Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәсүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден банктік қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауыпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемелекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тарлылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық обьектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырға ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынастарында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін басқару үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу үшін қажет. Меншікті капитал – банктік қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өзінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлінгін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиентттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокоренттік шоттарды орналастыру мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокоррентік есеп шоттарында теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғарғы өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері ол шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздардыкоммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттвн жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік дейгенін, шоттарды есеп айрысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, алекінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін сесп айрысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айрысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтықұ мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастапзаң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Депозитердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайджы. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескерту бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ол осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.
Ескертуі бар мерезімді депозиттерде салымшының ақшалары кері алу туралы арнауы арызан банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері – 1айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлщерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәді мгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салдымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан керу алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.