Жарғылық капитал есебі, резервтік, эмиссиялық кіріс және төленбеген капитал есебі мен аудиті
Жарғылық капитал -кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шжс іс-қызметінің өрісі мен жағдайына ұйымдастыру құқықтық түріне байланыстырады.
Резервтік капитал-іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құралады. Басқаша айтқанда резервті капитал банктің тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздердің бір болуы үшін тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болу міндетті және ерікті сипатыта. Алғашқы жағдайда ол ҚР заңнамасына сәйкес ал екінші жағдайда банк құрылтайшы құжаттарында немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе банктің құруға құқығы жоқ, резервті капитал есебі 13 журнал- ордерде жүргізіледі. Аудитор резервті капиталды тексеруде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын баланста көрсетілген резерв капитал бабы бойынша, жыл басы мен соңындағы қалдықтарды 13Журнал ордердің мәлеметтері бойынша бас кітапта келтірілген шот қалдықтары мен сәйкестігін міндетті түрде анықтайды. Бухгалтерлік баланстың Эмиссиялық кіріс бабын шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс(жеке меншік үлестік құралдардын кұны мен олардың іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны қарасымдығы айырма) есепке алынады. Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру,баланстағы осы бап бойынша қалдықта 5310 Эмиссиялық кіріс шоты және осы шот кредиті бойынша 13 ЖО мәлеметтерімен салыстырады.