Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі туралы қазақша реферат
Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.
Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіптүскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады.»Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе кслісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 12690-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.