Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі

Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі туралы қазақша реферат

Жеке басты және мүлікті сақтандыру бойынша есеп айырысулар. Сактандырушыларға сақтанушылар сақтық төлемдерінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерінен сактандырушылар қалыптастыратын ақша қорларының немесе басқа да активтерінің есебінен сактандыру өтемдерін төлеу арқылы белгілі бір сақтандыру жағдайларының туындаған кезінде жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастары болып табылады.

Сақтандыру былайша белінеді:

—    міндеттілік дәрежесіне карай: ерікті, міндетті:

—    сақтандыру объектісі бойынша; жеке, мүліктік;

—    сақтандыру төлемін жүзеге асырудың негізі бойынша: жинактық және жинақтық емес.

Міндетгі сактандыру — заң талаптарына қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Міндетті сактаңдырудың түрлері заң актілерімен белгіленеді. Міндетті сақтандыруды жүргізудің төртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Өз өмірін және денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа заңдармен де, шарттармен де жүзеге асырылады.

Міндетті сактандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен сақтандырудың осы түрін реттейтін заңдарына сәйкес жасалады. Бірақ сақтанушы сактандырушыға зандарда көзделгеннен гөрі неғұрлым тиімді шарттарды ұсынуға құқылы.

Міндетті сақтандыру шартын сақтандырудың нақ осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сактандырушылар ғана жүзеге асыра алады. Мүндай шартты жасау сактандырушы үшін міндетті болып табылады.

Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың осы түрін реттейтін заңдармен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру — тараптардың ерік білдірулеріне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сақтандыру объектісі азаматтардын немесе заңды тұлғалардың мүддесіне сай етіп жасалынады. Сақтанушының заңға қарсы мүдделері сақтандырылмауға тиіс.

Өз өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін сактандыру кез келген азаматтың өзіне тікелей байланысты болып келеді.

Мүліктік сактандыруға мүлікті сактандыру және кәсіпкерлік тәуекелділікті, азаматтык-құкыктык жауапкершілікті коса алғанда, онымен байланысты баска да мүдделері сактандырылуы мүмкін.

Жинактык сактандырушы келісім-шартта белгіленген мерзімі өткеннен кейін, не сактандыру жағдайы туған кезде төленетін сақтандыру болып табылады, ал жинактық емес, сақтандыру тек қана сактандыру жағдайы туған кезде төленеді.

Сақтандыру сомасы — бұл акшаның сомасы, оны сақтандыру жағдайы келіп жеткен кезде, сақтандырылған сомасы барынша толық көлемінде сақтандыру ұйымынын төлеуге жауапты екендігін білдіреді.

Сақтандыру сыйлығы — бұл акшаның сомасы, оны сақтанушы сақтандырушы мекемеге өзінің кабылдаған міндеттемесі бойынша сактандыру келісім-шартымен анықталған деңгейінде жасалатын төлем.

Сактандыру төлемі — бұл ақшаның сомасы, оны сақтандырушы мекеме сактанушыға сактандыру келісім-шарты келіп жеткен кезде немесе туындаған кезде, сақтандырылған сомасы барынша толық көлемде төленеді,

Сактандыру кызметі – бұл  сақтандыру мен қайта сақтандыру келісім-шартын орындаумен және жасаумен байланысты сактандыру мекемесінін (ұйымның) сақтандыру қызметі, ол екі бағытта жүзеге асырылуы мүмкін: өмірін сақтандыру және жалпы сақтандыру.

Өмірін сақтандыру ерікті түрде жүзеге асады. Ал ол екі нысанда болуы мүмкін: өмірін сақтандыру және аннуитетті сактандыру.

Жалпы сактандыруға медициналық, автомобилдік, азаматтык-құқықтық т.б. сақтандырулар жатады.