Тұздардың пайда болуы

Тұздардың пайда болуы туралы қазақша реферат

Мұнай және мұнай шикізаттарында тұздардың пайда болу себептері өте көп. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, пласт суларын минералдау кезінде пайда болатын тұздар. Мұнай кен орындарында мұнаймен бірге алынатын және дисперсті жүйе құрайтын пласт суларында еріген минералды тұздар болады. Химиялық құрамы бойынша пласт суларын хлорлы кальцийлі және сілтілік деп екіге бөледі. Сілтілік тұздардың өзі хлорлы және хлор – сульфо сілтілік деп бөлінеді. Кен орындарына байланысты пласт сулары әр түрлі мөлшерде кездеседі. Мысалы, Ставрополобта пласт суларында  1 м/г еріген тұз кездессе, Татарстанда 300 м/г – ға дейін жетеді. Пласт суларында еріген тұздардан басқа, еріген газдар, коллоидты ерітінділер, қатты бейорганикалық заттар т. б заттар болады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша көптеген мөлшерді натрий, магний, кальций хлоридтері алады.Бірақ мұнайдың өзінде хлорлы тұздар болмайды. Олар эмульгирленген су арқылы мұнай құрамына енеді. Кей кездерде сусыздандырғаннан кейін де мұнайда кристалл тұздар болады. Олардың құрамы бірнеше миллиграмға жетеді. Пласт сулары хлоридтерден басқа магний, кальций, биокарбонаттардан тұруы да мүмкін