Психологиядағы тестілерге оқылатын қасиеттердің салыстырмалы сандың және сапалық көрсеткіштерінің даму дәрежесін көрсететін психодиагностиканың стандартты әдістемелері жатады. Бірнеше негіздемелер бойынша бөлшектенетін тестілердің көптеген түрлері бар.
Пән бойынша тестілер тұлға аралық, тұлғалық, зерделік болып бөлінеді. Қолданылатын тапсырмалар ерекшеліктеріне қарай: тәжірибелік, бейнелік және сөздік.
Тест материалы ерекшеліктеріне қарай: құжатты және техникалы.
Бағалау нысанына қарай: процессуалды, жетістік тестітер, жағдай мен қасиет тестілері.
Зерделеу тесттері ойлау дамуының, сонымен бірге қабылдау, зейін, ақыл-ес, дәрежесін бағалауға арналған.
Тұлғалық тестілер адамның қылықтарын айқындайын тұрақты және жекеленген психодиагностикалық ерекшеліктерімен байланысты. Бұған мінез, мотивациялық, қабілеттілік, қарқындылық жатады. Тесттер арасында кешенді түрлері де кездеседі (Кэттел), жекеген тесттер (ниетті, эмоциялық, акцентуациялық).
Тұлғааралық тесттер адам қатынастарын әлеуметтіктарда бағалауға мүмкіндік береді, мысалы, әлеуметтану, топтың ұжым ретіндегі әлеуметтік-психологиялық өз-өзін аттестациялау тесті.
Тәжірибелік тест тапсырмаларында зерттелуші көрнекі жоспарда орындайтын тапсырмалар мен жаттығулар болады (мысалы, заттармен ойнау).
Бейнелік тапсырмаларға бейнелер, суреттер, сызбалар, елестері бар жаттығулар енеді. Вербальды түрдегі тесттерге сөзбен әрекет ететін тапсырмалары бар тесттер жатады. Олар мысалға ұғым анықтамасын, түрлі сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстырмалы түрдегі келтіретін тапсырмалар.
Құжатты тесттерде орындалуында зерттелуші тест материалдарын түрлі бланкілер қалпында алады: суреттер, кесте, сызбалар, сұраунамалар.
Аппаратуралық — бұл тест нәтижелерін беру мен өңдеуде түрлі үлгідегі аппаратуралардың қолданылуы (аудио, бейне техника),
Процессуалды — мұның көмегі арқылы кейбір психологиялық немесе тәртіптік үрдіс зерттеуге түседі және де оған нәтижесінде сапалы және сандық сипаттама беріледі (мысалы, индивидтердің өзара қатынас үрдісі).
Жетістік тест топтарына қолдану қорытындысында кейбір қызметтегі адам жетістігі бағаланатын тесттер енеді (мысалы, таным саласында: ақыл өнімділік, ойлау қисыны, көзқарас тұрақтылығы).
Тесттерге қойылатын талаптар:
- Әлеуметтік мәдени бейімділік (түрлі елдерде әртүрлі қолданылуы);
- Құрастырылу қарапайымдылығы мен тест тапсырмаларының бірмәнділігі.
- Тест тапсырмаларын орындауға берілетін уақыттың шектелуі (2 сағаттан көп емес);
- Берілген тестке арналған тест нормаларының сақталуы (берілген тест бойынша орташа көрсеткіш).