Мұндай банкеттерді әдетте жолдастық немесе жанұялық сипатта болған кезде ұйымдастырылады. Ол азаңғы ас, түстік, кешкі ас немесе бір оқиғаға байланысты қонақ ету болуы мүмкін.
Қонақтар әдетте еркінше орналасады, бірақ құрметті қонақтарды ортада жайғастырады. Толық қызмет көрсету банкетіне қарағанда мұнда суық дәмтатымдарды ұсынумен шектелмейді: түрлі суық дәмтатымдарын, тұздақтар, маринадтар және т.б. қойылады.
Барлық суық дәмтатым ассортименттері мейрамның басталуына 30 минут қалғанда қойылады. Дәмтатым ассортиментін түрлендіру үшін әрбір адамға 0,5 порциядан кейде одан да аз порциядан тапсырыс беруге ұсынылады.
Осындай банкетте әрбір қонаққа кез келген дәмтатымды кез келген мөлшерде және кез келген тәртіпте алуға мүмкіндік бар. Порционды болып ыстық тағамдар беріледі. Даяшылардың басты уайымы тек қадірлі қонақтарға қызмет көрсету және уақытылы үстелден қолданылған ыдыстар мен құралдарды, бос бөтелкелерді алып отыру болады. Мұндай банкеттер бсқаларға қарағанда көп таралған. Бір даяшыға 9-12 қонақтан тиесілі болады. Банкет арасында мәдени — сауықтырулар мен билер сияқты үзілістер қарастырылады.
Банкет-фуршет.
Соңғы кездері қонақтар тұрып жеп, ішетін қабылдау-банкеттер кең таралуда. Французша «а ля фуршет», яғни «шаңышқыға» деп аталады.
Мұндай банкеттер көптеген артықшылықтарға ие:
- Банкет залында көптеген адамдарға қызмет көрсетуге болады.
- Әрбір қатысушы банкет барысында кез келген жерге және қонаққа жақындап әңгіме-дүкен құра алады.
- Қонақтарға ұнатқан дәмтатымдар мен сусындарды алып дәм тата алады.
- Шақырылған қонақтар банкеттен кез келген мезгілде кете алады.
- Шығындар кәдімгі банкеттерге қарағанда айтарлықтай аз болады.
Банкет-фуршетті ұйымдастыру үшін арнайы фуршет үстелдер қолданылады. Кәдімгі үстелдерге қарағанда биікрек болады. Олардың биіктігі 0,9-1,0 м, ені – 1,2 м аз емес болады.
Фуршетті үстелдер сервировкасын рюмкалар мен бокалдар топтарын орналастырумен бастайды. Содан кейін тарелка мен құралдарды орналастырады. Біржақты және екіжақты сервировканы ажыратады.
Банкет-фуршетке тұрып жейтіндіктен дәмтатым үшін азық-түлікті пышақты қолданбас үшін майдалап кеседі. Гарнирлерді бөлек ыдысқа салып қояды.
Тағамды бокалдар мен рюмкаларға тығыз орналастырудан аулақ болуы керек. Сонымен бірге дәмтатым тағамдарын үстел шетіне орналастыруға болмайды. Әйтпесе қонақтар тарелкаларын қоя алмай қалады. Банкетке қатысушыларды даяшылар өздеріне бекіткен үстел басында тұрып, қонақтарды жаймен, бас июмен, сүйкімді күлкімен үстел басына шақырады. Әрбір 20 қонаққа 1 даяшы тиесілі. Сондықтан көптеген қонақтар өздеріне қызмет көрсетеді.
Түрлі тілектер айтылғанда қонақтар назарын іліктірмес үшін барлық сервистік қызмет көрсетулер тоқтатылады.