Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.
Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығару қарауды жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК-нің 221-бабы).
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеулік қарауды тергеулік тексеру деп берген. ТЕксеру тергеулік қараудың мазмұнын толық аша алмайды, ол тек бақылау, зерттеу сияқты тергеулік қараудың тәсілдері қатарына жататындықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі тексеру деген сөзді қарау, яғни тергеулік қарау деп түсіну керек.
Тергеулік қарау қылмыстық іс үшін маңызы бар обьектілерді, олардың белгілерін, сипаттарын, жағдайларын және өзара орналасуын анықтау мен тексеруден тұрады.
Тергеулік қарау — өз алдына жеке тергеу әрекекті, басқа тергеу әрекеттерімен, мысалға тергеу эксперименті, тінту сияқты әрекеттермен ұқсас жерлері бола тұра, тергеулік қараудың өзінің проссуалдық жағдайы бойынша да және жүргізу тактикасы бойынша да түпкиілді айырмашылығы бар, тергеуші қарау кезінде өзінің сезім мүшелері арқылы дәлелдемеліік фактілердің болғандығына және сипатына тікелей көз жеткізеді. Көптеген тергеу әрекеттері сияқты, тергеулік қарау танымдық әрекет болып әртүрлі танымдық тәсілдер арқылы жүргізіледі. Қарау – тек қана бақылау емес, сонымен қатар әртүрлі өлшеулер мен есептеулерді жүргізу бақыланатын обьектілерді өзімен және басқа да обьектілермен, құбылыстармен таныстыру және зерттелетін обьектілермен белгілі-бірдеңгейде тәжірибе жүргізу, және де тергеушінің және басқа да қатысушылардың тапқандары мен анықтағандарын баяндап жазу және басқа да тәсілдер мен бекіту. Тергеуліғк қарауда криминалистиканың арнайы тәсілдері кеңінен қолданылады, әсіресе іздері мен және де басқа дәлелдемелік заттармен жұмыс істеудің техника-криминалистикалық тәсілдері кең пайдаланылады. Қарау кезінде материалдық әлемнің обьектілері мен құбылыстарының сенімділік танымы логикалық ойлауымен, қараланып жатқанды бағалаумен, талдаумен ұштасады, басқаша айтқанда қараланып жатқан обьектілерді бақылау нәтижелері тергелініп жатқан оқиғаға немесе іс бойынша жиналған басқа да деректер мен байланысын анықтау мақсатында логикалық өңдеуден өткізіледі. Сондықтан, қарау кезінде тек қана танымның сезімділік нышанымен ғана байланысты деп ойлау қате, бірақта ол осы тергеу әрекетінде маңызды рөл атқарады.
Тергеу қарауының мақсаты – іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмыстарды тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.
Заттай дәлелдемелер – бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің обьектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық «тілсіз» куәгерлер деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қарайсыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгенінен байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған обьектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.
Тергеу барысында тергеулік қараудың маңызы өте зор. Қарау кезінде қылмыстың, қылмыскерлердің іздерінің жәнге басқа да дәлелдемелік заттардың елеулі бөлігі табылып, зерттеледі. Қарау нәтижелелі, әсіресе қараудың түрі ретінде оқиға болған жерді қарау тергеушіге тергеу бағытын дұрыс анықтауға, тергелініп жатқан оқиға механизімін қайта құра алуға, қылмыскерлердің тұлғасын айқындауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда, жүргізілген тергеулік қараудың сапалылығы тергеу барысын анықтап береді. Бірақ та, осы тергеу әрекетінің маңыздылына да қарамастан тергеу тәжірибесі мен криминалистика ғылымының тергелік қараудың тактикасын тағайындауға елеулі түрде бөліп отырған назарына да қарамастан, тергеуді жүргізу барысының жеке жағдайларына қараудың имаңызы мен мүмкіндіктері жеткілікті бағаланбайды. Осынң салдарынан кейде қарау асығыс үстірткі жүргізіледі. Бұл алыдн ала тергеудің сапасын төмендетугеәкеліп соғады, істті жүргізу нәтижесінде қателіктер мен кемшілік пайда болады, ал оның нәтижесінде қылмыс ашылмай қалуы мүмкін. Сол себепті, тергеу мен анықтама органдарының қызметкерлеріне тергелік қарауларды жоғары сапада жүргізу қажеттігі туралы айтылып отырады.
Қарау тергеу әрекеті ретінде тергеушінің тергелініп жатқан оқиға туралы ақпатарттар алудағы маңызды құралы болып табылады. Қарау барысында алынған ақпараттардың дәлелдемелік сипаттары болған жағдайда терглеуші оларды дәлелдеу кезінде пайдаланады.