Мұнайдың құрамындағы тұздар

Мұнайдың құрамындағы тұздар туралы қазақша реферат

Әдетте, жер қойнауынан өндірілген мұнайдың құрамында:

—  серіктес газдар,

—  қаттық (жер қыртысы) сулары,

—  минералды тұздар,әр түрлі механикалық қоспалар (құм, топырақ және т.б.).    

Мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнайды дайындау және өңдеу  процесі МЕСТ  9965 — 76 бойынша жүргізіледі. Мұнай құрамындағы хлоридтер мен суға байланысты шикі мұнайды үшке бөледі.

1 Құрамында 0,5 % су және 100 м/л тұз бар мұнай

2 Құрамында 1 % су және 300 м/г тұзы бар мұнай

3 Құрамында 1 % су және 1800 м/г тұзы бар мұнай

Мұнайда судың болуы олардың тотығуына бейімділігін күшейтіп, технологиялық құрал – жабдықтардың коррозиясын туғызады және тұрақты су – мұнай эмульсиясын түзуге әсерін тигізеді. Мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде 100 ˚С – қа дейін қайнайтын жеңіл фракциялар (метан, этан, пропан және т.б бензин фракциясымен бірге ) біраз шығынға ұшырайды – шамамен фракцияның 5% — і. Сондықтан мұнайды тасымалдау және өңдемес бұрын алдын — ала өңдеу – оны даярлау жұмыстары жүргізіледі.

Өндірілетін мұнайдың әр тоннасына — 50 – 100 м  серіктес газдар, құрамында еріген тұздар бар 200- 300 кг су, 1,5 масс. % — ке дейін ерімеген қатты қоспалар сәйкес келеді. Кейбір көп мезгіл жұмыс істеп жатқан ұңғымаларда қаттарының аса суландыру нәтижесінде суларының мөлшері – 90% — ке дейін жетеді, ал талап бойынша өңдеуге жіберілетін мұнайдың құрамында судың үлесі 0,3% -тен төмен болу керек [4].

Тасымалдау алдында мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын МЕСТ– тің талабы мынандай:

—   судың массалық үлесі, W ≤  0,5%

—   Тұздың массалық үлесі, Р ≤ 200 мг/л.

Тұзсыздандырудың әдістерін айтпас бұрын, олардың пайда болу себептерін, тұздардың мұнайды өңдегенде, тасымалдағанда,қолданғанда тигізетін зиянды әсерлерін айту маңыздырақ.

Оттегінің мұнайдағы құрамы көп емес (0,1 – 2 %). Мұнайда келесідей оттекті қосылыстар болады: мұнай қышқылдары мен фенолдар. Мұнайдағы оттегінің негізгі үлесін құрамында С,Н,О элементтерінен басқа N және S болатын заттар – шайырлар құрайды.

Мұнай қышқылдар мұнайдың орта (250 С температурада қайнайтын) фракцияларында бірнеше пайыз мөлшерін құрайды. Мұнай қышқылдары — құрамында алифатты және нафтен қышқылдары негізіндегі органикалық қышқыл қоспасы.

Алифатты (май) қышқылдары мұнайда түзу тізбекті немесе изоқұрылымды қышқылдарды құрайды.

Ароматты қышқылдар мұнайда бензол және полициклды арендердің туындылары болып табылады.

Мұнайдан бөлініп алынған шикі мұнай қышқылдары иісі жағымсыз, қою түсті майлы сұйықтықтар.

Мұнайдағы күкірттің құрамы 0,05 – 3 % аралығында болады. Дегенмен жоғары күкірттенген мұнайлар да кездеседі.

Күкірт мұнайдың құрамында жай зат, күкіртсутек және органикалық қосылыстар мен шайырлы заттар ретінде кездеседі.

Жай зат ретінде күкірт мұнайда еріген күйде кездеседі. Мұнайды қыздыру барысында (айдау кезінде) күкірт КС шартты түрде әрекеттеседі.

Қазіргі кезде мұнайдың керосин және май фракцияларынан тұздарды бөліп алып тастау қиын міндет болып табылады.

Өндірісте бұл заттардан арылу мақсатында гидротазалау үрдісін 300 – 450 С пен 1,7 – 7 МПа қысымда өткізеді. Бұл тазалау негізінде күкірт қоыслыстары күкіртсутегіге дейін жүріп, оларды газдармен оңай бөліп алуға болады [5].