ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША АНЫҚТАУҒА ТИІС МӘН – ЖАЙЛАР туралы қазақша реферат
Бүгінде бұл керағар үрдіс есірткі және порнография бизнесімен, қару-жарақ сату мен, қорқытып алушылық және басқа да қауіпті қылмыстармен тығыз байланыс орнатып алды. Ұйымдасқан қылмыстылық ұғымына және белгілеріне түсінік берудегі елеулі еңбек криминологиялық ілім өкілдерінің еншісіне тиеді. Мысалы: ұйымдасқан қылмыстылыққа тән белгілер жиынтығының барынша толық анықтамаларын О.В.Пристанская ұсынды деуге болады.
Олар: 1) Қылмыстық бірлестіктің «тіршілік етуін» материалдық – техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету.
2) Әшкере болудың және әшкере болудан қорғайтын толып жатқан шараларды пайдалану, әлеуметтік бақылаудың барлық түрлерінің алдын-алу (болдырмай тастау) құқық қорғау органдарына қарсы тұруды ұйымдастыру. 3) Қаржыландыру: қылмыстық бірлестіктің билік сатылары бойынша заңсыз жолмен алынған кірісті қайтадан үлестіру, қылмыстық іс-қимылды қолдауға арналған белгілі бір орталықтандырылған материалдық қор құру егер әшкере болған жағдайда оның орнын толтыруға арналған шығындарды қарастыру, қылмыстық бірлестікке қатысушыларға материалдық жәрдем көрсету.
4) Орталықтандырылған ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету.
5) Жазалау және марапаттау шараларын қамтамасыз ететін формальды емес «өзіндік мәдени» ережелер.
Бірқатар ғылыми және осы саладағы қызметкерлердің пайымдауынша, ол кезде күшінде болған Кодекстің кемшіліктері мынада болды: қылмыстық жауапқа тарту үшін ұйымдасқан топқа қатысушының әрқайсысының нақты қылмысты іс-қимылын және оның бірлесіп жасаған қылмысқа өзге қатысушылармен байланысын дәлелдеу қажет болды. Ал бұл қиын жағдай (мұнымен келіспей және болмайды). Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы тікелей өзі ешкімді өлтірмеуі, пара бермеуі, ұрлық жасамауы мүмкін. Сондықтан қылмыстық заңға қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын олардың нақты қылмыстармен тығыз байланысы барлығ дәлелденбеген жағдайда да қылмыстық жауапқа тартуға мүмкіндік беретін шамаларды енгізу қажеттігі жайлы шешім қабылдады. Осыған байланысты, заң жүзінде қоса қатысуды екі және одан көп адамдардың қылмыс жасауға бірлесіп қатысуы деп қана емес, сонымен қатар екі немесе одан да көп адамдардың жалпы қылмыстық іс-қимылға қасақана бірлесіп қатысуы деп анықтауы ұсынылды. «Жалпы қылмыстық іс-қимыл» ұғымын енгізу біржағынан құқық қорғау органдарының қызметтерін әрбір қылмысты әрекетті анықтап әрі дәлелдеуден, қылмысты әрекеттердің келісімділігін, нақты орындаушылардың кінәсін, олардың іс-әрекеттері арасындағы себепті байланысты дәлелдеуден босатса, екінші жағынан қылмысты ұйымдастырушылар мен жетекшілеріне де оңай тимес еді.
Іс-қимылға қоса қатысуды талдағанда қылмыстың жалпы байланысы (іс-қимылдың жекелеген сәттерінде ол байланыстың нақты қалай бой көрсеткеніне қарамастан ) маңызды. Қылмысқа қоса қатысуды анықтауға жаңа қырынан келудің дұрыстығын дәлелдеу үшін шетелдік айталық итальяндық тәжірибеге бірталай сілтемелер жасалып келеді.
Бірақ өзіміздің отандық тәжірибені де еске алуға болады, оған пәлендей көп уақыт өте қойған жоқ.
Қылмыстық оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі обьектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Затай дәлелдемелерді немесе іздерді табу – ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге арнаулы әдіс-тәсілдер және техника криминалистік құралдар қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса, қылмысты дәлелдеуге қажетті іздерді , микрообьектілерді жай көзбен қарап тез арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс емес.
Ұрлық, тонау мен қарақшылық қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылық және тағы басқа қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.
Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілгі азаматтардың жеке мүлкін (бөрікті, аз мөлшердегі ақша, киім, тағам т.б.) тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер шағын топтар құрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақтарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды, алайда қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады.