Топырақтың су өткізгіштігін анықтау. Практикалық жұмыс

Мақсаты: Топырақтың су өткізгіштік  қасиетін анықтау жолдарымен танысу, сүзілу коэффициенттерін есептеуді және график арқылы өрнектеуді үйрену.

Қажетті құралдар мен заттар: көздері 2 мм елеуіштен өткізілген топырақтардың 4-5 үлгісі, d=3-4, h=25-30 см 4-5 шыны түтік, 4-5 стақан, әмбебап штатив, дәке, картон, сағат.

1-тапсырма.

Тапсырмаға түсінік: Топырақтың өз бойына суды сіңіру және оны жоғары қабатынан төменгі қабатына өткізу қабілетін топырақтың су өткізгіштігі деп атайды. Су өткізгіштік топырақтың бөлшектеріне, құрылымына, ондағы қарашіріктің мөлшеріне және ылғалдылығына байланысты. Құм және құмайт топырақтардың су өткізгіштігі, саз және саздау топырақтарға қарағанда жоғары болады. Алайда топырақтың ылғал сіңіргіштігі артқан кезде оның су өткізгіштігі төмендейді.

Су өткізгіштік пен ылғалдылық арасындағы сәйкессіздікті жоюға болады. Тығыз әрі көптен жатқан топырақты өңдеу олардың су өткізгіштігін ұлғайтады. Топырақта суға берік түйіршіктердің пайда болуы су өткізгіштіктің артуына мүмкіндік береді және сонымен бірге ылғал сіңіргіштікті жақсартады. Топыраққа органикалық тыңайтқыштар және сортаңға гипс шашу топырақтың су алмасу қасиеттерін жақсартуға әсер етеді.

Жұмыс реті:

  1. 4-5 шыны түтіктің төменгі жағын дәкемен байлап, оларды топырақтың үлгісімен 20 см деңгейге дейін толтыру.
  2. Түтіктердегі топырақтың бетін бірнеше жерден тесілген картон дөңгелектермен жауып, шыны түтіктерді штативке бекіту.
  3. Түтіктердегі топырақтың бетін 5 см деңгейде жауып тұратындай етіп су құйып, судың топырақтың бойынан өтуін қадағалау және түтіктегі 20см топырақ үстінен судың өтуіне кеткен уақытты анықтау. Осы уақыт топырақтың өткізгіштігінің көрсеткіші болып табылады.
  4. Осыдан судың сүзілу коэффициентін анықтаңыздар. Дәкеден өткен алғашқы тамшының пайда болуы сүзілудің алғашқы сәті деп есептеледі.
  5. Сүзілу коэффициентін төменгі өрнек бойынша есептейді:

Кt=

Кt-белгілі температурадағы сүзілу коэффициенті, мм/мин;

Q-әр 10 мин. сайын сүзілген судың мөлшері, см3;

S-түтік табанының ауданы, см2;

Т-уақыт, мин;

10-бір см3, су бағананың мм-не есептеу коэффициенті;

Сүзілу коэффициентін 100С температураға сәйкестеу кестесі:

К10=,мұнда

К10-100C температурадағы сүзілу коэффициенті;

0,7 және 0,03-тәжірибе коэффициенттері;

t0-су өткізгіштікті анықтауға қолданылған судың температурасы;

6.Анықталған нәтижелерді жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар:

Топы-

рақтың үлгілері

 

Уақыт

Су өткіз-

гіштік

коэф-

фици

енті

Әрбір 10мин сайын сүзіл-

ген судың

мөл-

шері

Орташа

1 сағат-

тағы к.мөлшері,

мм.мин.

түтіктерді

суға толтыру-

дың

басы

алғашқы тамшының

пайда

болуы

 

Судың топырақтан

өту мерзімі

             

7. Анықталған көрсеткіштерді график арқылы өрнектеңіздер. Ол үшін ординатаға К10, ал абциссаға — Т мөлшерін кескіндеңіздер