World Wide Web (дүниежүзілік өрмек)

World Wide Web (дүниежүзілік өрмек)- INTERNET –тің графиктік, аудио және видеозапистерге, документтік ресурстарына кіру сервисі. WWW әдетте INTERNET-тің синонимі деп атайды, бірақ ол қате пікір. Дүние жүзілік өрмек бүгінгі күнгі INTERNET -тің белгілі сервистарының бірі. World Wide Web-ті қарағанда сіз қайда барғыңыз келеді және не істегіңіз келеді өзіңіз білесіз. Бұл мультимедиалық және гиперссылкалық амалдар арқылы жүзеге асады.
  Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып көре бересіз, бірақ , қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.
Гиперссылка-бұл INTERNET-тің әртүрлі ресурстарын біріктіретін сілтеу. Қандай да WWW-дегі құжатты алсақ , оның ішінде басқа құжаттарға, фотографияларға, программалық құжаттарға сілтеу болады. Мысалы: Аквариумдық балықтарды өсіру Web бетпен жұмыс істеуде , сіз гиперссылканы қолданып , балықтардың фотосуреттеріне және одан кері өте аласыз. Бұл сіздің бірнеше минут уақытыңызды алады.
INTERNET- ті тек бір адам ойлап шығармағанын сіз білесіз , ал WWW басқаша. WWW-ң негізгі технологиясы мен концепциясын Тим Бернерс-Ли жасады.
Бернерс-Ли Оксфордтың жанындағы Королевский колледжінде білім алды. Өзінің қызмет жолының басында екі жыл Plessey Telecommunications компаниясында жұмыс істеді. Сонынан Тим D.G.Nash жұмыс істеді, ондағы оның міндеті операциялық жүйе, принтер үшін шрифті дайындау.
Бірнеше жылдан кейін Тим техникалық консультант болып Европалық физика лабораториясына ауысады. Сонда жұмыс істеп жүріп, Тим Enquire программасын жазады, бұл тілде сілтеме қолданылады. Бұл тіл жарияланған жоқ.
1989 жылы Бернес-Ли глобальды гипертексті проект ұсынады және оны World Wide Web деп атайды. Келесі жылдың октябірінде WWW – үшін программалау жұмысын бастады. 1991 жылы бірінші WWW объектілері INTERNET қосылады. Өзінің еңбектері үшін Тим Бернерс-Ли бірнеше премиялар алды.
Дүниежүзілік өрмектің әрбір ресурсының адресі болады. URL (Uniform Resource Locator –универсалды ресур көрсеткіші) дер талатын адрестер құжаттардың координаттарын немесе INTERNET сервистарын көрсетеді. Мысалы: URL бір адресті алсақ:
http:// www.geocities.com
Url-дің бірінші бөлігі http (hypertext trancfer protocol- гипертексті жіберу протоколы) мәліметке қосылужолын анықтайды. ( // ) және ( / ) арасында құжаттын адресі көрсетіледі. Біздің мысалымызда бұл geocities.com