Тіл адамзат дамуымен бірге жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ол түрлі ортада, түрліше өзгеріп жатады. Тілдің қатынаспайтын жері болмайды, тілсіз қоғам болуы да мүмкін емес. Сол қоғамда өмір сүріп отырған әр азамат сөздік қорымыз бен сөздік құрамымыздағы сөздерді барынша орынды пайдалана, сақтай білсе, ана тіліміз жаңарған қалпында көріктене түсетіні сөзсіз.
Н.Уәлиев қазақ тілі мәдениетін сөз еткенде ғылым жетістіктеріне сүйенеді. Өзге тілдің, туыстығы бөтен тілдің сипатымен жасалған, қолданылып жүрген сөздер мен сөз тіркестеріне, оның орфографиясына айрықша тоқталады.
«Қазақ тілі – Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі. Олай болса, бұл тіл мемлекеттің ең негізгі қолданыс құралына айналуға тиіс». Бұл — Ә.Қайдар мен Ө.Айтбайұлының «Тіл майданы» (2000) еңбегінен келтірілген дәйексөз. Ғалымдардың көтеріп отырған мәселесі – мемлекеттік тіл өз мәртебесіне лайық, өз дәрежесінде қолданылып жүр ме, оны шешудің жолдары және ертеңгі жай-күйі деген ойларға саяды.
Әдеби тілдің нормасы жөнінде С.Исаев қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты оқу құралында (1989) «Әдеби тіл – белгілі бір халықтың сұрыпталған, нормаға түскен, баршаға ортақ тілі, сол халықтың қоғамдық мәдени өмірінің құралы мен рухани, әдеби байлығыни жеткізудің көрсеткіші»,-десе, Р.Сыздықова «Сөз сазы» еңбегінде (1989) былай деп жазады: «Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары бар. Бұл – сол тілдің дербес белгісі. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол тілдің табиғатына нұқсан келеді». Тіл мәдениеті мәселесінде көрсетілгендей, бұл заңдылықтар тіл білімінің салаларымен байланыста қарастырылады.
Н.Уәлиев «Сөз мәдениеті» (1984) еңбегінде тіл мәдениетіне лексика тұрғысынан келеді. Кітап «Сөз байлығы», «Сөз тазалығы» т.б. тараулардан тұрады. Ғалымның осы еңбегі Ы.Мамановтың «Тіл мәдениеті» еңбегімен ұқсас.
Ы.Маманов тіл мәдениеті мәселелеріне де байланысты пікір айтты. Ғалым қазақ тіліндегі айтылымы жазылымынан өзгеше айтылатын сөздердің бірсыпырасын жазылуы бойынша да айтуға болады дейді. Кейде «ас салсаң аз сал» дегенді «ас салсаң ас сал» деп ережеге бағынып айтсақ, мағынасы түсініксіз болып шығатынын айтады. Біз бұл жерде орфоэпиялық ережеге қарсы пікір білдірмейміз, Ы.Мамановтың пікірін де жоққа шығармаймыз. Өйткені әртүрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінің мүмкіншілігі шектеулі болғандықтан, үндестік заңының ережелері толық ескерілмейді де, студенттер сөздерді жазылу нормасына сай оқиды, айтады. Бұл арада Ы.Мамановтың пікірі орынды деп санаймыз.
Профессор М.Балақаев сөз мәдениетінің теориялық негізін тілдік нормаман ұштастырады.Әдеби тіл нормасы тіл жүйесінің деңгейлерімен сәйкес келеді. Тіл мәдениеті мәселесінде белгілі бір грамматикалық тәсілді нормаға лайық немесе жат деу үшін «ол тілдік жүйенің кодификацияланған моделіне сәйкес пе, сәйкес емес пе – соны анықтап алу қажет». Яғни, қазіргі қазақ тілі грамматикасында әдеби тіл нормасы ретінде берілген сөз формалары ғана кодификацияланған норма деп танылады.
қорытынды жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ой-тұжырымдары айтылды. Ғалымның еңбегінде айтылған тың тұжырымдары қазірге дейін басы ашылмай келе жатқан кейбір тілдік фактілерді талдап түсіндіруге байланысты пікірлері, бүгінгі күні зерттеліп жатқан жаңа бағыттағы ғылыми мәселелердің ғалым еңбектерімен байланысын көрсетеді.
Ы.Е.Мамановтың тіл білімінің морфология саласына қосқан үлесін саралай зерттеу оның ғалымдық тұлғасын танытып, ғылыми танымын тереңірек ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ғалымның лингвистикалық көзқарасының қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздерін ашып көрсету, мүмкіндігінше, жан-жақты талдау жасау бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеп, табиғатын ашып көрсетуге жол ашады. Болашақта осы зерттеу еңбек жаңа ғылыми ізденістердің тууына себепкер болады деген сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері.- Алматы, 1973. – 89 б.
2 Маманов Ы.Е. Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1991, №7. -17-19 б.
3 Гвоздев А.Н. Современный русский язык. Часть 1, 1961. – 118.
4 Виноградов В.В. Русский язык. 1944. – стр. 25.
5 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998. – 303 б.
6 Жаңабекова А.Ә. Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері. Канд. дисс. – Алматы, 2001.-160 б.
7 Маманов Ы. Қазақ тіліндегі көптік форма // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2-шығуы. – Алматы, 1973.-31-36 б.
8 Омарова А. Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі. Ф.ғ.док.дисс. – Алматы, 2006.-281 б.
9 Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967. – 264 б.
10 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің құрылымына статистико-лингвистикалық талдау. КД, 1973. – 242 б.
11 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
12 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
13 Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 б.
14 Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. – Ленинград, 1983. – 208 с.
15 Түймебаев Ж. Өткен шақ формаларының транспозициясы // Қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы. – Алматы, 1983.-94-101 б.
Әдебиеттер:
1 Ы.Мамановтың етістік түбірінің семантикалық, грамматикалық өзгеруі туралы көзқарасы // Оқытушылардың, аспиранттардың және ізденушілердің ғылыми мақалаларының жинағы, 4-шығуы, Алматы, 1999 жыл, 82-85 б.
2 Қ.Жұбанов пен Ы.Маманов еңбектеріндегі қалып етістіктерінің көрінісі // Қ.Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 1999 жыл, 202-209 б.
3 Профессор Ы.Е.Маманов шырай категориясы туралы // Тілтаным. №3, 2002, 88-95 б.
4 Қос қызметті аффикстер // Тілтаным. №1, 2003, 123-131 б.
5 Қазақ тіліндегі шақ категориясы және оны зерттеудегі Ы.Е.Мамановтың үлесі // ҚР ҰҒА Хабарлары, филология сериясы, №3, 74-80 б.
6 Ы.Е.Маманов көптік форма туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті. №7, 2004. 97-99 б.
7 Сөздің грамматикалық құрылымы // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы, филология сериясы, №10(82), 2004, 142-144 б.
8 Нольдік форма және оның белгілілік-белгісіздік категориясына қатысы // «Современная технология и практика преподавания языка и литературы». – Алматы, 2005, 325-333 б.
9 Студенттердің техникалық терминдерді аударуға байланысты тіл мәдениеті мәселелері // «Көлік-коммуникация кешеніндегі техникалық терминдердің қазіргі жағдайы және аударма мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2005, 62-69 б.