борыш бойынша:
жалпы сыртқы борыш ұғымын, оның құрылымын, жалпы сыртқы борыштың ықтимал шекті таңбаларын анықтау тәртібін және жалпы сыртқы борыш жағдайын жақсарту жөніндегі тетіктерді анықтау;
мемлекеттік басқару секторының борышы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері бойынша:
үкіметтік борыш лимитін және есептердің тиісті әдістемесін көрсете отырып, мемлекеттік кепілдіктер, кепілгерліктер беру лимитін анықтау ережесін әзірлеу;
мемлекеттік басқару секторының борышы және оның құрылымы ұғымын анықтау;
мемлекеттік басқару секторының борыш тәуекелін басқару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері бойынша ереже әзірлеу. Осы ережеде сыртқы борышты мерзімінен бұрын өтеу, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу және сату, мемлекеттік басқару секторының борышын және мемлекеттің шартты міндеттемелерін қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, сондай-ақ хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, борыш құрылымын оңтайландыру жөніндегі мәселелер көрсетілуі тиіс;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыртқы қарыз алуын жүзеге асыру және сыртқы борышын басқару тәртібін анықтау;
Қарыз алу және мемлекеттік басқару секторының борышын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелерін басқарудың өзге мәселелерін жетілдіру;
мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышы бойынша:
мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдар тізбесін анықтау;
акциялардың (қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін иемдену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдардың және/немесе тиісті жергілікті атқарушы органдардың тиімді сыртқы қарыз алуына, қарыз қаражатын пайдалануына және мемлекет басым қатысатын ұйымдардың, олардың еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдарын қоса алғандағы сыртқы борышының тәуекелдерін басқаруына бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
жеке сектордың сыртқы борышы бойынша:
корпоративтік сектордың сыртқы борышын үйлестіру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыретін айқындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен корпорациялық сектордың сыртқы борышының көлемдерін реттеу жөніндегі тетіктерді бекіту.
Қолданыстағы заңнамаға уәкілетті мемлекеттік органдарға қажет, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы борышының жағдайы туралы құпия ақпаратпен алмасу жөніндегі құқықтарын беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Ел борышын басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында мемлекеттің халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу жөніндегі бірыңғай саясаты қалыптастырылады, оның шеңберінде қызметінің ерекшелігіне, қарыз
қаражатын беру шарттарына және қалыптасқан жұмыс тәжірибесіне (республикада инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігі, жұмыс тәжірибесі және т.б.) байланысты халықаралық қауымдастық деп танылған әрбір халықаралық қаржы ұйымымен ынтымақтастықтың нақты бағыттары анықталады. Мемлекеттің халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу жөніндегі саясаты орта мерзімді фискалдық саясат құрамында борышты басқару стратегиясында көрініс табатын болады.
Бірқатар негізгі халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың мынадай ықтимал бағыттарын анықтау орынды болып табылады:
Дүниежүзілік банк – ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, кеден секторы, аумақтық даму, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылымды дамыту, технологияларды коммерцияландыру (жеке сектор немесе қаржы секторы), мемлекеттік жеке серіктестік тетіктерін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі – шағын және орта бизнесті дамыту (жеке сектордағы операциялар), энергетика, қаржы секторы, қор нарығын дамыту, мемлекеттік жеке серіктестік тетіктерін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
Азия Даму Банкісі – табиғи ресурстарды басқару, ауылды сумен қамтамасыз ету, өңірлік және ауылдық даму, білім, көлік, орталық және жергілікті билік органдарын қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту (жеке сектордағы операциялар), мемлекеттік жеке серіктестік тетіктерін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру