Триггер туралы қазақша реферат
Триггер деп, электрондық есептеуіш машиналарында, автоматика мен телемеханиада әртүрлі операциялар орындауға арналған, яғни алынған информация сақтауға /сақтағыш құрылғы/, уақыт датчигі схемасында және цифрлы санауыштарда импульстарды санауға, цифрлы жиілікті бөлгіштерде қолданылатын электрондық ауыстырып қосылғыш құрылғыны немесе аударылып түскіш құрылғыны айтады.
Триггердің екі шығысында басқарушы сигналдардың /Usac/әрекетінен кернеудің бір тұрақталған деңгейінен екінші тұрақталған деңгейге дейін, Uшығ1 және Uшығ2 кернеудің шұғыл өзгерістері пайда болады. Шығыс кернеудің тұрақталған екі деңгейіне сай осы мәндер артты түрде «0» және «1» деп көрсетілген триггердің тепе-теңдігіне екі орнықты күйі сәйкес келеді. t1 – t2 уақыт аралығында Uшығ1 кернеудің нольдік деңгейіне, ал Uшығ2 бірлік деңгейіне сәйкес келеді /мұны триггердің бірінші орнықты тепе-теңдік жағдайы немесе күйі деп аламыз/. Осы жағдайда триггер басқарушы импульс келгенге дейін көп уақыт тұра алады.
Яғни, триггер өзіндегі информацияны сол қалпында сақтап тұрады. T2 – уақыт аралығында триггердің кірісіне басқарушы импульс әрекет еткенде, триггердің екі шығысындағы кернеулер деңгейі қарама-қарсы шамаға өзгереді, яғни триггер аударылып түседі бұл екінші орнықты тепе-теңдік жағдай – t2 – t3 уақыт аралығында өтеді.
Дәл осы тақырып бойынша рефераттар:
1. Зерде элементі триггер. RS-триггер
2. Биполярлық транзисторлардағы триггерлер
3. Цифрлық (логикалық) элементтерден құралған триггерлер
6. Т — триггері