Жер бетін цифрлық картографиялау процесінің ақпарат-тық базасы туралы қазақша реферат
1. Жер бетін цифрлық картографиялау ақпараттық процесінің негізгі компоненттері мен мәні
2. Картографиялық мәліметтер банкісі
Ғылыми техникалық прогрессті тездетудің маңыздылығының шарты ғылым мен техниканың дамуының жаңа перспективалы бағыттарын іздеу мен өңдеу болып табылатын топографиялық-геодезиялық өндірісте осындай бағыттарға жердің цифрлық картографиялау жатады. Ол түздық және камералы өндірістің кешенді автоматтандырылуы мен жоғарғы құрылымын сапалы мазмұндайтын жұмыстың жаңа деңгейін сипаттайды. Осы деңгейге өту өзара тығыз байланысты екі мәселені шешу қажеттілігімен іргелес:
Өнімнің жаңа түрін қолдану мен сақтау, жасауда негізделген топографиялы-геодезиялық ақпаратты өңдеу мен жинаудың цифрлық әдісін меңгеру, яғни жердің цифрлық топографиялық моделі;
Цифрлық модельдерді жасау кезіндегі камералы және түздық жұмыстардың кешенді автоматтандырылуы.
Бірінші мәселе соңғы жылдары топографиялық ақпаратты қолданатын, халық шаруашылықтың көптеген салалары, жоспарлау мен басқарудың автоматтанған әдістеріне біртіңдеп көше бастады. Бұл, өз алдына жерді топографиялық, цифрлық моделіне сұранысты көбейтті (ЖЦМ). Тек ЖЦМ капиталды құрлыстың автоматты жобалау жүйесінің (ҚАЖЖ) жұмысы үшін негізгі материалы болып табылады, және басқарудың автоматты жүйесі (БАЖ). Қазір мемлекеттің әр түрлі ұйымдарында осындай ҚАЖЖ мен БАЖ біруақытта өңдеу жүргізіліп жатыр, олардың әрбіреуі ЖСМ жасау топографо-геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлерінің бірі болады.
Картографиялық деректер банкі (КДБ) (cartographic databank, CDB) син. Картографиялық деректер банктері – цифрлық картографиялық деректерді сақтау, өңдеу және пайдаланудың техникалық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастырылған құралдардың кешені.
Картографиялық деректер банк құрамына бір немесе бірнеше тематикалық облыстар, деректер базаларын басқару жүйелері, сонымен қатар сұраныс пен қосымша бағдарламалардың кітапханалары бойынша картографиялық деректер базасы кіреді. Біртұтас картографиялық деректер базасы: берілген тема, проблема немесе аумақ бойынша барлық ақпарат қоры және біртұтас басқару үшін торапқа біріктірілген аймақтық немесе жергілікті аумақтық жиналған жүйе ретінде көрінетін таралған картографиялық деректер банкі болып бөлінеді.
Картографиялық деректер банкінің ерекшелігі – оның деректермен кеңістіктік координаттар түрінде байланысуы. КБжД интерактивті автоматталған жүйе ретінде көрінеді. Бұл КБжД функциясының бір бөлігінің техника элементтерімен автоматталған режимде, екіншісінің адам қолымен орындалатынын көрсетеді.
Картографиялық деректер банктері картографиялық өндірістегі ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін енгізумен байланысты проблемаларды шешуде алдыңы орында. КБжД карталарды цифрлау процестері, автоматты түрде құрастыру, жаңарту және түпнұсқаларын, сызу, цифрлық карталар (үлгілер) құрастыру нәтижелерін біртұтастылыққа интегралдайтын, картографиялық қамтамасыздандырудың тиімділігін анықтайтын звено болып табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалабаев Н.Б. ГИС и основы цифрового картографирования. Алматы, 2001.
2.Халугин Е.И., Жалковский Е.А., Жданов Н.Д. Цифровые карты. – М.:Недра, 1992, с.419
3.Лисицкий Д.В. Основные принципы цифрового картографирования местности. – М.:Недра, 1988, с.261
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1,2,3]
1.Мәліметтер қоры
2.Мәліметтер қорын басқару жүйесі