Заңсыз аборт жасау туралы қазақша реферат
Аборт дегеніміз заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12-аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша- 23-аптаға дейінгі жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.
Қылмыстың обьектісі — әйелдердің өмірі және денсаулығы.
Обьективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекл ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды.
Субьективтік жағынан ҚК-тің 117-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді.
Қылмыстың субьектісі – жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар.
ҚК-тің 117-бабының 2-тармағында тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген.