Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелде орын алған тарихи маңызы зор түбегейлі өзгерістер тұсында төзімділік мәселесін, әсіресе мемле кеттің саясатын жүзеге асыруға жауапты  буын өкілдерінің – яғни мемлекет тік қызметшілердің төзімділігі мәселесін зерттеу қисынды қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады.

Бүгін күні елімізде 140 этнос пен 40-тан астам конфессия өкілдері тұрады. Ол мемлекет саясатында төзімділік ұстанымының берік орнағандығының, түрлі этнос арасындағы мамыражай, тату-тәтті тіршіліктің көрінісінің бір белгісі. Ал осы төзімділік ұстанымын кеңінен сөз еткенде мынаны айтуға болады. Төзімділік мәселесінде Қазақстанның басқа мемлекеттерге ұқсамайтын өз жолы, өз тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасында төзімділік қағидаттарына негізделген демократиялық қоғамның қалыптасып, дамуына әрбір қазақстандық, әрбір мемлекеттік қызметші өз деңгейінде үлес қосуда. Соның нәтижесінде ең күрделі кезеңдерде қазақ халқының кемеңгерлігі мен төзімділігі жаңа мемлекеттің азаматтарының этностық шығу тегіне қарамастан саяси тұрақтылықты сақтап қала білді.

16 қараша күні Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күні атап өтіледі. Аталған күнді 1995 жылы ЮНЕСКО халықаралық ұйымы өзінің 50-жылдық мерейтойына байланысты жариялаған.

Төзімділіктің негізгі қағидасы: әр түрлі – ұлттық, нәсілдік, мәдени, діни және т.б. белгілер бойынша ерекшеленетін басқа біреуді қабылдау, өзара қарым – қатынасты «басқа біреулерге өзіңе деген қандай қарым қатынасты қаласаң, сондай қарым – қатынас көрсет».

Кез келген тілдерде төзімділік сөзінің мағынасы да әр түрлі.

Мысалы:

орыс тілінде төзімділік ұғымы «шыдамдылықты, төзімділікті», белгілі бір нәрсені немесе белгілі бір адамға төзу, байсалды, ақпейіл болу деген ұғымды білдіреді;

ағылшын тілінде тұлғаға басқаларға қысым жасамай өмір сүруге рұқса етуді білдіреді;

француз тілінде басқалардың ой — пікірлерінің сенің ой – пікірлеріңе сәйкес келмеушілікке рұқсат ететін қарым — қатынастар;

қытай тілінде кең пейілді болу қабілеті;

араб тілінде кешірім, кішіпейілдік, қайырымдылық.

Жоғарыда аталған әрбір анықтама төзімділіктің болмысын білдіреді: басқа біреулерді олар қанда ба болмасын құрметтеу талабы, басқа адамға зиян келтірмеушілікке қатысты талаптар.   

Көптеген жағдайларда биліктің беделі, басқарудың кез келген деңгей лерінде стратегиялық мақсаттар мен нақты шешімдердің жүзеге асырылу тиімділігі, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік әл – ауқаты да мемлекеттік қызмет шілердің кәсіптілігі мен адамгершілік деңгейіне байланысты болып табы лады. Төзімділік, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің төзімділігі этиканың құрамдас бөлігі болып табылады.

Біздің елімізде төзімділік мәдениетін қалыптастыру үрдістері мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі талап етеді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерді төзімді сана нұсқамаларын қалыптастыру маңызды мәселе лердің біріне айналған. Осы міндетті іс жүзінде жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметшілер осыған дейін қоғамдқы санада қалыптасқан ескі таптаурындардан арылып, тұлғааралық және топаралық өзара әрекеттесудің ізгілік нормаларына иеленуі тиіс.

Алайда, қазіргі кезде іс жүзінде белгілі  қайшылықтар орын алуда. Олар келесідей:

  • қоғамның әлеуметтік тұрғыдан бейімделген, қоршаған ортаның көпте ген көріністерін ұтымды, сарабдалы, сыни көзқараспен  қабылдай ала тын басқару кадрларға деген қажеттілік пен көптеген мемлекеттік қыз метшілердің ақиқатты біркелкілі таптаурынды белгілермен сипаттала тын болмыс ретінде қабылдау арасындағы қайшылықтар;
  • мемлекеттік қызметшілердің үнемі тұрғын халықтың кез келген санат тарымен өзара әрекеттесуге енгізілгенділігі мен осындай өзара әрекетте сулердің тиімділігін қамтамасыз ететін төзімділік деңгейінің қалыптас тырылмағандығы арасындағы қайшылықтар;
  • мемлекеттік қызметшілерде төзімді сананы және ызметшілердің жеке сипаттамалары ретінде төзімділікті қалыптастыру қажеттілігі мен ғылым саласында аталған үрдістің, яғни төзімді сананы қалыптастыру мен төзімділікті арттыруға қатысты мәселенің жеткіліксіз деңгейде әзірленгендігі арасындағы қайшылықтар.

Мемлекеттік қызметшінің өзі мен өз кәсіби қызметінің, бірінші кезекте кәсіби өзара іс — қимылдарының тиімділігі туралы пікірді қалыптастыруы салыстырмалы түрде тұрақты үрдіс болып табылады, алайда жеке, ішкі және сыртқы әлеуметтік факторлардың ықпалымен жүйелің түрде тербелістерге ұшырауда. Дәл осы жеке құрамдас бөлік өзін өзі дамыту мен жетілдіруге жауапты болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің төзімді лігін арттыру мақсатында олардың жеке бағыттылығының өзгертілуі мен қайта пайымдалуы үшін қажетті жағдайлар жасалынуы тиіс.

Мемлекеттік қызметші өзі мен өзара әрекеттесу бойынша серіктестер арасында аралықты реттей алуы тиіс. Жақын аралықта мемлекеттік қызметші өзара әрекеттесу жөніндегі серіктестерге эмоционалды тұрғыдан әсер ете алады; алыс аралықта бола тұра ол басқа адамды, белгілі бір дәрежеде өз өзін де объективті түрде бағалау мүмкіндігіне иеленеді.

Қатынастық төзімділігі төмен мемлекеттік қызметшілер неғұрлым авторитарлық, өктемшіл көзқарастарды ұстануда. Мемлекеттік қызметшіде қатынастық төзімділік деңгейі неғұрлым төменірек болған сайын ол маңында ғыларға соншалықты деңгейде жиірек өкпелейді, оларға сенімсіздік танытады, сезімдер біраз өрши бастағанда өзінің мінез – құлқында жағымсыз сезімдер мен оппозициялық әдеттерді білдіруге даяр болады, ал өзінің агрес сияшылдығын жанама түрде немесе ауызша білдіреді.

Негізінен «төзімділік» термині демократиялық қайта құруларды жүзеге асыру құралы ретінде қарастыруға болады. Түрлі идеялық – теориялық негіз дерге сәйкес қисынға келтірілген «төзімділік» ұғымының анықтамаларын, сондай – ақ әлеуметтік – саяси үрдісте төзімділік ұғымының шеңберлерін, функцияларын, орны мен ролін зерттеу «төзімділік» ұғымының саяси ғылым сөздігінде демократияның қазіргі заманға сәйкес келетін нысандарының басты қағидалары ретінде бекітілуін қамтамасыз етеді. Демократиялық мемлекет болып табылатын тәуелсіз Қазақстанда саяси төзімділік үшін барлық алғышарттар бар. Бірқатар объективті себептерге байланысты мемлекетте саяси тұрақтылыққа жетуде, оны сақтау мен Қазақс танда оңтайлы төзімді қатынастарды қалыптастыру жөніндегі іс – шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруда басым роль мемлекеттің еншісінде.

Қазіргі заманға Қазақстанның саяси жүйесіне ықпал ететін этносаяси үрдістердің ішінен жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті деңгейлер дегі  этносаяси тұрақтандыру мен этникалық төзімділікті институциялан дыру үрдістерін атап өтуге болады.

Төзімділіктің жаңа тұжырымдамаларын әзірлеу, төзімді мәдениетке қатысты заң базасы мен тәрбие-білім беру үрдісін жетілдіру, төзімді сана көзқарастарын қалыптастырудың тиімді технологиялар базасын жүзеге асыру және төзімді сананы орнатуға бағытталған саяси, әлеуметтік – экономикалық іс – шаралар жүйесін жүзеге асыру  қоғамдағы қауырттылықты неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді, Қазақстандағы әлеумекттік – саяси тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді.   

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:  

1. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі принциптері //Вторые Рыскуловские чтения: Мат. межд. науч.-практ. конф. 21-26 мая 2007г. – Алматы: КазЭУ им.Т.Рыскулова, 2007. – С.403-405.

2. Тоқышева, Б.   Толеранттылық-тарих тағлымы// Қаз  тарихы.- 2008.- № 2.- 116-120 б.

3. Толеранттық — ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайту және одан әрі дамытудың маңызды факторы ретінде //Евразийское сообщество. – 2010. — № 2. – С.141-145.

4. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің анықтамасы мен мәні //Хабаршы.  «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. — №1(13).– 16-21 бб.

5. Теоретические проблемы культуры межнационального общения //Исследование национальностей. — Сеул, 2004. — № 3. – С.215-220.

6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзі.

7. Әлеуметтік философия: 20 томдық. 17-том. / құраст.: Ә. Нысанбаев,                 М. З. Изотов ; ғыл. ред.Нысанбаев ; сарапшы: Қ. М. Жүкешев ; Философия және саясаттану институты.- Астана: Аударма, 2006.- 480 б.-(Қазақ                      халқының философиялық мұрасы: «Философия және психология»                      секциясы)

8. Н. Назарбаев — этносаралық конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы // ауд. С. Ибраим ; жалпы ред. басқ.: Ж. Ә. Әлиев ; Қазақстан халықтары Ассамблеясының Хатшылығы.-  Алматы: Жеті жарғы, 2006.- 212 б.

9.  1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы заң» Қазақстан Республикасының № 453 Заңы

10. Қазақстан халықтары ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеудің методологиялық мәселелері //Хабаршы.  «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. – №2(14). — 19-24 бб.

11. Еуразия кеңістігіндегі халықтардың қарым-қатынас мәде ниеті //«Межэтнические взаимоотношения — гарантия развития евразийских идей»: Мат. межд. науч.-практ. конф. 3-5 июля 2007г. – Чимкент: ЮКУ им.Ауезова, 2007. – С.83-88.

12. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті жүйесіндегі ұлттық мүдде //

Хабаршы.  «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009. — № 4(28). – 14-17 бб.

13. Патриоттық сезімді қалыптастырудың кейбір мәселелері //«Пути реализации важнейших направлений внутренней и внешней политики Казахстана в контексте задач, поставленных Президентом РК Н.А.Назарбаевым в Послании народу Казахстана». Материалы межд. науч.-прак. конф. 24 апреля 2007 г. – КазНПУ им.Абая, 2007. — КазНПУ им.Абая,-2007.- Ч.2. – С.45-47. (в соавторстве).

14. Общечеловеческие ценности в культуре межнационального общения //Вестник. Серия «Социологические и политические науки». – Алматы: КазНПУ им.Абая, 2005. — №4(12). – С.18-23.

16. Отбасы және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің кейбір мәселелері //Хабаршы.  «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2003 — №1(1) — 33-37 бб.

17. Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.-  Астана: Елорда, 2005.- 48 б.

18. Қарым-қатынас мәдениетіндегі кейбір мәселелер //Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2003 — №4(4) — 42-48 бб.

19. Ұлттық мәдениеттегі рухани өнегелік мәселелер: саяси талдау //Хабаршы.  «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. — № 3(7). — 59-63 бб.

20. Процесс формирования культуры межнационального общения студентов //Вестник. Серия «Социологические и политические науки». – Алматы:               АУ им. Абая, 2003. — №3(3). —  С.11-18.

21. Нұрманбетқызы, Ж., Жусанбаева, Г. М.     Толеранттылық — ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайту факторы ретінде: Толеранттылықты қалыптастыру// Білім әлемінде. В мире образования. In the world of EDUCATION.- 2011.- № 5.- 12-14 б.

22. Нуридин, Р. Ш. Қазақстан — конфессияаралық келісім орталығы// ҚазҰУ-нің хабаршысы. Филология сериясы.  Вестник КазНУ. серия Филологическая.- 2009. — №  5-6(121-122). — С. 321-327

22. Әлемнің трансформациялануы жағдайындағы Қазақстанның ұлттық мүддесінің кейбір теориялық мәселелері //Дағдарыстан – дамуға. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауына байланысты өткен халықар. ғыл.-теор. конф. матер. (28 мамыр 2009 ж.)  – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009. – 273-277 бб.

23. Айталы, А. Дінаралық диалог: ізгілікке күрделі бетбұрыс Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі қарсаңында// Егемен Қазақстан.- 2006.- 5 қыркүйек.- 4 б.

24. Байтенова, Н., Бейсенов, Бағдад. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі қарсаңында // Егемен Қазақстан.-  2006.- 23 тамыз.

25. Байтенова, Н., Затов, К.     Қазақстан Республикасындағы діни қатынастар және оның мәдени бірегейлікке ықпалы:    Көкейтесті мәселелер// Заңгер.- 2011. — № 1.

26. Ел-жұртты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің формалары мен тәсілдері //Хабаршы.  «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. — №4(16). – 51-56 бб.