Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары

Қазақстан Республикасының орталық банкісі және отандық банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Қазақстан Респбликасының Ұлттық банкі орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктер және басқа да несие-қаржылық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің міндеттерін орындау барысында табыс алу мақсатын ғана көздемеуі керек.
Екінші деңгейлі банктердің түрлерін, заңды статусын, құрылу ретін, жойылуы мен жұмыс атқаруын банктік және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасына байланысты анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз жұмысын Конституцияға, ағымдағы Қаулыға, сонымен қатар, заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысына (ҚР банктер және банктік іс-әрекеттер туралы), басқа да заңдық актілер мен халықаралық дәрежеде бекітілген келісім шарттарға сүйене отырып атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Президентке қаратылған.
Оның мәнісі мынада:
Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің төрағасын тағайындайды;
Қазақстан Ұлттық банкісінің төрағасының ұсынысымен Қазақстан Республикасының Президентінің Ұлттық банк төрағасы орынбасарларын алып тастау;
Қазақстан Республикасының Президентімен ұлттық валюта – қазақстандық теңге дизайнын өзгерте алуы;
Қазақстан Республикасы Президентімен Қазақстан Ұлттық банкісінің жылдық қаражатын бекіту.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы негізінде банктік операциялар жүргізетін (шетел валютасын сатып алу және т.б.) барлық банктер, мекемелерге орындалуға міндетті нормативтік актілерді құрастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның барлық бөлімшелері салықтың барлық түрін, соның ішінде кедендік баж салығын да төлеуден босатылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі заңды тұлға болып табылады, оның өзіндік балансы бар. Ұлттық банк және оған тәуелді бөлімшелер жоғары деңгейлі банктің біріңғай құрылымын құрайды.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі функциясы – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Ұлттық банктің қызметіне мыналар жүктелген:
Қазақстанның экономикалық дамуы мақсаттарына жету және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы үшін ақшаға, несиеге жүгіну, банктік есеп айырылысу және валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жүргізу және өңдеу.
Ақша, несие және банктік жүйені тұрақты түрде қамтамасыщ ету.
Несие берушілердің және банк салымшыларының мүдделерін қорғау. Сонымен қатар, банктік және басқа да ұйымдардың реттеуші іс-әректеті және олардың орындалуын қадағалайтын алып сату және шетелдік валютаның акцияларын қабыладу операцияларын жүзеге асыратындарға да қолдау көрсетлуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасында ақша несиелік саясатты қайтадан қаржыландыру жолы арқылы жүргізеді;
— Банктердің, сонымен қатар алып-сатумен, айырбас ісімен айналысатын ұйымдардың іс-әрекетін бақылауға алады;
— Қазақстан Республикасындағы банктік пайыздық жарналарын ресми жарналарды өзгерте отырып реттейді;