Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады :
Ақпараттық құралдар:
-кабельдер;
-серверлер;
-желілік интерфейс тақшалар(NIC,Network Neterface Card);
-концентраторлар;
-айиақтық тармақталңан желілер үшін бағдарлауыштар(маршуртизаторлар);
-аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;
-аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер;
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютерлер болып табылады. Бұған қоса серверлерде желілік операциялық жүйе (NOS,Network Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғылард(принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Nerwork Operatibg System)үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас жүру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятордемулятор» сөздерінің шыққан түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрленеді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.