Адамның иммун тапшылығы вирусын(ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы

Адамның иммун тапшылығы вирусын(ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы туралы қазақша реферат

Қылмыстық крдекстің 116-бабының 1-тармағында басқа адамды көрінеу ВИЧ/ЖҚТБжұқтыру қаупінде қалдырғаны үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыстың тікелей обьектісі адамдардың өмірі және денсаулығы.

Қылмыс обьективтік жағынан басқа адамды көрінеу көрсетілген ауруды жұқтыру қаупінде қалдыруы арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жұқтырудың екі түрлі жолы белгілі. Оның біріншісі жыныстық қатынас арқылы, ал екіншісі қан арқылы (медициналық құралдарды, шприцтерді тиісті дәрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адам қанының басқа адамға жағылуы т.с.с.) .

Қылмыс құрамы формальдық, 116-баптың 1-тармағы бойынша жауаптылық ВИЧ/ЖҚТБ – ауыруын жұқтыру қаупін төндіргенін сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстың субьектісі 16-ға толған адам, өзінде иммун тапшылығы вирусы бар адам ҚК-тің 116-бабының 2-тармағында өзінде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендігі туралы білетін адамның оны басқа адамға жұқтыруын қарастырған. Бұл қылмыс көрсетілген ауруды нақты жұқтырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

ҚК-тің 116-бабының 4-тармағында медицина қызметкерінің, сондай-ақ тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің өздерінің көсіптік міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы – үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың бұл құрамының ерекшілігі оның арнаулы субьекті – медицина қызметкерінің  немесе кәсіптік міндеттерін атқаратын өзге де адамдар арқылы істелетіндігінде болып табылады.

Субьективтік жағынан бұл қылмыс -116-баптың 4-тармағы абайсыздвқпен істеледі. Егер іс-әрекет қасақаналықпен істелсе, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы ( ауыр дене жарақатын келтіру және 116-баптың тиісті тармағы бойынша сараланады ).Әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық өзге іс-әрекеттер, жас балаларды азғындату әрекеттерін жүзеге асыру жәбірленушіге кінәлінің ВИЧ/ЖҚТБ вирусын жұқтыру әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.