Тәжірибелік деректердің кесте, сызба, гистограмма, графикалық көріністері

Зерттеу нәтижелерін кесте, сызба, графика,т.б. ретінде ұсынуга болады.

Кестелер сандық және сапалық деректер тобының тігінен және көлденеңінен орналасуын көрсетеді. Кестелер атаулары болуы болмауы мүмкін. Кестелер, егер мәтінде екі-үштен артса, нөмірленеді. Кестелер белгіленген тәртіп бойынша құрастырылып, ресімделеді. Оларда ескертпелер болуы мүмкін. Кестелердің графикаланған атаулары бар жалпы және жеке тақырыптары болады.

Жазықтықтағы график екі ауыспалы арасындағы кіріптарлықты бейнелейтін кейбір сызықтарды көрсетеді, ал кеңістіктегі график — бұл үш ауыспалы арасындағы кіріптарлық.

Графикалар бөлек нүктелер арқылы немесе үздіксіз сызықты көрсетумен бейнеленеді. Графикалар зерттеу нәтижелерін топтасқан және көрнекі түрде көрсете алады, олар кестелерге қарағанда көп әсер қалдырады. Жақсы ойластырылған графикалар көмегі арқылы құбылыстар заңдылықтарын жақсырақ бейнелеуге болады.

Сызбалы графика негізінде кейбір өлшем санындағы өзгерістер беріледі.

Графикалық бейнелеудің тәжірибелік нәтижелерін анықтауда гистограммалар айрықша орын алады. Бұл бағаналы диаграммалар, тігінен орналасқан тікбұрыштардан тұрады, негіздері бір сызықта орналасуы тиіс. Олардың биіктігі зерттелушінің кез келген қасиетінің даму деңгейін, сатысын көрсетеді. Сапалың жиілігін көрсететін сандар гистограмма бағандары ішінде немесе оның үстінде белгіленуі мүмкін. Кейде көрнекілік үшін, егер гистограмма үш өлшемдік кеңістікті бейнелесе, оны көлемді қылып суреттейді.

Секторлы диаграмма кейбір жиынтықты көбінесе шеңберді бөлшектерге бөлу арқылы бейнелеу.

—     кіріспе — 5-6 бет;

—     корытынды -2-3 бет;

—     тұжырым — 5-6 бет;

—     пайдаланылған әдебиеттер тізімі — 4-5 бет. Жұмыстың ең көп бөлімі негізгі бөлімге беріледі. Дипломдық жұмысты орындау кезеңдері: Студент ғылыми жетекшісімен бірге отырып мынадай әселелерді нақтылайды:

—     тақырып бойынша зерттеу мәселелерін анықтайды;

—     зерттеу жоспарын құрады;

—     зерттеу кезеңдерінің ретпен орындалуын көрсетеді;

—     әдебиет деректерімен жүйелі жұмыс істейді;

—     қажетті материалдарды жинаумен айналысады;

—      атқарған жұмысы туралы ғылыми жетекшісіне айтып отырады және қажетті кеңестерін алады;

—      белгіленген уақытында ғылыми жетекшісіне және қажет кезіне кафедраға есеп береді.