Жартылай өткізгішті маталл контактісі. Шоттки Барьері туралы қазақша реферат
Жартылай өткізгішті металл контактісін қарастырайық. Контакт болған жағдайда әртүрлі комбинациялар (р және п-типті жартылай өткізгіш), металл және жартылай өткізгіштік шығысындағы термодинамикалық жұмыстардың арақатынасы болуы мүмкін. Осы арақатынастардың тәуелділігінен контакт облысында үш күй пайда болады. Бірінші күй жартылай өткізгіштегі жалпақ зона шартына сәйкес, бұл жағдайда нейтралды контакт пайда болады.
Екінші куй жартылай өткізгіштің сыртқы облысындағы байытылу шартына сәйкес (р-типінде тесіктелген, п-типінде электронды), бұл жағдайда омитикалық контакт пайда болады. Ал үшінші күйінде жартылай өткізгіштің сыртқы облысы негізі тасымалдаушылармен кедейленген, бұл жағдайда контакт облысында жартылай өткізгіш жағынан акцепторлар немесе донорлардың ионды зарядтарының аумақтық облысы қалыптасады және блоктаушы контакт немесе Шоттки барьері пайда болады.
жартылай өткізгіштік құрылғыларда блоктаушы жартылай өткізгішті металл контактілері және кез-келген сыртқы қатты денелі термоэлектронды эмиссиялы ток Ричардсон теңдеуімен анықталатыны көрсетілген.
П-типті жартылай өткізгішті металл контактісі үшін ФМе металының шығысындағы термодинамикалық жұмысы Фп/п жартылай өткізгіштің шығысындағы термодинамикалық жұмысынан кем болатын шартты таңдайық. Бұл жағдай теңдеуге сәйкес Jn/n жартылай өткізгіштік сыртындағы термоэлектронды эмиссиялық ток металдың сыртқы термоэлектронды эмиссиялық тогынан көп болады.