Қазақстан банк жүйесінің ерекшеліктері

ТМД елдері және Қазақстанның банк жүйесі өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Көптеген ТМД елдерінде несие-қаражаттық жүйе ескі, қатаң және монополизациаланған жүйе (Мемлекеттік банкі – мамандандырылған банкілер – бөлімдер) мен екідеңгейлік жүйе (Ұлттық банкі – коммерциялық банктер). аралығында орналасқан. Қазақстанда екідеңгейлік банк жүйесі құрылып, қазіргі таңда жұмысын атқарып жатыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұрыңғы мамандандырылған банктер өзінің тұрақты клиенттеріне (негізінен, мемлекеттік мекемелер және өндірістік кәсіпорындар) және акционерлерге белгілі бір жеңілдіктермен несие береді. Осы жағдай қуаты азырақ коммерциялық банктерге өз салымшаларын сақтап қалу үшін күресте салыстырмалы түрде жеңіл несие беруге мәжбүрлейді. Халықтың 90% — ға жуық салымы ұлттық сақтандыру банкінің есепшотына келеді, себебі халықоған өте сенеді. Тек осы банкте ғана салымның сақталуының кепілдігін мемлекет береді және жалғыз осы банк жеке тұлғаларға несие берумен айналысады. Жаңа коммерциялық банктер шағын клиенттермен айналыспайды, әрқашан халықпен жұмыс істей бермейді. Халықтың салымдары үлесі коммерциялық банктер пассивінде тұрақты түрде 0,5% аспайды. Бірақ, кейінгі кезде олар да тәуелсіз қаражат іздеу барысында жеке салымшылардың назарын аудару үшін жұыстың жаңа формаларын: жедел салымдар, депозитті және сақтандыру сертификаттары, акциялары, вексельдер, облигацияларды қолдана бастады.
Заңды тұлғалармен есеп айырысу қызмет көрсету сферасы аз монополизацияланған. Қазіргі таңда, өз есепшоттарында көп қаражат сақтайтын немесе өткізетін ірі клиенттер үшін нағыз бәсекелескен күрес өтіп жатыр.
Қазақстандың коммерциялық бактерінің негізгі активті опреациялары –заңды тұлғаларды несиелеу болып табылады (активтің 35-37%-ы). Банктың осы іс-әректіне тән мынадай заңдылықты атап кетуге болады. Біріншіден, қысқа мерзімді несиелердің үлес салмағы өте жоғары (95-96%), осы көрсеткіштің өсу тенденциялары да өзгермеген. Несиелердің орташа мерзімі 3-4 айға созылады, бұл үлкен тәуекелге баруды қажет етеді және кризис пен инфляция уақытында белгілі бір белгісіздік жағдайын тудырады. Екіншіден, мемлекеттік мекемелерге берілетін несиеге ставка мөлшері экономиканың баламы салаларына берілетін несиеге қарағанда әлдеқайда аз болып келеді, ал сауда жасауға берілетін несие ставкасы кәсіпорынды кеңейту және дамытуға берілетін несие ставкасынан көбірек. Меншіктің түрлі формаларындағы мекемелерге несие берілгенде қарызды қайтарудың түрлі кепілдігін қолданады: сақтандыру, қайтадан сақтандыру, кепілдік, кепіл, қардарлық. Коммерциялық банктердің жүргізетін басқа операцияларына тәуелсіз конверсияланатын валютаға салымдар (активтердің 40%-ы) және банкаралық неие беру (активтердің 2%-ы) жатады. Банк операцияларының жаңа түрлері – бағалы қағаздарға және пайларға салымдар (активтердің 0,5-0,6%-ы), сенімдік операциялар, лизинг әлі кең етек жая қойған жоқ. Шаруашылық кәсіпорындарға және банктерге берілетін несиеден басқа коммерциялық банктердің қаражатының көп бөлігі Ұлттық банктің корреспонденттік, резервтік есепшотында орналасқан (15-16%). Банктің қаражат көздері — кәсіпорындардың ағымдағы есепшоттары, басқа банктердің несиелері, банктің өзіндік қаражаты. Депозиттердің минималды және максималды ставка соммасы 100%, ал коммерциялық банк несиелері 180% құрайды.Пайыздық ставкалардың өсуіне Ұлттық банктің есеп жарнасын өсіруі себеп болды. Қазіргі таңда Қазақстан банк мекемелері арнайы маманданусыз әмбебап банк ретінде жұмыс атқарады.