Топырақтың физикалық қасиеттері. Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Топырақтың физикалық қасиеттерін және олардың топы-рақ құнарлылығына тигізетін септігі мен экологиялық маңыздылығын талдау.
Семинар сұрақтары:
1. Топырақтың құрылымы. Топырақтың су қасиеттері.
3. Топырақтың физика — механикалық қасиеттері.
4. Топырақтың қарсылық білдіруі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Топырақтың физикалық қасиеттерімен (суға төзгіш құрылымы, ауа өткіз -гіш кеуектігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны ұстап тұруы, оңай өңдеуге болатын физикалық — механикалық қасиеттері) танысу керек.
Топырақтың физикалық қасиеттерін оқып игеру барысында топырақ құр- лымының сипаттамасына міндетті түрде тоқталу қажет. Себебі тау жыныстары- ның минералдық және гранулометрикалық құрамы топырақтың физикалық қасиеттеріне белгілі дәрежеде ықпал етеді. Топырақ құрылымының ірілі- уақты болуы оның механикалық құрамына, содан кейін онда өсетін өсімдіктердің тамырына байланысты.
Келесі назар аударатын мәселе — топырақ нығыздығы ( топырақ фазасының барлық қатты заттарының интеграцияланған нығыздығы) және топырақтың борпылдақ, қуысты болу қасиеті. Бұл қасиеттер топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Сондықтан да топырақ қуыстарындағы ауа мен судың, жылудың жүруінің топырақтың түзілу үрдісіндегі маңыздылығына ерекше көңіл бөліңіздер.
Екінші сұраққа әзірлікті топырақтың төмендегі су қасиеттерін оқып үйренуден бастау керек.
а) су сиымдылығы;
ә) су өткізгіштігі;
б) су жоғары көтергіштігі;
в) гигроскопиялылығы:
г) буланғыштығы;
д) тоңдануы мен жібуі.
Үшінші сұрақта қарастырылатын топырақтың физика — механикалық қасиеттерін оқу барысында топырақтың жабысқақтығы, топырақтың ісінуі мен отыруы және майысқақтығы сияқты қасиеттеріне міндетті түрде назар тоқтату керек.
Топырақтың қаттылығы оның сыртқы өзгерткіш күшке қарсыласу қабілеті
болып табылады, ал топырақтың өз ортасын қышқыл немесе сілтімен өзгертуге қарсы тұру қасиеті — топырақтың буферлігі (төзімділігі) деп аталады. Бұл қасиеттерді бір-бірінен ажырата білу қажет.
Әдебиеттер:
1. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
2. Герасимов И.П., Глазовская М.А. Основы почвоведения и географии почв. -М., Изд. МГУ, 1980.
3. Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития.- М., Изд. МГУ, 1990.
4. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. -М., 1973.
5. Крупенников И.А. История почвоведения. -М.: Наука. 1981. -328 с
Рефераттар тақырыптары:
1. Топырақ ылғалдылығының өсімдіктер тіршілігіндегі ролі..
2. Топырақтың физикалық қасиеттерінің топырақты мекендейтін тірі ағзаларға әсері.
3. Топырақтың физикалық қасиеттері және оның экологиялық маңызы.